Электрокардиографияның физикалық негіздері, 12-тіркеме жүйесі және ЭКГ толқындарының интерпретациясы


Slide 1

Электрлік диополь. физикалық негіздері. Электрокардиограмманы тіркеу.

ЖМ 19-012-1

Сұлтанов. Б

Болатжан. Д

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Slide 2

Электрокардиография (ЭКГ) жүректе пайда болатын электр тогін (биотокты) графикалық түрде жазып алу тәсілі.

Жазып алатын аппарат электрокардиограф деп аталады. Қағаз лентаға графикалық сызба түрінде алынған мәлімет электрокардиограмма деп аталады.

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6

Бір полюсті күшейтілген тіркемелер:

AVR, AVL, AVF.

A - күшейтілген, V - потенциал, R- (rіght) оң қолдан, L-(left) сол қолдан, F - (foot) аяқтан екенін білдіреді.

AVR және AVL жүректің алдыңғы жағының биопотенциалын, AVF жүректің артқы жағының биопотенциалын қағазға түсіреді.

AVL - І стандартты тіркемеге, AVF - ІІІ стандартты тіркемеге сәйкес келеді.

Жүрек көлемді ағза болғандықтан, оның биопотенциалы жан-жаққа және әртүрлі жазықтық арқылы тарайды. Аяқ-қол тіркемелері жүрек биотогінің тек бір жазықтықта тарағанын ғана жазуға мүмкіндік береді.

Slide 7 Slide 8

Кеуде тіркемелері.

Кеуде тіркемесі арқылы көлденең және сагитальды жазықтығы бойынша таралған электр тогы жазылып алынады.

Кеуде тіркемелері “V” әрпімен белгіленеді.

V1- тіркемеде активті электрод төс сүйегінің оң жақ қырына ІV қабырға аралыққа;

V2 - төстің сол жақ шетіне ІV қабырға аралыққа;

V3 - тіркеме V2 және V4 тіркеме аралығына;

V4 - тіркеме сол жақ бұғана орта сызығымен V қабырға аралықтың қиылысқан жеріне;

V5 - сол жақ қолтық алды сызығы бойымен V қабырға аралыққа қойылады;

V6 - V қабырға аралыққа сол жақ қолтық орта сызығы бойымен қойылады.

Slide 9

V1 - V2 тіркемелерде қарынша аралық перде мен жүректің оң жағының биотогі, V3 тіркемеде көшпе зонаның биотогі. ;

V4 тіркемеде жүрек ұшы мен сол қарыншаның алдыңғы жағы

V5-V6 бүйір жағының биотогы жазылып алынады.

Slide 10

Қалыпты ЭКГ-ның кеуде тіркемелеріндегі ерекшеліктері:

V4 тіркемесінде Р тісшесі оң мәнді, Q тісшесі пайда болады, R тісшесі ең биік, S кішірейеді, T ең биік болады.

V5 тіркемесінде Р тісшесі оң мәнді, Q тісшесі болмайды, R тісшесі V4 қарағанда аласа, S өте кіші, T биіктеу болады.

V6 тіркемесінде Р тісшесі оң мәнді, Q тісшесі болмайды, R тісшесі V5 қарағанда аласа, T биіктеу болады, S жоқтың қасы.

Slide 11

Қорытынды

ЭКГ-да негізінен 5 тізшені ажыратуға болады: P, Q, R, S, T. Кейде U толқынын да байқауға болады. P тізшесі жүрекшелер миокардының қозу үрдісін көрсетсе, QRS кешені - қарыншалар систоласын, ST сегменті және T тізшесі қарыншалар миокардының реполяризация үрдісін көрсетеді. U тізшесінің түзілу табиғаты жайлы зерттеушілердің көрқарастары ажырайды. Бірқатары осы тізшенің түзілуі папиллярлы бұлшық еттердің немесе Пуркинье талшықтарының реполяризациясымен сипатталады деп есептесе, басқалары - диастола кезінде миокард жасушаларына калий иондарының кіруіменен байланысты деп есептейді.

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер:

В. Ф. Антонов «Биофизика» ;

А. Н. Ремизов «Медициналық және биологиялық физика»


Ұқсас жұмыстар
Жүректің электрлік белсенділігі және электрокардиографияның физикалық негіздері
Жүректің электрлік белсенділігі: ұлпа өткізгіштігінен ЭКГ-ға дейін
Жүрек-қантамыр жүйесінің механизмі және электрокардиографияның теориясы мен клиникалық қолданылуы
Партограмманы толтыру қағидалары мен интерпретациясы
Физикалық теориялар, физикалық шамалар және өлшеу негіздері
Әртүрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері: ЭКГ, ЭЭГ және ЭМГ
Жүрек аритмиялары: классификациясы, патогенезі, ЭКГ-диагностикасы және антиаритмиялық терапия
Дыбыс толқындарының пайда болуы, табиғаты және әртүрлі ортадағы таралуы: теориялық негіздер мен есептік тапсырмалар
Электрокардиография: анықтамасы, құрылымы, тіркеу жүйесі және диагностикалық маңызы
Қашықтықтан зондтаудың физикалық негіздері: зерттеу және талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz