Шудан қорғану




Презентация қосу
,
С .
Л , Ы С
І Б
ІР Ы БЫ
,
А
,
Д
А

, А Д Ы Л
А
Н
О
В

У Р АД
И А
А Х
М Т

Ш НФ ТР
С У
И С
: К
Н А

И Ь А М
Ғ :

Л А Н
Д Е
У О
Р
Ы
Н

К
С
Е
Р
Г

Е
Т
ЖОСПАР

1. Шу
2. Шудан қорғану.
3. Діріл
4. Ультрадыбыс
5. Инфрадыбыс
Шу
• Шу – ортаның механикалық тербелісі. Шу деп кез келген
жағымсыз дыбысты немесе оганизмге қолайсыз әсер
көрсететін, жұмыс істеуге және демалуға кедергі жасайтын
түрлі жиіліктегі және қарқындылығы түрлі болатын ретсіз
құралатын дыбыстар жиынтығы. Қалыпты еститін адам
қабылдайтын 16 Гц – 20 кГц жиіліктегі акустикалық
тербелістер дыбыстық, 16 Гц-тен төмен – инфрадыбыс, 20
кГц-тен жоғары – ультрабыс деп аталады. Шудың әесрінен
кәсіптік кереңдік дамиды және организмнің басқа да
жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері
бар.
• Дыбыс толқыны тербелу периодымен, тербелу
жиілігімен және тербелу амплитудасымен
сипатталады. Шуды гигиеналық нормалау
үшін 20 Гц-тен 11000 Гц-ке дейінгі дыбыс
диапазонын пайдаланады. Оған орташа
геометриялық жиіліктері 31,5; 63; 125; 250;
500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц болатын 9
белсенді жолақ кіреді.
• Шу децибелмен (дБ) – дыбыс қысымының
логарифмдік бірліктерімен өлшенеді. 2*10 -5 Па тең
болатын дыбыс қысымына нөл децибел сәйкес
келеді. Стресс факторы ретінде әсер ете отырып шу
орталық жүйке жүйесінің реактивтілігінің өзгеруін
туғазады, соның салдарынан адамның органдары
мен жүйелерін реттеуші функцияларының
бұзылыстары болады. «Шу ауруы» - негізінен есту
органы, орталық жүйке және тамыр жүйелері
зақымдалатын, ұзақ уақыт қарқынды шудың
әсерінен дамитын организмнің жалпы ауруы.
Шулар

кең
тұрақты
жолақты

импульсив
тұрақсыз
ті
• Гигиеналық бағалау үшін жұмыс орнындағы
тұрақты шудың сипаттамасы дБА-мен
көрсетілген шудың деңгейі және орташа
геометриялық жиіліктері 31; 63; 125; 250;
500; 1000; 2000; 4000 и 8000 Гц болатын
октавалық жолақтардағы дыбыс
қысымдарының деңгейлері болып табылады.
Тұрақсыз шудың сипаттамасы дБА-мен
көсретілген шудың деңгейлері, дБА-мен
көсретілген шудың эквивалентті деңгейлері
және дБА-мен көсретілген шудың
максималды деңгейі болып табылады.
Импульсты шудың сипаттамасы дБАS-мен
көсретілген шудың деңгейі, дБА-мен
көсретілген шудың эквивалентті деңгейі
және дБАІ-мен көсретілген шудың
максималды деңгейі болып табылады.
Мұндағы дБАS, дБАI – сәйкесінше, «А»
жиілік коррекциясында және шумомердің
«баяу» және «импульс» уақыт
сипаттамасында өлшенген дыбыс деңгейлері.
ШУДАН ҚОРҒАНУ
• Шудан қорғану құралдары мен әдістері
акустикалық, сәулет-жоспарлау және
ұйымдастыру техникалық болып бөлінеді.
Жеке басты қорғау құралдарына наушниктер,
вкладыштар, шлемдер, каскалар мен
костюмдер жатады.
ДІРІЛ
• Діріл – серпімді байламдары бар ортаның тербеліс
қозғалыстары. Оператор-адамға берілу тәсілі
бойынша жергілікті және жалпы дірілді ажыратады.
Спектр сипаттамасы бойынша тар жолақты және кең
жолақты дірілді, жиілік құрамы бойынша төмен
жиілікті (негізінен 8-16 Гц октавалық жолақтағы
максималды деңгейлер), орташа жиілікті (31,5 және
63 Гц), жоғары жиілікті (125, 250, 500 и 1000 Гц –
жергілікті діріл үшін; жұмыс орындарының дірілі
үшін 1 және 4 Гц, 8 және 16 Гц, 31,5 және 63 Гц)
дірілді ажыратады. Уақыт сипаттамалары бойынша
діріл жылдамдығының өзгерісі 1 мин кем емес
бақылау уақытында 2 еседен аспайтын (6 дБ-ге)
тұрақты дірілді, және, діріл жылдамдығының өзгерісі
1 мин кем емес бақылау уақытында 2 еседен асатын
(6 дБ-ге) тұрақсыз дірілді ажыратыды.
• Тұрақсыз діріл уақыт ішінде тербелетін – үздікті
және импульсытға бөлінеді. Дірілдің көзі –
соққымен әеср ететін аспаптар, соққылы-
айналмалы машиналар, айналмалы әсерлі
механикаландырылған қол машиналары.

