ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫ


Slide 1

Биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу, ағын суларды тазалау. Соңғы өнімді модификациялау.

№4 СӨЖ ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған: Орманбек А.

Топ: И-223-А

Slide 2

Тұщы су қоры

Табиғат байлықтарының қымбатты тірлерінің бірі-су. Су тіршілік көзі, сусыз өмір жоқ. Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70, 8% бөлігін алып жатыр.

2

Slide 3

Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0, 1 мг/л-ді құрайды.

3

Slide 4

Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр.

4

Slide 5

Су ресурстарды ластаушы көздер

биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар • химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер • физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын аландатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

5

Slide 6

СУ БАССЕЙНІНІҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ - ТАЗАРТЫЛМАҒАН АҒЫН СУЛАРДЫ ӨЗЕН-КӨЛДЕРГЕ ЖІБЕРУ. БҰҒАН ЖОЛ БЕРЕТІНДЕРІ:

• ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТАР; • ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫ; • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ХИМИЯЛАНДЫРУ: • ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСҚА ДА САЛАЛАРЫ.

АҒЫН СУЛАРҒА ҚҰЙЫЛАТЫН ЛАС СУЛАР ДА БІРНЕШЕ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ. ОЛАРДЫ ҚОСПАЛАР (ЕРІМЕЙТІН, КОЛЛОИДТЫ, ЕРИТІНДЕР), ЛАС СУЛАР (МИНЕРАЛДЫҚ, ОРГАНИКАЛЫҚ, БАКТЕРИАЛДЫҚ, БИОЛОГИЯЛЫҚ) ДЕП ЖІКТЕЙДІ. ЛАС СУЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ТҰРМЫСТЫҚ САРҚЫНДЫ СУЛАРДА ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР 58%, МИНЕРАЛДЫҚ ЗАТТАР 42 ТЕЙ БОЛАДЫ. ӨНЕРКӘСІПТЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН СУЛАР МЕН СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖУАТЫН ЗАТТАРМЕН СУЛАРДЫҢ ЛАСТАНУЫ ӨТЕ ҚАУІПТІ. БҰЛАР -ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ. СОНЫҢ ІШІНДЕ СУЛЫ ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ПЕСТИЦИД, ГЕРБИЦИД ЖӘНЕ БАСҚА ДА ХИМИЯЛЫҚ УЛЫ ПРЕПАРАТТАРМЕН ЛАСТАНУЫ ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢ ЕТЕК АЛҒАН. МӘСЕЛЕН, МАҚТА МЕН КҮРІШ, ЖЕМІС- ЖИДЕК, БАУ-БАҚША, ТЕПЛИЦА (ЖЫЛЫ ЖАЙ) ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ БҰРЫНҒЫ КЕҢЕС ҮКІМЕТІ КЕЗЕҢІНДЕ ӨТЕ КӨП ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАР ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НӘТИЖЕСІНДЕ, СУ ЛАСТАНЫП, ОНЫҢ САПАСЫ МЕН МИКРФЛОРАСЫ ЖӘНЕ МИКРОФАУНАСЫ, ІРІ ХАЙУАНАТТАР, ҚҰСТАР ЗАРДАП ШЕККЕН. ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ЗИЯНДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ АЗЫҚ -ТҮЛІКПЕН АДАМ ОРГАНИЗМІН КЕРІ ӘСЕРІН ТИГІЗДІ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ АШЫҚ ӨЗЕН, КӨЛ СУЛАРЫМЕН ҚАТАР ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ ДА САРҚЫНДЫ, ШАЙЫНДЫ СУЛАРМЕН ЖӘНЕ ЕРІГЕН ЗИЯНДЫ ЗАТТАРМЕН ЛАСТАНЫП ОТЫР.

Slide 7

Ауыз судың сапасын бақылау

Ауыз судың сапасын бақылау үшін зиянды заттардың шектеулі - рұқсат етілген мөлшері бекітілген, 1 литр суда зиянды заттар мына мөлшерден (мг/л) көп болмауы керек.

ДДТ

0, 1

Қорғасын

0, 1

Кадмий

0, 01

Гексохлорен

0, 02

Кольбат

1, 0

Изопрен

0, 05

Метанол

3, 0

Карбофакс

0, 1

Молибден

0, 5

Керасин

0, 1

Мышяк

0, 5

Мұнай

0, 1

Сынап

0, 005

7

Slide 8

Ластанған суды тазалау әдістері

механикалық,

химиялық,

физико-химиялық

биологиялық

Slide 9

Механикалық әдіс

Механикалық әдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп, бір жерге жинап, тұндыру арқылы тазалайды. Бұл әдіс суды ірі дисперсті заттардан тазартудың оңай жолы және тазарту үлгісінің 1-ші сатысы болып табылады. Механикалық әдіс, лас судың құрамындағы күрделі минералды заттарды, ерітілмейтін қоспаларды ұстау үшін қолданылады. Жалпы механикалық әдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің алдында қолданылады. Механикалық әдістерге төмендегідей қондырғылар мен ғимараттар жатады: қабылдау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұндырғыштар.

Slide 10

Тұндырғыштар

Ағынды судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар (алап немесе құйғын) пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ағынды сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ағынды суларды биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады.

10

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның өнеркәсіп географиясы
Голощекиннің Кіші Қазан төңкерісінің бағыты
Аймақтық өнеркәсіп географиясы
Өскемен қаласы
Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы қайшылықтар
ТАУ - КЕН ІСІ КАРЬЕР ЖӘНЕ ШАХТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
Ірі химия өнеркәсіптері
Өзбекстан индустриалды - аграрлы мемлекет
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру
Қазақстандағы мұнай, газ және көмір кен орындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz