Температура әсеріне бейімделу


Slide 1

БӨЖ

Тақырыбы:Терморегуляцияның онтогенетикалық және бейімделу кезеңдері.

Нұр-Сұлтан, 2020

Орындаған :

Факультет:Жалпы медицина

Тобы:136

Қабылдаған:

«Астана Медицина Университеті»КеАҚ

Физиология кафедрасы

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

Терморегуляция.

Бейімделудің түрлері, фазалары және критерийлері.

Ағзаның арнайы емес бейімделіс реакциялары.

Әртүрлі жағдайлаға бейімделіс

Г. Селье бойынша жалпы бейімделу синдромының механизмі.

Кейбір факторларға организдегі арнамалы және бейімделушілік өзгерістер

ІІІ. Қорытынды бөлім

Әдебиеттер

Slide 3

Терморегуляция

Жылу реттеу, терморегуляция (гр. therme - жылу жəне гр. regulo - реттеу) - қоршаған орта температурасының ауытқуына қарамастан адам, сүтқоректілер жəне құстардың дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті. Дене температурасының тұрақтылығы - жылу түзілу жəне жылу шығару жəне олардың өзгеруіне байланысты болады. Жылу реттеу процесіне аралық мидағы (гипоталамус) жылу орталығы, орталық жүйке жүйесінің əр түрлі бөлімдеріндегі жылу сезетін жүйке жасушалары, ішкі органдар мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы жүйке өткізгіш жолдары, эндокринді жəне тері бездері, бұлшықеттер қатысады. Дене қыза бастаса, қан тамырлары кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза салқындай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады. Жылу реттеу нəтижесінде ағзаның температурасы тұрақты болады (мысалы, құстарда 40 - 41, 5˚С, сүтқоректілерде 32 - 39˚С, адамда 36˚С) . Сыртқы ортаның температурасының айтарлықтай ауытқуынан немесе жылу түзілудің жылдам өзгеруінен адам мен жануарлардың жылу температурасы қалыпты жағдайда 0, 2 - 0, 3-тен 1 - 2 С-қа ауытқуы мүмкін.

Slide 4

Денедегі жылудың тұрақтылығын реттеу механизмі адам мен жоғары сатыдағы жануарларда ғана жақсы дамыған. Мысалы, терлеу тек адам мен маймылға, сондай-ақ тақ тұяқты жануарларға ғана тəн. Құстар терлемейді. Жəндік қоректілер, кемірушілер, т. б. аз терлейді. Ал төм. сатыдағы жануарларда (мысалы, бақа, кесіртке) жылу реттеу механизмі дамып жетілмеген. Сондықтан олардың дене температурасы сыртқы орта температурасына тəуелді болады. Адам қалыпты жағдайда жылудың 70%-ін ішкі органдардың қызметінің, ал 30%-ін бұлшық еттердің жиырылуы нəтижесінде алады. Адамның дене қимылы арқылы түзілген жылуы тері арқылы, тыныс Адам ағзаларының температурасының тұрақты болуы өте күрделі биологиялық жəне физикалық алғанда, зəр шығарғанда жəне дефекация кезінде шығарылады. - химиялық үрдістердің терморегуляциясы механизмдерімен байланысты.

Slide 5

Бейімделіс - қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына ағзаның икемделуі. Адамның күнделікті тіршілік жағдайларында ақпараттық түрткілер, мәселен, жалған немесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық хабарлар төтенше ықпал жасайды. Ағза осы жағдайларға бар мүмкіншілігінше өзінің құрылымдық және әрекеттік әсерленістері арқылы бейімделіп отырады. Оның табиғи орталығы әртүрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын акклиматизация деп атайды.

Slide 6

Физиологиялық бейімделіс - әрекеттік жүйе, ағза, ткань белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші механизмдердің, орнықты деңгейін айтады. Бұның мәні ортаның жаңаша жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттердің қайта құруына келіп тіреледі.

Slide 7 Slide 8

Бейімделу реакцияның ұзақтығына байланысты бөлінеді.

Жедел механизмдер.

Ағза функциясы реттелуінің нейрогуморальды және миогенді механизмдер

Ұзақ уақытты механизмдер.

Геоәлеуметтік биоритмдер. Арнайы және арнайы емес резистенттілікке тұрақтылығы.

Тұрақты механизмдер.

Геофизикалық биоритмдер. Тұқым қуалайтын иммунитет. Инфекциядан арнайы емес қорғаныс.

Slide 9

Тұқым қуалауға байланысты бейімделу жіктеледі.

Генотиптік бейімделу - ағзаның туа пайда болған морфофизиологиялық ерекшеліктері мен әртүрлі қоршаған орта жағдайында қолайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін особьтардың болуы.

Фенотиптік бейімделу - қоршаған орта әсерінен жүре болған реакция (мысалы, күшті физикалық жүкке дайын емес адам ағзасының бейімделісі) .

Slide 10

Бейімделіс мерзіміне қарай жіктеледі

.

Қысқа бейімделісті икемделудің “авариялық сатысы” ретінде қарайды.

Бейімделістің бастапқы кезінде, организмнің әсерлігіштігін өсіруге мүмкіндік жасалады.

Ұзақ мерзімді бейімделіс кезінде организмнің икемделу қабілеті, мінездік әсерленісі мен жалпы әрекетін жоғары сапада әсер етеді.

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14

Ағзаның арнайы емес бейімделіс реакциялары.

Адам ағзасының қоршаған ортаның әртүрлі тітіркендіргіш күштеріне бейімделісі нейрогуморальды жүйенің ұйымдасуымен бірнеше ағзаның арнайы емес бейімделісі механизмдерін тудырады.

Симпатоадреналинді

реакция.

Стресс-реакция

Шынықтыру реакциясы

Активация реакциясы.

Slide 15

Симпатоадреналинді реакция ағзаға стрессор әсер еткенде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімін белсендендіретін норадренергиялық нейрондар маңында орналасқан рефлекстік қозу нәтижесінде пайда болады. Адреналиннің әсерінен жұмыс істейтін бұлшықет пен жүректі энергетикалық ресурстармен және оттегімен қамтамасыз етеді. Адреналин гликогеннен глюкозаның, үшглицерид май тканінен бос май қышқылына айналуын, оттегі тасымалдаушы жүйе функциясын белсендендіруін: қан айналу - жүрек соғуының саны мен күшінің артуы; тыныс алу - минутына тыныс алу көлемінің артуы, өкпеде көмірқышқыл газының азаюы; эритрон - қанда оттегі көлемінің артуы, т. б. реттейді.

Slide 16

Стресс реакциясы. «Стресс» термині ағзаның бейімді белсенділігі мен оның стрессор әсер еткендегі жүйесіндегі арнайы емес нейрофизиологиялық көрініспен түсіндіріледі. Стресс кезінде адам ағзасында тек қана бейімделіс өзгерістері ғана туындап қоймай, өмір сүруге қауіпті, тіпті ауруға әкеліп соғатын бұзылыстар туындауы мүмкін. Мысалы, соның бірі конфликт кезінде байқалатын стрестің кең тараған формасы - эмоционалды стресс болып табылады. Эмоционалды стрестің жиі қайталанып отыруы әртүрлі психосоматикалық аурулар -психоз, неврозды; жүрек-қан тамыр - аритмия, миокард инфаркті, гипертониялық ауруларға әкеледі.

Slide 17

Организациондық адаптация

Slide 18

Жұмыскерлер арасындағы бейімделу

Жұмыскерлер арасындағы бейімделу

Slide 19

Социально-психологиялық адаптация

Slide 20

Температура әсеріне бейімделу.

Ағза қоршаған ортаның температура өзгерістеріне әртүрлі бейімделеді. Адам суық жерлерде немесе тоңазытқыштарда жұмыс істегенде, алғашқы кезде оның ағзаның жылу өндіруі тиімсіз, орасан көп, ал жылу шығаруы әлі де жеткіліксіз болады. Кейін жылу өндіру мен жылу шығару процестері теңестіріліп бейімделістің тиянақты кезі қалыптасады.

Slide 21

Ыстыққа бейімделу

Жер шарындағы халықтың тең жартысы табиғи ыссы

жағдайларда өмір сүреді. Ыссы және шөлейт аймақтарда

Оргинизмге жоғары температура, ультракүлгін және

жылу сәулеленісі, құрғақ ауа, шаң

орналасқан жел әсер етеді. Сондықтан

бұл жерлердің тұрғындары радиациялық және

конвекциялық қыздырулардан сақтану үшін тығыз матадан

тігілген киім тігеді.

Ыссы және ылғалды аймақтардың жағымсыз түрткілері

жылу реттелі, қан және

қанайналымы, зат алмасу, имунитет жүйелерінде өзгерістер туғызады.

Slide 22

Суықтыққа бейімделу

Суық аймақтың организмге жағымсыз ісерлері:суықтық температура, ғарыш сәулелерінің қарқындылығы, гемагнит және электр өрісінің толқуы, атмосфералық қысым, гипоксия. Сонымен қатар солтүстіктің жануарлар мен өсімдік әлемінің тапшылығы, ұзақ әлеуметтік оқшаулану, қатаң табиғи жағдайлары адамның бейімділісін қиындатады.

Slide 23 Slide 24 Slide 25 Slide 26 Slide 27 Slide 28 Slide 29

Қорытынды

Бейімделу - организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі. Түз жануарларының ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т. б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі") . Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында - эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік және эволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу, деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі - адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады.


Ұқсас жұмыстар
Ауа райы
Атмосфера жердің ауа қабаты
Ағзалар мен орта қарым-қатнасы
Терморегуляцияның онтогенетикалық және бейімделу механизмдері
Өсімдіктердің экологиялық топтарының түрлері
Бейімделудің физиологиялық негіздері
Суыққа бейімделіс
Әлеуметтік бейімдеу және тұлғалық қолдау технологиясы
Мазасыздық реакциясының кезеңі
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz