Анализаторлардың ортақ қасиеттері




Презентация қосу
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Талдағыштар физиологиясы.

Орындаған: Орманбек А.
Тексерген: Айтжанова А.Д.
Анализаторлар немесе талдағыштар (көне
грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі
қабылдағыш бөлімдерден
басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі
жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі
ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен
байланыстырып түрған рефлекторлық доганың
сезімтал бөлігі.
Организмде жеті түрлі анализаторлар бар:
1. көру,
2. есту,
3. иіс,
4. тері,
5. қозғалыс,
6. дәм,
7. висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге
қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Талдағыштар үш бөлімнен тұрады:

1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім
(рецепторлар);
2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім;
3) қабылданған сезімге талдау
жасалынатын ми жабынындағы және
қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім.
Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға көру
мүшесі- көз,есту мүшесі- құлақ, дәм сезу
мүшесі- тіл, иіс сезу мүшесі- мұрын ж/ә сипап
сезу мүшесі-тері жатады
Анализаторлардың ортақ қасиеттері. Анализатор
лардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен
қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ,
бәріне бірдей қасиеттері де бар:
1. Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән
тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай
тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус -
теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш
деп атайды. Анализаторлардың рецепторлары
адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.
2. Анализаторлардың рецепторлары
тітіркендіргіштердің күші өзгергенде
тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді.
3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет
атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде,
екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше,
біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің
қызметі күшейеді.
4. Бір анализатортың қызметі бұзылғанда
қалғандары оның қызметін жартылай болса да
өзіне алады. Мұндай жағдайда ауру анализатор
пен сау анализаторлардың ми қыртысындағы нерв
орталықтарының арасында тұрақты нервтік
байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы
іспетті) пайда болады.
5. Анализаторлардың рецепторларының
сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп,
не төмендетуге болады.
Анализаторлар әр түрлі қашықтықта орналасқан
заттардың бейнесін қабылдауына байланысты
оларды екі топқа бөледі: дистантты
(лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім
мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан
заттарды сезу және контактты
(лат. Контактус- түйіскен, жанасқан), яғни сезім
мүшесіне жанасқан затты сезетін анализаторлар.
Түйсік пен жауап әсерлерінің сипатына қарай көру, есту, иіс,
дененің кеңістіктегі қалпы т.с.с. анализаторларға
ажыратылады. Тікелей рецепторлармен жанасатын
тітіркендіруді (дәм, ауырсыну, сипап сезу) қабылдайтын
мүшелерді - жанасу сезім мүшелері деп атайды.
Тітіркендіруді оның шығу көзінен едәуір қашықтықта
қабылдайтын көру, есту, иіс рецепторларының мүшелерін -
дистантты сезім мүшелері деп атайды. Сезім мүшелерінің
рецепторларының қозғыштығы бірдей болмайды. Ол
рецепторалрдың күйіне, Орталық жүйке жүйесінің
қызметіне, рефлекторлық доғадағы нейронның күйіне, адам
жасына, дене құрылысының жетілуіне, психикалық
ұстамдылығынан байланысты. Анализаторларлардың (көру,
есту, қимыл т.б.) қызметінің бұзылуы адамды жартылай
немесе толық мүгедек етеді. Сондықтан анализаторлардың
өзара бірін-бірі алмастыруының маңызы зор. Мысалы, көзі
көрмейтін адамда қалыптан тыс ұлғайған есту және қимыл
анализаторлары белгілі дәрежеде қоршаған дүниені танып
білудегі көру кемістігін толықтырады.
Оларда сипап сезу мүшелері жақсы жетіледі. Мұның өзі
Брайль әдісімен басылған трафаретті кітапты саусақтарының
ұшымен оқуға мүмкіндік береді. Мұнда анализаторлардың
қыртысты аймақтары арасында жойылған қызметін ішінара
толықтыратын уақытша байланыстар түзіледі. Көру
анализаторы көз алмасынан, көру жүйкесінен, қосымша
аппараттардан тұрады. Көз алмасы бас сүйектің алдыңғы
жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз алмасы 3
қабаттан тұрады: сыртқы ақ қабық немесе склера, ортаңғы -
тамырлы қабық, ішкі - торлы қабық. Тамырлы қабықтың
алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Нұрлы қабықтан
кейін екі жағы дөңес мөлдір линза - көз бұршағы орналасқан.
Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырады. Жарық
сәулесін сындыратын орта - нұрлы қабық, көз бұршағы, шыны
тәрізді дене және торлы қабық (ретина) көздің негізін құрайды.
Есту анализаторы орналасуына қарай, атқаратын қызметіне
қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы
құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді,
ортаңғы құлақ ішкі құлақтың қабылдау рецепторларына
береді. Ішкі құлақта есту (кортиев) мүшесімен басқа тепе-
теңдік аппаратында жатады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Көру мүшесі
Көру анализаторы
Дәм сезу анализаторы
Сенсорлық жүйе
Жоғары жүйке әрекеті
Көру түйсігі
Қабылдаудың негізгі қасиеттері
Сезім және басқа сенсорлық түйсік
Түйсік және қабылдау
Қабылдау - ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі
Пәндер