Публицистикалық мақала тақырыпатының ролі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Газет мәтіндерінің
ерекшелігі
Прагматика -
лингвистиканың дербес
саласы.
Н. Паррет оны «тілді қолдану
туралы ғылым» деп атаса, D. Parisi «тілді автордың
қойған мақсаты мен оған жетудің амал-шарттары
тұрғысынан зерттеу» ал В. Мотч «үйлесімділік орын
алған интеракционалды контекстінің түрлі аспектілерін
белгілеуге арналған тілдік құралдарды зерделеу» деп
таныған. Тіл білімінде біршама кең қолданысқа түскен
«прагматика»
терминінің анықтамасы Т. ван Дейкке тиесілі. Ғалым
оны «тілді
мәнмәтінде (контексте) зерттеу» деп атайды.
Публицистикалық мақала
тақырыпатының ролі
Публицистика саласында және жалпы әдебиетте де
жазушылар
баса назар аударатын объект – шығарма атауы. «Кемеге
қандай ат қойсаң – жүзуі де сондай болмақшы» деген
мақал көркемсөз
шеберлерінің өздерінің төл туындыларына атау беру
мәселесіне де қатысты.
Ал журналистика саласына келсек, мұнда
публицистің өз мақаласындағы «тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін» дәл тауып,
оның атауы ретінде ұсынуы одан да маңызды.
Газет мәтіні тақырыптарындағы тыныс белгілер аң алдымен таңбалық
сипаты күшті, бейвербалды болып табылады. Яғни сөзбен жеткізілмеген
мағыналық жүк осы тыныс белгіге артылады.;
Сөзбен эксплицитті түрде айтылған ойдың астарындағы (подтекст)
жасырын мәнді имплицитті түрде тыныс белгілері жеткізеді;
Тыныс белгілердің емле ережелерінде қабылданып, орныққан орнын
ауыстырып, кері позицияда, тіркестіріп құрақбелгілер түрінде қолданудың
газет мақаласында көтерілген проблемаға көпшілік назарын аударту немесе
автордың кесімді пікірін білдіру емес, адресатқа ой тастау, оқырманды алуан
түрлі ойларға жетелеуде мәні зор.
Тыныс белгілердің әсіресе көп нүктенің қолдануындағы түрлендірулер
адресат санасында алуан түрлі ассоциацияларды тудыратыны хақ.
Тыныс белгілерді ереже бойынша дұрыс қою немесе орнын ауыстырып
қолдану, тіпті мүлдем қоланбау журналистің өз шешімі деп танылады.
Газет мәтіні тақырыптарында
қолданылатын тыныс белгілердің
прагматикалық қызметі бірдей емес.
1. Прагматикасы аса күшті тыныс белгілер:
А) 2-3-4-5 белгінің қатар келуі, оларды
құрақбелгі деп атауды жөн
көрдік: ?..;?!;?!. “...?”
Ә) көп нүктенің әртүрлі (тарықырптадың
басында, ортасында, соңында) позицияда
қолданылуы;
Б) Тырнақшынң берілуі;
Көріп отырғанымыздай, уақыт өткен сайын
публицистикалық тақырыпаттардың сыртқы
құрылымдық формасы ғана емес, ішкі
мазмұндық жүйесі де түрленіп, олардың көбі
оқырман назарын
мақалаға аудару қызметіне көбірек бұрылған.
Әсіресе соңғы бағандағы мақала атауларының
түрлі тілдік құралдардың не мағыналық
ойнақылықтың негізінде «мен мұндалап»
тұрғаны көзге бірден түседі.
Бүгінгі таңда қазақ тілді мерзімді басылым беттеріндегі
тақырыпат пен тақырыпша арасындағы байланыс сан
алуан кейіпте
кездеседі. Соның ішінде жиі кездесетіні мыналар:
Мақала атауы оның мазмұнына жақын, жалпы мәлімет
береді,
ал тақырыпша оны одан әрі нақтылай түседі.
Тақырыпшаның мұндай
түрін шартты түрде толықтаушы (толықтауыш)
тақырыпша деп
атаймыз. Мысалы:
Айдар: Руханият
Тақырыпат: Замана өтпес болсайшы, Жидекем өлмес
болсайшы...
Тақырыпша: Жидебай батырдың туғанына – 300 жыл
(ЖА. –
22.08.2013).
Тақырыпат мақала мазмұнынан мүлде
алшақ, екі ойлы,
көбіне-көп шытырман әрі ойнақы болады.
Сондай-ақ семантикалық ауқымы кең
және сөз болатын мәселені бірден түсінуі
қиын ұғымдардан құрылған мақала
атауларын да осы санатқа жатқызуға
болады. Осындайда тақырыпша
оқырманға мақала тақырыбы жайлы
сырды аша түсетіндіктен, тақырыпат
кешенінің мұндай бөлімін түсіндірме
тақырыпша деп атаған жөн.
Н.С. Валгина:«пунктуация барынша ықшам әрі
жинақы мақала тақырыпатының астарында едәуір
мазмұнды және
түсінікті ақпарат жасыра алу қасиетіне ие».
Сөйлем бөлімдерінің арасындағы байланысты
көрсету (үтір,
нүктелі үтір, қос нүкте, сызықша);
Нақты сөздер мен сөз тіркестеріне деген
эмоционалдық
байланысты білдіру (тырнақша, сұрақ және леп
белгісі);
Мәтін бөлімінің түсіп қалғандығын көрсету (көп
нүкте);
Төл сөздер мен дәйексөздерді ажыратып көрсету
(тырнақша);
Сөздерді қысқартуда қолданылатын белгілер
(нүкте).
Тақырыпатта қолданылған тыныс белгілері оған түрлі
«реңк»
береді: эмоционалдық, бұйрық, шарттылық, т.б.
Заманауи публицистикада
тыныс белгілерінің шамамен барлық түрлері белсенді
қолданылады.
Нүкте.
1) Бүгінгі таңда публицистикалық
тақырыпаттың соңында нүкте
қойылмайды. Мұндайда нөлдік позиция орын
алады: «Жер тағдыры –
ел тағдыры»
Бірнеше сөйлемнен құрастырылған күрделі
тақырыпаттарда
осы тыныс белгісін кездестіруге болады: «Путин.
Соғыс»: өтіріктің
құйрығы бір-ақ тұтам»
3) Экспрессивті пунктуациялық амал – парцелляциялық
құрылымдарда да негізгі сөйлем парцелляттан көбіне-көп нүкте
арқылы ажыратылады: «Наурыз мерекесінің қазақ үшін орны да,
жөні
де бөлек. Неге?»
Үтір. Публицистикалық тақырыпаттарда үтір көбіне тілдік
нормаларға сай, «өзіне тиісті жерде» қойылады:
1) Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасында:
«Жүкті нар көтерер, сынды ер көтерер»
2) Қаратпа құрылымы бар тақырыпаттарда: «Қайырлы таң,
хұқықтық республика»
3) Автордың ойын білдіретін қыстырма сөздер (құрылымдар) де
үтір арқылы ажыратылады: «Сонымен, саясат сахнасында –
Путин!» 4) Айтылған ойға жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін
білдіретін оқшау сөздерді бөліп көрсетеді: «Ой-хой, шіркін, орта
тап.
Қазақстандағы орташалар кімдер?»
5) Құрамында бірыңғай мүше бар тақырыпаттарда: «Таза қазақ,
шала қазақ, ада қазақ... мен осылай үш топқа бөлем»
6) Айқындауыш мүшені бөліп көрсетеді: «Бiз, журналистер, не
жазып жүрмiз өзi?!»
• Сұрау белгісі. Публицистикада сұрақ ретінде құрастырылған
тақырыпаттардың әсер етушілік қасиеті жоғары: тілші мақала
атауында оқырманға сұрақ қойып, оның қызығушылығын оятады және
қойған сауалының жауабын мақаланы толық оқығаннан кейін табуға
болатындығына ишара етіп, көздеген мақсатына жетеді.
1) Сұрақ белгісі риторикалық сарындағы публицистикалық
тақырыпаттарда көп кездеседі. Мұндай мақала атаулары көбіне сұрау
есімдіктерінің негізінде: «Балабақшалардағы қазақ топтарының
"қазақшасы" қашан дұрысталады?»
2) Екі зат не құбылыстың бірін таңдау керектігін білдіретін
(бірыңғай мүшелі) альтернативті сұрақтар да осы тыныс белгісімен
ажыратылады: «"Алтын адам" хан ба, әлде ханша ма?»
3) «Сұрақ-жауап» түрінде құрастырылған тақырыпаттар да
кездеседі: «Бақыт қайда? Татулығы жарасқан отбасында»
4) Парцелляциялық құрылымдарда да сұрақ белгісін көп
кездестіруге болады: «Қазағым, қайда барасың? Өз қайығымызды
өзiмiз шайқамайық»
5) Күрделі публицистикалық тақырыпаттарда да бұл тыныс
белгісі жиі ұшырасады. Мұндай тақырыпаттардың ерекшелігі –
бірінші бөлімде тілші оқырманның қызығушылығын оятатын хабар
«айтып», екінші бөлімде оны толықтырып, мағынасын сәл ашады
немесе, керісінше, жаңа реңк беріп, шиеленістіреді де, реципиентті
мақала мәтінін толық оқуға итермелейді: «Жыры бiтпейтiн Шардара
немесе топан су қауiпiнен Сыр елi қашан құтылады?»

Ұқсас жұмыстар
Публицистикалық стильдің жанрлық типтері
Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері
Ауызекі Көркем сөйлеу стилі әдебиет стилі
Мәтіндердің ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық стильдері
Иран - Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет
Стиль түрлері
Стиль және оның түрлері
Публицистикалық стиль
Ғылыми мақалалардың түрлері
Пәндер