Өсімдіктердің тыныс алуы
Презентация қосу
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ
УНИВЕРСИТЕТІ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
СӨЖ №7 (11апта):
Тыныс алуға сыртқы және ішкі орта
жағдайларының әсері
Орындаған: Орманбек А.
Тексерген:
ЖОСПАР:
1. Өсімдіктердің тыныс алуы
2. Тыныс алу процесінің әртүрлі
деңгейдегі реттелуі
3. Өсімдіктердің тыныс алу интенсивтігін
анықтау
Тыныс алу барлық тірі организімдердің
тіршілігіне тән белгі. Алғаш көптеген ғалымдар
өсімдіктерде арнаулы тыныс алу мүшелері
болмағандықтан, олардың тыныс алу процесін
мүлде теріске шығарады. Алайда, ХIХ
ғасырдың басында Соссюр өсімдіктерде газ
алмасудың қарама-қарсы орналасқан 2 типі
болатынын ашып көрсетті: 1) фотосинтез
процесі барысында СО2сіңіріліп, О2 бөлініп
шығады; 2) тыныс алу процесі барысында О2
сіңіріліп, СО2 бөлініп шығады. Өсімдіктердің
тыныс алатыны осылайша дәлелденеді.
ГАЗ АЛМАСУДЫҢ ҚАРАМА-
ҚАРСЫ 2 ТИПІ
Жалпы алғанда тыныс алу процесін былайша жазуға
болады:
С6Н12О6 + 6 СО2 6 Н2О + 686 ккал/моль
Бұл теңдеуден тыныс алу процесі фотосинтезге қарама-
қарсы процесс екенін көреміз. Егер фотосинтез кезінде
органикалық зат синтезделіп, онда энергия қоры
жиналатын болса, тыныс алу процесінде, керсінше
органикалық зат ыдырап, ондағы энергия босап шығады.
Тыныс алудың мәні осы энергияны қабылдауда ғана емес,
сондай-ақ мұнда көптеген мөлшерде жанама, аралық және
ақырғы өнімдердің түзілуінде. Бұл аталған өнімдер жалпы
зат алмасужағы әр түрлі синтез прцесіне пайдаланылады.
Аралық өнімдер көмірсулар мен ақуыздар, көмірсулар мен
липидтер арасындағы байланыстырушы буын ретінде
қызымет етеді. Сонымен қатар, тыныс алу процесі зат
алмасуындағы орталық буын болып саналады.
Химиялық тұрғыдан алып қарағанда оттегін
қосып алу, сутегін бөліп алу, суды қосып алу
(келесі кезекте одан сутегін бөліп ала отырып),
электронды бөліп алу құбылыстары тотығу
реакциялары болып табылады. Тотығу
реакцияларының бұл барлық түрлері оттегі,
сутегі және электронның жәрдемімен өтеді.
Барлық тірі организмдерде осындай биологиялық
тотығу процестері, аэробты тыныс алу,
спирттік ашу арқылы өтеді. Осы процестердің
алғашқы кезеңдері бірдей немесе өте ұсақ
жолмен өтеді. Бұл кезең гликолиз деп аталады.
Гликолиз кезінде орындалатын реакциялар
жалпы организмнің метаболизміне тығыз
байланысты орындалады. Бұл өте күрделі
құбылыстарды зерттеуге көп жылдар бойы
атақты ғалымдар топтары қатысты. Ағайынды
Бухнерлер, Отто Варбург, Гарден, Ионг,
Густав Эмбден, Отто Мейергоф, Герти және
Карл Кори. Россияда бұл мәселелерді А.Н.
Бах, В.И. Палладин, т.б. зерттеді. Осылардың
еңбектері нәтижесінде тыныс алу
процестерінің химиялық механизміне осы
кездегі көзқарастар қалыптасты.
Өсімдіктердің тыныс алу ерекшеліктері.
Өсімдіктер жануарлар сияқты оттексіз
тіршілігін жояды. Бірақ олар жануарларға
қарағанда оттексіз ұзағырақ тіршілік етуге
қабілетті. Бұл өсімдік ағзасының аз энергия
жұмсауына байланысты. Жануарларға тән ең
көп энергия жұмсалатын үдерістер
өсімдіктерде болмайды. Өсімдіктер
жылжымайды. Табиғи жағдайда өсімдік
ағзасы жасушаларын оттектен айыру өте
қиын.
Өсімдік тынысы-өсімдік органзимінде
органикалық заттардың физиологиялық
тотығу процессі.Тірі организмдер сияқты
өсімдіктерде жасушалары барлық мүшелер
арқылы тыныс алады,бірақ оларда арнаулы
тыныс мүшелері болмайды.Тыныс алу процесі
өсімдіктің өсіп келе жатқан жас мүшелерінде
әсіресе жапырақтарында күшті,ал сабағы мен
тамырында баяу жүреді.Өсімдік тынысынды
температура жоғарлаған сайын күшейеді
де,44-55°C-қа жеткенде тоқтайды.
Совет биохимігіА.Н.Бахтың теориясы бойынша
өсімдіктің тыныс алу кезінде май,көмірсулар,аққуыздың
тотығуы екі сатыда өтеді:
біріншісінде тірі жасушадағы өздігінен тотыға алатын
қосылыстарға ауадан оттек қосылуынан асқын тотықтар
пайда болады,
екіншісінде асқын тотықтардың белсенділеуінен атомдық
оттек бөленеді де,ол қиын тотығатын органикалық
заттарды тотықтырады.
Қазіргі ғылыми түсініктер бойынша тыныс алудың негзгі
тотығу процесі-электорон жоғалтуы.Электрон жоғалту
немесе өзіне электрон қосып алу қабілеті органикалық
қосылыстардың тотығу дәрежесіне байланысты.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz