Қазақ тіл білімінің атасы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Парцелляцияланға
н сөйлемдердегі
тыныс белгілер
Парцелляция - (франц
.parcelle-бөлшек,
бөлшектену) — стильдік-
экспрессивтік максатта
сөйлемді ерекше интонация
аркылы әдейі жеке
бөлшектерге, фразаларға
бөліп айту.
Парцелляция құбылысы
дегеніміз не?
Парцелляция құбылысы деп сөйлем
ішінде айтылуы тиіс бір сөздің немесе
сөйлем мүшесінің сөйлемнен оқшау, өз
алдына жеке сөйлем ретінде берілуін
айтамыз. Қазақ тіл білімінің атасы
Ахмет Байтұрсынұлы мұндай
құрылымдарды «іргелес сөйлем» деп
атайды.
«Ішкі жақындық-мағына
жақындығынан басқа жақындық
жоқ сөйлемдер іргелес делінеді»,-
деген А.Байтұрсынов
А.Байтұрсынов : «Күн кеш болды. Ат болдырды, ел
көрінбеді. Батыр сасайын деді», - деген мысал келтіреді,
«мысалға алынған сөйлемдер арасында кеш уақытта болған
уақиғаның жайын сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар
деп келіп, бұлар тек ой іргесімен жанасқаны болмаса,
бастарын қосып тұрған басқа еш нарсе жоқ, сондықтан
бұлардың аралары да біріне-бірі қосылмай, ашық-ашық,
үзіліп айтылады. Жазғанда араларына үлкен тыныс белгісі
– нүкте қойылады»
Зерттеуші Ақылбаева Г.И. «Парцелляция
дегеніміз – фразаны (ойды, сөйлемді)
бөлшектеп, соған қатысты бір сөзді не тексті
жеке өз алдына аулақтатып орналастыру» деп
анықтама береді.
Сөйлеу тілінің тәсілі, яғни ауызекі тілде
«
сөйлеушінің өз ой-пікірін жағдайға қарай,
жекелеген сөз, сөз тіркестері ретінде бөлшектеп
жеткізуі» дейді зерттеуші Б.Ж.Исхан.
«Төрт-бес күн бойы алдарқатып жүріп,
кешкі алакеуім, қағаберіс қалтарыста, әп-
сәтте сатып алып, сығымдай бүктеп,
қойныма емес, ышқырыма, ышқырдың
арғы жағына тығып жібердім. Үш құлаш
жібек арқан. Арқан болғанда, кәдімгі,
ашық аулада кір ілетін жуан жіптің бір
үзігі. Тартып көргем. Өткенде»
«Келер мезетте көлеңке жақындай түсті. Мен
аңдап, сақтанып үлгергенше, бауырыма
тығылды. Марат...»
«Балжан жымиған қалпы, көзінің қиығымен
маған қарайды. Содан соң, мойнын оқыс
бұрып, арғы жағына... Онда тағы мен.
Қайтадан бері қарады… Маған…»
Әуелі жуандығы шынашаққа жуық, берік
жібек жібімнің қолға ұстаған басын, бас
бармақ сиятындай ғана ілмек қалдырып, берік
байладым. Содан соң, екінші ұшын іздемей-
ақ, түйін түбінен кері айналдырып, ілмектен
өткізіп, тұзақ шығардым. Дайын. Менен
сұраусыз бөлініп, сүйген жарымды бауырына
басқан, енді ата-бабамның аруағына шәк
келтіріп, бүкіл ескілікті әулетімізге көлеңке
түсірмек сұмырай Жармақтың дар тұзағы
дайын болды».
Әлияның жанары, сол арқылы тұтанған от
суретшінің талай шығармасына сәуле түсергені
анық, өйткені сәтсіз махаббат- адамның бүкіл өмір
жолына созылған күй. Ұмытылмас күй. Сырлы,
назды. Ерке, мұңды. Қайғы әуенінен қуаныш сазы
басым. Сондықтан да көңіл төрінде. Сондықтан да
мәңгілік. (М.Мағауин)
Күй ана боп аңырады. Дала боп уілдеп, жүректен
кан тамшылатты. Қансыратты, талдырды.
(І.Жақанов).
Бұл мысалдарды оқығанда, әрбір оқырман
оның граматикалық формасы мен
семантикалық мағынасына емес, оның
бейнелілігіне, көңілді толқытып, жүректі
тебірентер әсерлілігіне бірінші назар
аударады. Ал бұл бейнелілік, бұл әсерлілік
араларына нүкте қою арқылы бөлшектелген,
яғни парцелляцияланған конструкциялар
арқылы жеткізіліп тұр. Міне, осы жағынан
қарастырғанда, парцелляцияны да
көркемдегіш құрал қатарына жатқызуға әбден
болады.
Сөйлем ішіндегі нүкте мен үтір арасындағы
айырмашылық–паузаның ұзақтығында. Нүктеге
сәйкес келетін пауза кезінде сөйлемдер
арасындағы байланыс әлсірейді де, керісінше
тәуелсіздігі артып, бір-бірінен оқшаулана түседі.
Нүктемен ажыратылған сөйлемдерден гөрі
үтірмен ажыратылған жай сөйлемдердегі
факторлардын өзара алмасуы жеңілірек болады.
Бұл жағдайда бір-біріне тек жанасып тұрып
логикалық байланыста болатын жай сөйлемдерді
күрделі контекстік бірлестік деп атауға болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz