Қоршаған орта биотехнологиясы мен қалдықсыз технологиялардың Қазақстандағы дамуы және экологиялық қауіпсіздігі


Slide 1

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Орындаған: Орманбек А.

Тексерген: Кырыкбаева Ш. Т.

ОЖСӨЖ №6(11апта)

Қоршаған орта биотехнологиясы

Slide 2

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Биотехнологияның экологиялық мәселелері;

2. Биотехнология ғылымының Қазақстанда дамуы;

3. Биотехнологиялық өндіріс өкілдерінің сапасын тексеру;

4. Аз қалдықсыз және қалдықсыз технологиялар жасау ;

III Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік; logosғылым) - тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы. Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері. Биотехнология терминін алғаш рет 1919 жылы Венгерлік К. Эрекки тірі организмдерден дайын өнімді бөліп алу жұмыстарын белгілеу үшін қолданған. Биотехнология деп - тірі организмдерді және биологиялық жүйелер мен процестерді адам баласының мақсатына сай өндірісте қолдануды түсіндірді.

Slide 4

Биотехнология термині

Луи Пастер-Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылымының негізін қалаушы француз оқымыстысы Луи Пастер (1822 - 1895) өзінің зерттеулерінін, нәтижесінде табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді. Сөйтіп, ол микробиологияда физиологиялық бағыттың негізін қалады. Осы кезге дейін спирттік ашу процесі және түрлі органикалық қалдықтардың шіруі таза химиялық жолмен жүреді деген пікір үстем болып келді. Әсіресе бұл пікірді қолдаған атақты неміс химигі Ю. Либих еді. Л. Пастер ашу процесінің табиғатын жете зерттей отырып, бүл құбылыстың микроорганизмдер қатысымен жүретінін дәлелдеді. Алғаш рет «биотехнология » терминін 1919 жылы венгр инженері Карл Эрике қолданған. Ол шошқаларды қант қызылшасымен қоректендіру кезінде олардың өнімдерінің жоғарылауын байқаған.

Slide 5

Қоршаған орта биотехнологиясы

Ертеден белгілі қалдықты өңдеуде және ағын суды тазартуда микробиологиялық әдіс кеңінен қолданылуда. Катаболиттік әдіспен жасанды құрылған немесе ертеректен белгілі микроорганизмді қолдану - болашағы. - Қоршаған ортаны бақылау және мониторингке арналған биодатчиктер. Биотехнологияның биологиялық әдістерін қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады. Ластанған суларды микроорганизмдердің көмегімен тазартады. Үлкен қалалардың, өндіріс орындардың шығарған зиянды қалдықтарын тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді.

Slide 6 Slide 7

Ұлттық биотехнология орталығы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Slide 8

Биологиялық әдіспен қалдық суды тазалау

Орталықта жұмыс істеп тұрған Экологиялық биотехнология зертханасы қалдық суларды тазартуға арналған технологияларды әзірлеумен айналысады. Әзірлемелердің арқасында қалдық суларды жағымсыз иістен арылтып, әрі экологиялық нормативтерге сай болатын күйге әкелу мүмкін. Бұдан басқа, деструкциялық белсенділік танытатын заттарды судың құрамынан шығарып тастау бойынша зерттеулер жүріп жатыр. Сондай-ақ зертхана төңірегінде электрохимиялық реакция қалыптастыру үшін арнайы қоректік орта қолдану арқылы қалдық сулар мен лай тұнбадан электр көзінеқол жеткізу жөніндегі жұмыстар ерекше қызығушылық туғызуда.

Slide 9 Slide 10

Қалдықсыз өндіріс

Қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру жүйесінің мәселесі көп қырлы және өте күрделі қоғамдық өндірістің барлық жағын қамтиды. Олардың іске асуы қиыстыру, мамандандыру, аумақтаық кешендендіруді ұйымдастыру, сонымен қатар өндірісті басқару мәселелерінің жаңа ықпалынсыз шешілуі мүмкін емес. Қалдықсыз өндіріс - бұл технологияның жаңа түрі ғана емес, ол жаңа, осы заманғы жүйе, өндірісті ұйымдастырудың сапалы кезеңі. Қалдықсыз өндірісте жинақты үнемділік толық жүзеге асырылады. Біріншіден, осында материалдық ресурстарды пайдаланудағы рационализациялауға аз байланыстағы жекелеген шаралардан ең радикалды әдістерді пайдаға асыруды қамтамасыз ететін ғылыми жүйеге өту, екіншіден, ол ірі кешенді әлеметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.

Slide 11

Микроорганизмдердің кемшіліктері

Істің мәніне назар аударсақ төменде келтірілген жағдайларды зерттеу жұмыстары нәтижесінде қажетсіз қасиеттері бар генотиптердің пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Бұлар:

- Микроорганизмдерге патогендік қасиеті бар, бетен генетикалық материалдарды байқаусызда өндіріп алу.

- Жаңа микроорганизмдерді өздерінің табиғи тіршілік ортасына ендіру.

- Осы жаңа микроорганизмдердің зертханадан жоғалып кетуі.

- Экосистемаға тікелей зиян келтіретін өте қауіпті генетикалық материалды жаңа микроорганизмнің геномынан басқа организм геномына тасымалдау.

Slide 12

Бұндай жағымсыз құбылыстан құтылу жолы - көпшілік жағдайда зертханалық арнаулы қоректік орталарда өсе алатын, әлсізденген штамдармен жұмыс жүргізу. Жоғары сатыдағы трансформацияланған организмдер - өсімдіктер мен жануарларды пайдаланумен байланысты, жұмыс істеуден биотехнология ерекше үміт күтеді. Бұнда да трансгендік өсімдіктерді қадағалап өзінде орын алатын кемшіліктер, едәуір қауіп төндіретінін естен шығармау қажет. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, біздің жүзжылдығымыздың соңында «Болжамдық экология» деген ғылым қалыптасуы тиіс. Ол қоршаған ортадағы трансформацияланған макро- және микроорганизмдердің касиеттерінің бет алысын қадағалап отыруы тиіс. Көп уақыт қаржыны талап ететін болсада биосфераны сақтауда бұл жұмыс өте қажет.

Slide 13

Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар.

Қоршаған ортаға өндірістік орындардың жағымсыз әсер ету проблемаларының радикалды шешімі қалдықсыз немесе аз қалдықты технологияларды қолданғанда ғана мүмкін болады. Жүз пайызды тазалау теориялық тұрғыдан қарағанда мүмкін, бірақ бірақ практикалық тұрғыдан қарастырсақ тазалағыш құрылғылырдың тым үлкендігінің және қаражаттың жетіспеушілігінің салдарынан жүзеге асуы мүмкін. Осыған орай альтернативті шешімдер қарастыру, әсіресе аз қалдықты және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу керек.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар биотехнологиясы: әдістері, қолданылуы және Қазақстандағы дамуы
Жануарлар биотехнологиясы: көбею әдістері, қолдану салалары және Қазақстандағы дамуы
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау: экологиялық мәселелер мен құқықтық қағидалар
Қалдықсыз өндіріс және экологиялық таза өнім: технологиялар, талаптар және мемлекеттік реттеу
Қоршаған ортаны ластанудан қорғау стратегиялары: Қазақстандағы тұрақты даму және Экологиялық кодекстің рөлі
Өмір қауіпсіздігі және қоршаған табиғи ортаны қорғау: экологиялық дағдарыс, демографиялық мәселелер және құқықтық негіздер
Қоршаған ортаны бақылаудың халықаралық ұйымдары және Қазақстандағы экологиялық басқару
Адам экологиялық генетикасы: қоршаған орта факторларының генетикалық әсері мен клиникалық маңызы
Жерді рекультивациялау және ауыл шаруашылығын химияландыру: қоршаған орта қауіпсіздігі мен судың мұнай-органикалық ластануы
Семей ядролық полигонының радиациялық әсері: қоршаған орта мен адам денсаулығына экологиялық-медициналық бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz