Газ хроматографиясы



Газ хроматографиясы
Орындаған: Химия-21 топ студенттері Жолдасқалиева. Ә ; Мұхамбеталиева. Б
Тексерген: Галимова. Н. Ж

Жоспары
Хроматография дегеніміз не?
Газ хроматографиясы
Газ хроматографиясының схемасы
Қозғалмайтын қатты, сұйық фазалар
Газдық хроматографтар

Хроматография - газ, бу, сұйық немесе еріген заттар қоспасын сорбциялық әдістермен бөлу. Хроматография сорбциум процестерге негізделген, ол газдардың немесе сұйықтардың, кеуекті сорбциум орта (сорбенттер) арқылы өтетін сұйықтардың салыстырмалы қозғалысына бағытталған жағдайда жүзеге асады. Хроматография аналитикалық химияда, органикалық және бейорганикалық қосылыстарды талдауда, заттарды бөлу және тазарту үшін химиялық технологияда, қоспалардың құрамын білуге кеңінен қолданылады.

Газ хроматографиясы талданатын қоспаның әр түрлі құрамдас бөлігін бөліп, анықтауда жиі қолданылып, кең таралған әдіс. Бұл әдіс қоспаның құрамын өте тез әрі оңай анықтап, талдауға, тіпті әрбір құрамдас бөлікті сан әрі сала тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Қоспа құрамындағы бөлікке қойылатын басты талаптың бірі - олардың газ күйіне ауысу кезіндегі температура әсеріне төзімділігі.
Газ хроматографиясын қозғалатын фаза ретінде гелий, сутек сияқты тасымалдауышты пайдаланады.


Газ хромотографиясының схемасы

Қозғалыссыз қатты фазалар
Газ адсорбциялық хроматографиясында (немесе газ қатты фазада) қатты материал қозғалыссыз фаза міндетін атқарады: түйіршіктелген силикагель, алюминий тотығы, көмір ұнтағы (активтелген), молекулалық сүзгіштер. Алюминий тотығы, силикагель және көмір сияқтылардың адсорбциялық сипаттамасы оларды әзірлейтін шикізаттың қасиетіне өңдеу, дайындау тәсіліне байланысты. Активтелген көмір нығайған қуыс құрылымды полюссіз сорбент болғандықтан, көмірсутектерді ароматтық қосылыстарды, спирттерді, эфирлерді және басқа да органикалық қосылыстарды өзіне таңдап тартып, сіңіреді.
Қозғалыссыз сұйық фазаларды қатты төсенішке жұқа қабыршақты қабат ретінде ұстатылған ұшпайтын сұйық болып табылады. Мұндай талапқа сәйкес болатын сұйықтардың көптеген түрі белгілі. Бұларды қасиеті және ұшу сиякты белгілі сипаты бойынша таңдап алады. Талданатын қүрамдас бөлік бұл сұйықта ешбір өзгеріссіз еруі керек, онсыз бөлінуге жұмсалатын уақыт жетпей қалады. Қозғалыссыз сұйық фаза материалдарының басым көпшілігі балауыз, каучук немесе шыны сияқты масса болып келеді
Қозғалыссыз сұйық фазалар

Газдық хроматографтар
Газ хроматографиясына арналған приборларды құрылысында бірін-бірі алмастыратын тораптар мен тетіктердің қолданылуы қарастырылған. Мұндай приборлар негізінен дәл және көп бағыттағы зерттеулер үшін пайдаланылады. Мұндайда зерттеуші сан түрлі мәселелерді шешеді. Мысалы, бірін-бірі оңай ауыстыратын бағаналарды пайдаланған кезде, тиімді бағананы тез анықтап, онымен белгісіз қосылысты жедел талдайды. Нақ осылайша жазатын, өлшейтін жабдықтарды да ауыстырады. Соңғы кездегі хроматографтар температураны реттейтін бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Ол бағдарламаларды тікелей қолмен де, ЭЕМ көмегімен де береді. Ондағы өздігінен жазатын жабдық (принтер) бөлек орналасқан.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz