Суда еритіндер Майда еритіндер



Витаминдер
Дайындаған:Химия-201 топ студенті
Жолдасқалиева Әсем

Жоспары:
Витаминдер туралы жалпы түсінік
Олардың маңызы
Витаминдердің топтары мен түрлері
Майда еритін витаминдер
Суда еритін витаминдер

Витаминдер
Дәрумен - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta - тіршілік және амин) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Бұл жиынды химиялық табиғаты бойынша органикада біріктіріледі, олардың ортақ қасиеті гетеротрофтылармен азық түрінде тұтынатынында. Автотрофты ағзалар да дәруменге мұқтаж болып келеді, дегенмен олар дәруменді синтез жолымен не тікелей қоршаған ортадан алады.
Дәрумендерді зерттейтін ілім витаминология деп аталады.

итаминдердің маңызы
Витаминдер - ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық - түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминді алып отырады. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі.

витаминдер
физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай
Суда еритіндер
Майда еритіндер

Майда еритін витаминдер
А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі.

К дәрумені - ағзаға қажетті құнарлы зат. Ол сүйектерді қатайтады, кальций және басқа да "құрылыс материалдарының" өндірілуіне ықпал етеді. Сондай-ақ К дәрумені - қанның ұю процесін бақылайтын маңызды элемент. Оның екі түрі бар: К1 және К2. Оның біріншісі өсімдік өнімдерінде болса, екіншісі жануар өнімдерінде болады.
Бұл дәруменнің ағзаға қандай пайдасы бар?
- Жүрек ауруларының алдын алады. Кальций сүйектерге қажет болғанмен, қан тамырларына зиян. К2 дәрумені кальцийдің күретамырға жиналып қалуын болдырмайды.
Тіс саулығын арттырады. Остеокальцин ақуызы - тісті тісжегіден және басқа да зақымдардан қорғайтын басты зат. Ал ол ағзада тек К дәруменімен бірге іске қосылады.
- Сүйектерді қатайтады. Уақыт өте сүйектер өзінің бейорганикалық заттарының бір бөлігін жоғалтып, әлсіз бола түседі. Егер К дәрумені жеткілікті мөлшерде болса, ағза кальцийді белсенді түрде синтездейді. Сондықтан сүйектер қатайып, сыну қаупі азаяды.

Е витамині (токоферол) ағзаның зат алмасу үдерісіне және көбеюіне әсер етеді. Бұл витамин жетіспеген жағдайда әйел бедеулікке ұшырауы мүмкін, кейде қаңқаның бұлшықеттері қатая бастайды. Е витамині көкөністерде, астық тұқымдастардың дәнінде, өсімдік майында және жұмыртқада кездеседі.

D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол.

Суда еритін витаминдер
С дәрумені (аскорбин қышқылы) . Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz