Соттың үкімі




Презентация қосу
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ЗАҢ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА» КАФЕДРАСЫ

Презентаци
шарттары я
Тақырып:Басты сот талқылауының жалпы

Орындаған: Абдулла Н.А
Тобы: ЮМ-17-1K9
Қабылдаған: Байтанова А.С

Contoso 1
S u i t e s
Вставьте или перетащите свое фото

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Соттың үкімі
2.Запастағы судья
3. Сотталушының басты сот талқылауына қатысуы
Қорытынды

Contoso 2
S u i t e s
Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы

Сот талқылауында iс бойынша барлық дәлелдемелер тiкелей зерттелуге
жатады. Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінде
көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының, жәбiрленушiнiң,
куәлардың айғақтарын тыңдауға, сарапшылардың қорытындыларын
жария етуге және зерттеуге, заттай дәлелдемелердi қарап-тексеруге,
хаттамалар мен өзге де құжаттарды жария етуге, дәлелдемелердi зерттеу
бойынша басқа да сот әрекеттерiн жүргiзуге тиiс.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзу кезiнде берiлген айғақтарды
жария ету тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік
кодексінде көзделген айрықша жағдайларда ғана мүмкiн болады.
Соттың үкiмi – тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге, ал сот
тергеуiнiң қысқартылған тәртібінде – тергеу мен анықтауды жүргiзу
кезiнде алынған және сотта тараптар дауласпаған дәлелдемелерге ғана
негiзделуi мүмкін. Iстi тек бiр ғана сол судья қарауға тиiс
.

Судьяның сот талқылауына қатысуды жалғастыруына мүмкiндік болмаған кезде
ол басқа судьямен алмастырылады, ал iстi талқылау, Қазақстан Республикасы
Қылмыстық процестік кодексінің 333-бабында көзделген жағдайларды
қоспағанда, басынан қайта басталады.
Contoso 4
S u i t e s
Запастағы судья
1. Талқылау үшiн ұзақ уақытты қажет ететiн iстi қарау кезiнде
запастағы судья тағайындалуы мүмкiн.
2. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы
ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешiм
қабылдаған кезден бастап қатысады және судья шығып қалған
жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте iстi талқылау жалғастырыла
бередi. Запастағы судья алдыңғы судья шығып қалған кезден бастап
судьяның құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның
орнына кiрген запастағы судья кез келген сот әрекеттерiн қайта
бастауды талап етуге құқылы.

Contoso 5
S u i t e s
Басты сот талқылауында төрағалық етушiнiң өкiлеттiктері
1. Басты сот талқылауында істі қарау тапсырылған судья төрағалық етеді.
2. Төрағалық етушi сот отырысына басшылық етеді, сот төрелігінің мүддесiнде
объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының
теңдiгiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік
кодексіне көзделген барлық шараларды қолданады, iстiң мән-жайларын объективті
және толық зерттеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды. Төрағалық етушi сондай-ақ
сот отырысы тәртiптемесінiң сақталуын қамтамасыз етедi, сот талқылауының
барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен мiндеттерiн және оларды жүзеге
асыру тәртiбiн түсiндiредi. Сот талқылауына қатысатын адамдардың бiрi төрағалық
етушiнiң әрекеттерiне қарсылық бiлдiрген жағдайда, бұл қарсылықтар сот
отырысының хаттамасына енгiзiледi.

Contoso 6
S u i t e s
Сотталушының басты сот талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауы, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген
жағдайларды қоспағанда, сотталушының мiндеттi түрде қатысуымен
өтедi. Сотталушы келмеген кезде iс кейiнге қалдырылуға тиiс. Сот
дәлелдi себептерсiз келмеген сотталушыны күштеп әкелуге, сол сияқты
оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы.
2. Істі сотталушының қатысуынсыз талқылауға:
1) қылмыстық терiс қылық не онша ауыр емес және ауырлығы орташа
қылмыс жасады деп сотталушы, айыпталушы iстi өзінің қатысуынсыз
қарау туралы өтiнiшхат берген;
2) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған және
сотқа келуден жалтарған;
3) күзетпен ұсталып отырған сотталушы сот отырысына келуден және
қатысудан бас тартқан жағдайларда ғана жол берiлуi мүмкiн.