• Жалпы діріл транспорттық, транспортты-
технологиялық және технологиялық болып
бөлінеді.

• Діріл организмге әсер еткенде діріл ауруы
пайда болады. Жергілікті діріл әсерінен болатын
тамыр бұзылыстары мен полижүйкелік
симптомдары айқын діріл ауруының маңызы
үлкен.

• Дірілді өлшеуде виброметрлер қолданылады
(ШВК-1, ВМ-1, ВШВ-ООЗ).

• Дірілдің организмге қолайсыз әсерін болдырмау
шараларына техникалық шаралар, тиімдің
жұмыс тәртібін енгізу, жеке басты қорғау
құралдарын қолдану, емдік-алдын алу
шаралары жатады.
УЛЬТРАДЫБЫС
• Ультрадыбыс дегеніміз – жоғары есту
шегі 20кГц-тен асатын, қатты
ортадағы механикалық тербеліс
жиілігі. Ультрадыбыс физико-
химиялық корсеткіштері бойынша
дыбыспен бірдей сипатталады.
Ультрадыбыс көзі – ультрадыбыстық
тербеліс генераторы болып табылады.
Ультрадыбыс бірнеше қасиеттерге ие,
соның ішінде тірі организмге де әсер
етеді. Ол көбінесе бактерицидті әсер
көрсетеді. Вегетативті тамырлық
дистония және астеникалық синдром
– ультрадыбыстың организмге
әсерінің жиі көрінісі болып табылады.
• Ультрадыбысты диапазон төменгі
жиілікті 20-дан 100кГц және
жоғары жиілікті 100-ден 1000мГц-
ке дейін болып бөлінеді. Жоғары
жиілікті ультрадыбыс қысқа
толқынды ұзындықта тәжірибе
жүзінде ауада таралмайды және
жұмысшыларға дене беткейімен
жанасқан жағдайда ғана әсер
етеді. Ультрадыбыстың
нормаланған параметрлері болып
жанасу жолымен таралуы, 0,1-
10мГц жолақ жиілігіндегі діріл
жылдамдығы немесе децибелдегі
логарифмдік деңгейі пиктік мәні
болып табылады.
• Жұмыс аймағында приборлармен істейтін қол
жұмыстарының ультрадыбыспен жанасқандағы ШРЕД-і
110дБ немесе 0,1В/см құрайды. Ультрадыбыстың
жанасулық әсерінің алдын алу автоблокировканың
көмегімен детальдарды жүктеу және түсіру кезінде
тербелісті өшіру арқылы жүзеге асырылады. Жеке
қорғаныс заттары – шуға қарсы, екі қабатты қолғаптар
(сырты-резина, іші-қағазмақта). Еңбек және демалыс
режимін сақтау керек. Оған ультракүлгін сәулелері, су
процедуралары, массаж қолданылады.
• Инфрадыбыс – жиілігі 20Гц-тен төмен
акустикалық тербеліс. Организмге
әсері – астенизация, қолайсыз
сезімдер тудырады, организмнің
функционалдық жүйесінің жағдайын
өзгертеді. Инфрадыбыс кең жолақты
және гармоникалық, тұрақты және
тұрақсыз болып бөлінеді.
Инфрадыбыстың нормаланған
сипаттамасы дыбыс қысымының
деңгейі болып табылады. Күресу
шаралары – негізгі шығу көздерін
төмендету. Жеке қорғаныс
шаралары – наушниктер,
вкладыштар. Жұмыс орнында
инфрадыбыстың деңгейі 105дБ
октавалық жолақта жиі 2-16Гц,
102дБ 31,5Гц жиіліктен аспау керек.

ӘДЕБИЕТ:

• Негізгі:
• Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008
• Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.
• Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измеров. М.-1987.
• Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-
1996.
• Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-
2001.
• Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность.
М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.
• Қосымша:
• «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек
шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек
үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000,
30.11.2000 ж.
• Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной
экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8.

Ұқсас жұмыстар
Дірілдің оқшаулануы
ӨНДІРІСТЕ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ АРНАУЛЫ КИІМ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚОРҒАНУ ЗАТТАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Көзді қорғау құралдары - қорғағыш көзілдіріктер
Өндірістік шудан қорғану және оның адам ағзасына әсері
Шуды сипаттайтын шама, айырмашылығы
Инфрадыбыстың биологиялық әсері
ӨНДІРІСТІК ШУДАН ҚОРҒАНУ
Шуыл мен дірілден қорғану
Дәстүрлі қазақ мәдениеті
Петуния ( шырайгүл)
Пәндер