Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Бауыржанова Айғаным

Топ: Эг-23

Қабылдаған: Оразбаева Д. Е

Нұр-Сұлтан 2020

Қайта өрлеу философиясы

Slide 2

Жалпы түсінік

Қайта Өрлеу Заманы философиясы деп XIV ғ. аяғы-XVI ғ. соңындағы Батыс Еуропада пайда болған антишіркеулік жөне антисхоластикалық бағыттағы, антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынған философиялық кезеңді айтады.

Қайта өрлеу италиянша Реначименто, французша Ренессанс, немісше Реформацион, орысша Возрождение деп аталады.

Slide 3

Дамуы

15 - ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Жан - жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни үғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бұзып, ертедегі Грек, Рим мәдениетіне бет бұрды.

Slide 4

Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.

Қайта Өркендеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының алғы шарттары:

- енбек құралдары мен өндіріс қатынастарының дамуы, капиталиста қатынастардың пайда болып, феодализмнің дағдарысқа ұшырауы;

- сауда мен кәсіптің дамып қалалардың өркендеуі, феодалдар мен Шіркеуден тәуелсіз мәдени, саяси орталықтардың пайда бола бастауы;

- ұлы жағрапиялык жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан) ;

- ғылыми-техникалык жаңалықтар (қару-жарақ, оқ-дәрі, домен пеші, микроскоп, телескоп, кітап басу, медицина, астрономия, космология және т. б. ) ;

- ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, абсолюттік монархияның үстем болуы;

- ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы;

- ІІІіркеу мен схоластикалык философияның дағдарысы, Еуропада сауаттылық деңгейінің өсуі.

Slide 5

Қайта Өрлеу Заманы философиясының негізгі идеялары мен белгілері:

- антикалық, классикалық дәстүрді қайта жаңғырту;

- мәдениеттегі өтпелі кезең, мәдениеттің гүлденуі, дамуы;

- гуманизм принципін айқындау-адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытка деген кұкын анықтай бастау;

- антропоцентризмнің дамуы, адамның өз табиғатына қайта оралуы;

- пантеизм-Құдай мен табиғатты, табиғат пен адамды барабарлықта қарастыру;

- аристотелизм, платонизм, стоикалык және Эпикурлық фило-софиясы ойларының модификациясы;

- дүниені ғылыми, жаратылыстану ілімдері тұрғысынан тану элементтерінің пайда болуы (гелиоцентризм, әлемнің шексіздігі, анатомиялық білім және т. б. ) ;

- Реформация философиясы - католицизмді реформациялау, шіркеуді демократияландыру; Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату мақсат болды;

- индивидуализмнің үстем болуы, әлеуметтік теңдік идеясының кең тарауы;

- әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекет мәселелеріне қызығушылық таныта бастау;

- философиялық ойлаудың антифеодалдык, антисхоластикалық және антитеологиялық үрдісі.

Slide 6

Соңғы Қайта Өрлеу (XVI-XVII ғ. ғ. басы) кезеңінде натурфилософиялық ағым кең тарады. Натурфилософиялық идеялар:

- дүниеге материалистік көзқарасты қалыптастырды;

- философияны теологиядан бөле қарастыра бастады;

- теологиядан азат ғылыми дүниеге көзқарас қалыптасты;

- гелиоцентрлік дүние бейнесі (Құдай, Табиғат, Ғарыш бір, ал Жер Әлемнің орталығы бола алмайды) идеясы;

- дүниені тануға болады, таным сезімдік және ақыл арқылы (аяндық емес) жүзеге асады.

Философиядағы космологиялық ілімдер.

Slide 7

Андреас Везалий (1514-1564) философия мен медицина саласында жаңалықтар ашты. Мың жылдық үстем болып келген Галеннің (130-200 ж. ж. ) медициналық идеяларын терістеп, адам анатомиясын «Адам денесінің кұралымы туралы» деген кітабында зерттеді.

Slide 8

Леонардо да Винчи (1452-1519) - Ренессанс данышпаны, универсал-әмбебап, суретші, құрылысшы, сәулетші, гидротехник, мелиоратор, математик, механик, астроном, геолог, палеонтолог, анатом, биолог, ботаник, оптик. Тәжірибелік, эксперименталды әдісті қолданды. Ол «Құдай-қажеттілік кепілі», «Адам-табиғаттың ұлы құралы» деген.

Slide 9

Реформациялық бағыт (XVI-XVII) шіркеулік идеологияны, дінге сенушілер мен Шіркеу арасындағы қатынасты қайта қарастыру, өзгертуді мақсат етті. Реформациялық бағыттың пайда болуының алғы шарттары:

- феодализм дағдырысы;

- сауда-өндіріс, буржуазия табының пайда болып, нығаюы;

- феодалдық ыдыраудың әлсіреуі, еуропалык мемлекеттердің қалыптасуы; _

- еуропалық мемлекеттер басшыларының Рим Папасы мен католиктік Шіркеу билігін шектеуге ынталығы;

- католиктік Шіркеудің моральдік дағдарысы, халықтан алшақтауы, өмір ағымынан қалуы, индульгенция беру практикасының сақталуы;

- Еуропада гуманизм идеясының кең тарай бастауы;

- индивидуализм, тұлғаның өзіндік санасының өсуі;

-антикатоликтік діни-философиялық ілімдердің, мистиканың, гусизмнің ыкпалы күшті болды.

Slide 10

Қайта Өрлеу заманы философиясының саяси бағыты (XV-XVI) мемлекет мәселесі, саяси күрес, коғамдағы басқару әдістерін қарастырды.

Саяси философияның кернекті өкілі - флорентийлік саяси қайраткер, философ, әрі жазушы Никколо Макиавелли (1469-1527) болды.

Макиавелли философиясының негізгі кағидалары:

- адам табиғаты туысынан зұлымдыққа бейімделген;


Ұқсас жұмыстар
ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ЖƏНЕ ЖАҢА ЗАМАН
Қайта Өрлеу философиясының орталық ұғымдары
Аристотельдің өнер философиясы
НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Денелер материяның туындысы
Қайта өрлеу дәуірі философиясы
Еуропада феодализмнің құлдырап және алғашқы буржуазиялық қоғамның қалыптасуы кезінде дамыған философиялық социологиялық ілім
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz