Өсімдіктердің экологиялық топтарының түрлері



Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасудағы ерекшеліктері
СӨЖ №8 (12 апта)
Орындаған: Орманбек А. Топ: И-223-А

Жоспар:
1. Өсімдіктердің экологиялық топтарының түрлері
2. Әртүрлі экологиялық топқа жататын өсімдіктердің су алмасудағы ерекшелігі
3. Өсімдіктердегі транспирация интенсивтігін анықтау
2

Өсімдіктердің экологиялық топтарының түрлері
Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылымды өсімдіктер экологиясы дейді. Өсімдік құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар әртүрлі, олар - ауа, топырақ ылғалдылығы, жарық т. с. с. Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі экологиялық типтерге бөледі.
3

Ылғалға қатысты өсімдіктердің мынадай топтарын ажыратады:
1. Гидрофиттер.
2. Гигрофиттер.
3. Мезофиттер.
4. Ксерофиттер.
4

Су мөлшері жеткілікті топтар
5
Гидрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың оргаңдарының сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, клетка аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.
Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдығы жоғары болатьш жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады. Олардьщ судың булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды. Эпидермисінің клеткаларының қабықшалары жұқа, кутикуласы жұқа, устьица аппараттары жапырақ тақтасының бетіңде бірыңғай орналасқан, клеткалары үлкен, борпылдап бос жатады.
Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, өрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.

6
Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімделушіліктер тән - кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппараттарының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т. б. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр системасын түзеді.

Өсімдіктердің экологиялық топтарының түрлері
Қоршаған ортаның әсеріне байланысты
Өсімдіктерді өсетін субстратқа да экологиялық топтарға бөледі.
Олиготрофтар.
Галофиттер.
Жарыққа қатысты бөлінеді.
Сциофиттер.
Гелиофиттер.
7

Өсімдіктердің экологиялық топтарының түрлері
Өсімдіктің тіршілік формалары немесе биоморфа жергілікті жағдайда ұзағырақ бейімделу нәтижесінде пайда болған өсімдік ормасы ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ұрпаққа беріледі. Өсімдіктердің тіршілік формалары (Раункиер бойынша) .
Финерофиттер.
Хамофиттер.
Гемикриптофиттер.
Криптоффиттер.
Торофиттер.
Өсімдіктердің өсу формасына және вегетативтік мүшелерінің тіршілік мерзімінің ұзақтығына негізделген эколого-морфологиялық жіктелуі бойынша тіршілік формаларын 3 категорияға бөледі.
Ағаш өсімдіктері.
Шөптесін өсімдіктер.
Жартылай ағаш өсімдіктер.
8

9
ӨСІМДІКТЕГІ СУ РЕЖИМІ (АЛМАСУЫ) ФИЗИОЛОГИЯСЫ
ӨСІМДІКТЕР ДЕНЕСІНІҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ (70-85%) СУДАН ТҰРАДЫ. ӨЗІНІҢ ӨТЕ ҒАЖАЙЫПҚАСИЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СУ БАРЛЫҚ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТТЕРІНДЕ НЕГІЗГІ ОРЫН АЛАДЫ.
ӨСІМДІК ҰЛПАЛАРЫНДАҒЫ СУДЫҢ МӨЛШЕРІ ӨТЕ ӨЗГЕРГІШ ЖӘНЕ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛЫП КЕЛЕДІ. ОЛ ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІНЕ, ОРГАНДАРЫНА, МАУСЫМДЫҚ ЖӘНЕ ТӘУЛІКТІК ЖАҒДАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҰДАЙЫ ӨЗГЕРІП ТҰРАДЫ.
МЫСАЛЫ, КСЕРОФИТТЕРГЕ СУДЫҢ БУЛАНУЫН АЗАЙТАТЫН ӘРТҮРЛІ БЕЙІМДЕЛУШІЛІКТЕР ТӘН - КУТИКУЛАСЫ МЕН СЫРТҚЫ ЭПИДЕРМИСІНІҢ ҚАБЫҚШАСЫНЫҢ ҚАЛЫҢ БОЛУЫ, ТҮКТЕРІНІҢ ҚАЛЫҢ БОЛУЫ, УСТЬИЦА АППАРАТТАРЫНЫҢ ОЙЫСТАУ ЖЕРДЕ ОРНАЛАСУЫ, ҰЛПАЛАРЫНЫҢ ҰСАҚ КЛЕТКАЛЫ БОЛЫП КЕЛУІ, КЛЕТКА ҚАБЫҚШАЛАРЫНЫҢ СҮРЕКТЕНУІ, ЖАПЫРАҚТАРЫНЫҢ ШИЫРШЫҚТАЛЫП ҚАЛУЫ, ЖАПЫРАҚТАРЫНЫҢ РЕДУКЦИЯҒА ҰШЫРАУЫ ЖӘНЕ Т. Б.

Өсімдіктердегі транспирация интенсивтігін анықтау
Транспирация (транс. және лат. spіro - дем аламын, дем шығарамын) - өсімдіктің суды буландыруы; күрделі физиологиялық процесс.
10

Сипаттама
Су негізінен жапырақтың бетін қаптап тұратын кутикуладағы лептесіктерінде буланады. Транспирация өсімдіктегі су тасымалының жоғарғы, шеткі қозғаушы күші болып саналады. Себебі судың булануы нәтижесінде жапырақ клеткаларындағы су мөлшері азайып, су потенциалы төмендейді. Ондай клеткалардың су сорғыш күші артып, өткізгіш шоқтар (ксилема) арқылы судың өрлеу ағыны жүзеге асады. Тамырдың су сіңіру қабілеті қалыпты деңгейде сақталады. Транспирация қарқыны сыртқы ортаның температурасы мен ауаның қозғалысына және оның ылғалдылығына тәуелді болады. Температура жоғары, атмосферадағы ауа құрғақ және желді болса Транспирация қарқынды жүреді. Керісінше, атмосфера ылғалдылығы жоғары, температура төмен жағдайда Транспирация қарқыны азаяды. Бірақ тамыр қысымы мен судың бөлінуі нәтижесінде жапырақ ұшында тамшылар пайда болады. Оны гуттация деп атайды. Бұл құбылысты таңертең және кешке ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда байқауға болады.
11

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz