ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК



ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ
ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
1. Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері.
2. Құқықбұзушылықтың заңды құрамы.
3. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары.
4. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
5. Әрекеттің құқыққа қайшылығын және заңды жауапкершілікті жоятын жағдайлар.

Құқықбұзушылықтың белгілері:
- әрекет немесе әрекетсіздік;
- кінә (Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы. Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. ;
- құқыққа қайшылығы;
- зиянды нәтиже;
- әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс.
Құқықбұзушылық - бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.
Қылмыстар - бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар.

Теріс қылықтар-әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.

Теріс қылықтардың түрлері:
1. Азаматтық - бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуды және т. б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мәжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар және басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген.
2. Әкімшілік - бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласындағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) және әкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.
3. Тәртіптік - бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асырылатын, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тәртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, әскерилер үшін -Тәртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін - арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады.


Заңды жауапкершілік - бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану.
Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:
а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру) ;
б) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл) ;
в) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату) .

Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет құқықтық нормалард орнықтырады;
- мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;
- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
тек жасалған құқықбұзушылық үшін
ғана туындайды.

Заңды жауапкершіліктің қағидалары:
заңдылық-жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқықәрекетқабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) әділеттілік-жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінәліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;
3) негізділік-істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;
4) ізгілік - адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы-жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;
6) мақсаттылық-құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.

Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:
1. Қылмыстық - тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Қылмыстық жазалау шаралары -кінәлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң нысандары-бас бостандығынан айыру, өлім жазасы және т. б.
2. Әкімшілік - әкімшілік теріс қылықтарды
жасағаны үшін туындайды және айыппұл,
арнайы құқығынан айыру және
т. б. сияқты шаралардан көрініс
табады.

3. Азаматтық - мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу және шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қағидасы - зиянды толығымен өтеу.
4. Тәртіптік - еңбек, оқу, қызметтік, әскери тәртіпті бұзу үшін қолданылады; тәртіптік жауапкершілік шаралары -сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару және т. б.
5. Материалдық - қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында
кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген
зияны үшін туындайды.

Әрекеттің құқыққа қайшылығын және заңды жауапкершілікті жоятын жағдайлар.
Оларға мыналарды жатқызуға болады:
есі дұрыс еместік - тұлғаның өз әрекеттеріне есеп бере алмауы;
2) қажетті қорғаныс - мемлекеттің, қоғамның тұлғаның мүдделерін қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қорғау барысында нұқсан келтіруші тұлғаға зиян келтірумен сипатталады; алайда, қажетті
қорғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс,
яғни, қорғанудың нұқсан келтірушіліктің
қоғамға қауіптілігінің
сипаты мен дәрежесіне айқын түрде
сәйкес келмеуі орын алмауы тиіс;

3) аса қажеттілік - мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның мүдделеріне қауіп төндіруші әрекетті жою жағдайында мүмкін, қойылатын шарт - бұл қауіп басқа құралдармен жойыла алмауы қажет және аса қажеттіліктен туындаған зиян алдын алған зияннан аз болуы тиіс;
4) қоғамға аса қауіптілігі жоқ құқықбұзушылық;
5) казус (жағдай) және т. б.


№
На русском
На казахском
На английском
1
Право
Құқық
Lаw
Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу їшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандыктары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.
2
правонарушение
Құқық бұзушылық
offence
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz