Иммунды жүйе




Презентация қосу
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ
УНИВЕРСИТЕТІ

Презентация
Тақырыбы: Иммунды жүйе

Орындаған: Орманбек А.
Тексерген: Айтжанова А.Д.
Иммунды жүйе — барлық лимфоидты
организмдер мен организмдегі торшалар
жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс
механизмдеріне жауапты.
Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі
(тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу
және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді.
Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін
әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір
тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық
жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген
лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар
бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
Кемік майы қабырғаларда,
омыртқаларда, жіліктердің шемі
ршекті ұштарында және т. б.
сүйектерде кездеседі. Ол
организмде өмір бойы сақталады
да, одан үнемі қан жасушалары
түзіліп отырады. Ересек
адамның сүйектерінде кемік
майының мөлшері шамамен 2,5-
3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның
біріншісі - қысқа және жалпақ
сүйектердің кемікті
қуыстарындағы қызыл түсті
кемік майы. Екіншісі - түтік
пішінді сүйектердің (жіліктердің)
ішкі қуысындағы сарытүсті
жілік майы.
Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша
бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б.
жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6
бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа
сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп
түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша
бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге
тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға
қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың
маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық
лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.
Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол
жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан
сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10
см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда
қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады.
Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін
жойған эритроциттер жиналады. Иммундық мүшелер
организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және
генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.
Иммундық жүйе организмнің
жұқпалы ауруларға және
табиғи жай заттардың зиянды
әсеріне қарсы тұру
қабілеттілігін қамтамасыз
етеді, қызметті қалпынан
өзгергенде адам ауруларға тез
ұшырайды.
Иммунитет - организмнің
жұқпалы ауруларға қарсы
тұру, бөтен заттарды,
вирустарды, бактерияларды
танып зиянсыздандыру
қасиеті.
Адамда екі түрлі иммунитеті
болады:
іштен туа біткениммунитет
жүре пайда болған иммунитет
Іштен туа біткен иммунитет - бөтен
бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші
қорғаныш реакциялары қалыптасады.
Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың
немесе бөлшектің түріне ерекшелігін
көрсетпейді.
Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі
жасушалары:
макрофагтар,
моноциттер
нейтрофилдер.
Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың
сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды
байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.
Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:
сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы,
интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.
Иммундық жүйенің қызметі:
организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру
қабілеттілігін күшейтеді;
организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;
организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің
түзілуін бақылайды;
ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын
қалыптастырады;
басқа қызметтер атқарады.
Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара
әрекеттеседі.
Иммундық жүйенің қасиеттері:
жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен
микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды
қалыптастырады.
организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру
қабілеттілігі.
Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері
организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына
қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық
аурулар дамиды.
Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен
организм қайта кездескенде иммундық жүйенің
реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары
болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.
Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер
қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде
орналасады.
Иммундық жүйе мүшелері:
орталық иммундық жүйе мүшелері:
тимус (айырша без), сүйек кемігі;
перифериялық иммундық жүйе мүшелері:
көкбауыр,
лимфа түйіндері,
әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа
жиынтықтары.
Иммундық жүйенің жасушалары:
лимфоциттер,
фагоциттер,
базофилдер,
бағана жасушалар,
тромбоциттер,
басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.
Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары
Лимфоциттері
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Иммундыэауаптың - нейроэндокриндіреттелуі
Иммунды алдын алудың құқықтық негіздері. Иммунизацияның кеңейтілген бағдарламасы. ҚР иммунды алдын алуды жүргізудің ерекшеліктері
Індетті аурулардың иммунды ферменттеу анализі
Қанның иммундық функциялары
Қан түзетін ағзалар
Иммундық жүйе жасушалары
ИММУНДЫҚ ЖАСУШАЛАР
Иммундық жауапқа қатысатын иммундық жасушалар
Тірі вакциналар
Иммундық процестердің бұзылуы. Аллергия
Пәндер