Contoso 7
S u i t e s
Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы
1. Сотталушының қорғаушысы басты сот талқылауына Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік
кодексінің 67-бабында көзделген жағдайларда, сондай-ақ сотталушының, олардың заңды өкілдерінің,
сондай-ақ сотталушының тапсырмасы немесе келісімі бойынша өзге адамдардың шақыруы бойынша
қатысады.
2. Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында алмастыру мүмкiн болмаған кезде iстi талқылау
кейiнге қалдырылады. Сот отырысына келмеген қорғаушыны алмастыруға сотталушының келiсiмімен ғана
жол берiледi. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы бес тәулік iшiнде мүмкiн болмаса, сот
Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 68-бабына сәйкес, басты сот талқылауын
кейiнге қалдыра отырып, сотталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан кезде жаңа
қорғаушыны тағайындайды.
Сотталушы қорғаушыдан бас тартқан кезде, сот қорғаушыдан бас тартуды қабылдау не қабылдамау
туралы қаулы шығарады.
3. Iске жаңадан кiрiскен қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу үшiн қажеттi уақыт берiледi.
Ол өзi iске кiрiскенге дейiнгі сот талқылауында жасалған кез келген әрекеттi қайталау туралы өтiнiшхат
жасауға құқылы.
4. Сотталушының қорғаушысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 122-
бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жиналған заң көмегін көрсету үшін қажет нәрселерді,
құжаттар мен мәліметтерді ұсынады, басқа дәлелдемелерді зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi
және оның дәлелденгендiгi жөнiнде, сотталушының жауаптылығын жеңiлдететiн немесе оны ақтайтын
мән-жайлар, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша8
Contoso
өзiнiң пiкiрiн баяндайды. S u i t e s
Жәбiрленушiнiң басты сот талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауы жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
2. Жәбiрленушi келмеген жағдайда сот iстi талқылау немесе оны талқылауды жәбiрленушi
болмағанда iстiң барлық мән-жайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды
мүдделерiн қорғаудың мүмкiн болуы-болмауына қарай кейiнге қалдыру туралы мәселенi шешедi.
Егер сот отырысына жәбiрленушiнiң өкiлi келсе, сот бұл мәселенi өкiлдiң пiкiрiн ескере отырып
шешедi.
3. Жәбiрленушiнiң өтiнiшхаты бойынша сот оны айғақтар беру үшiн белгiлi бір уақытта келуге
мiндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады.
4. Жекеше айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң сот отырысына дәлелді себептерсіз келмеуi iстi
тоқтатуға әкеп соғады, алайда сотталушының өтiнiшхаты бойынша iс мәнi бойынша жәбiрленушiнiң
қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.

Contoso 9
S u i t e s
Жекеше айыптау iстерiн қоспағанда, прокурордың мемлекеттiк айыптаушы ретiнде бас сот талқылауына қатысуы мiндеттi.
2. Күрделi және көп эпизодты iстер бойынша мемлекеттiк айыптауды бiрнеше прокурор қолдауы мүмкiн.
3. Егер сот талқылауы кезiнде прокурордың одан әрi қатысуға мүмкiндігі жоқтығы анықталса, ол алмастырылуы мүмкiн. Iске
жаңа прокурордың кiрiсуi осы уақытқа дейiн сотта жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды, бiрақ прокурордың
өтiнiшхаты бойынша сот оған iстiң материалдарымен танысу үшiн уақыт бере алады.
4. Прокурор дәлелдемелердi ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi бойынша, сондай-ақ сот
талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және
сотталушыға жаза тағайындау туралы ұсыныс айтады.
5. Прокурор, егер азаматтардың құқықтарын, мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделердi қорғау осыны талап етсе, iс бойынша
азаматтық талап қояды немесе қойылған азаматтық талапты қолдайды.
6. Прокурор айыптауды қолдай отырып, заң талаптарын және iстiң барлық мән-жайларының қаралу нәтижелерiне негiзделген
өзiнiң iшкi сенімін басшылыққа алады. Прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау
таппады деген түйінге келсе, айыптаудан (толық немесе iшiнара) бас тартуға мiндеттi. Сот тергеуi немесе сот жарыссөзi кезiнде
мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тартуына жол беріледi.
7. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбiрленушi де бас тартса, сот өз қаулысымен iстi
тоқтатады. Егер жәбiрленушi айыптауды талап етсе, сот талқылауды жалғастырып, істі жалпы тәртiппен шешедi. Бұл жағдайда
прокурор процеске одан әрi қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбiрленушiнiң өзi немесе өкiлi арқылы қолдайды.
Жәбiрленушiнiң өтiнiшхаты бойынша сот оған өкiл шақыру үшiн уақыт беруге тиiс. Прокурор мен жекеше айыптаушы
айыптаудан iшiнара бас тартқан кезде сот істі айыптаушы тараптың айыптаудан бас тартқан бөлiгiнде тоқтатады, іс айыптаудың
қалған бөлiгiнде жалпы тәртiппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды табанды
түрде қорғамаса, сот iстi жаңа айыптау бойынша қарайды.
8. Осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурор сотталушымен процестік келісім жасасуға құқылы. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 68-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде прокурор қылмыстық істі тоқтату
туралы өтінішхат беруге құқылы.
Азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң басты сот
талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауына азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе
олардың өкiлдерi қатысады.
2. Азаматтық талапкер немесе оның өкiлi сотқа келмеген кезде азаматтық талап
қою қараусыз қалдырылуы мүмкiн. Азаматтық талапкердің азаматтық сот iсiн
жүргiзу тәртiбiмен талап қою құқығы сақталады.
3. Сот азаматтық талапкердің немесе оның өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша
азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердің қатысуынсыз қарауға құқылы.
4. Егер сот қажет деп тапса немесе егер талап қоюды прокурор қолдаса, сот
азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердің немесе оның өкiлiнiң келу-
келмеуiне қарамастан қарайды.

Contoso
S u i t e s

Ұқсас жұмыстар
Сотта мемлекеттің мүддесін қорғау
ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ҰҒЫМЫ
Ата - анасының сырқаттылығы
Аралық сот шешімін орындау
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы
Жаза тағайындаудың тәртібі мен ерекшеліктері
Адамдарға сот тағайындайтын мәжбүрлеу шаралары
Жаза тағайындау
ТАҚЫРЫП ШЕТ ЕЛДІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Сотталған әскери қызметкерлерге қолданатын жазалардың атқарылу тәртібі мен шарттары
Пәндер