Тоқтар Әубәкіров: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері және ұшқыш-сынақшының өмірі мен ғылыми-зерттеу қызметі


Slide 1

Тоқтар Әубәкіров

Slide 2

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров- қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры

Slide 3

Балалык шағында-ақ ғарышқа ұшуды армандап, авиация жөнінде көптеген кәтаптар оқып, қолдан ұшатын модельдер жасаған. 15 жасында анасы екеуі Теміртау қаласына көшіп келісімен Қарағанды қаласындағы аэроклубқа оқуға түсуге барады. Бірақ оған түсе алмай парашюттілер секциясына қабылданады. Араға бірнеше жыл салып көптеген қиындықтармен ұшқыштар даярлайтын курсқа қолы жетті. Ол оқуға түспеді. Себебі бұл кезде зауытта токарь және комсомол ұйымынаң хатшысы болып қызмет атқарды. Авияцияға деген ынта-ықыласпен алға қойған мақсатты орындауға дейтін талаптың арқасында жұмыстан кейін 65 шақырым жерден қатынап оқуға тура келді.

Slide 4

Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Авиация институтын бітірген.

1962 - 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болып істеді

1975 - 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген.

1976 - 1992 жылы Мәскеудегі А. Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.

1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады

Slide 5

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарышта өткізген мерзімі - 7 күн 22 сағат 13 минут.

Slide 6 Slide 7

1994 - 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты - Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

Slide 8

Марапаттары

«Халық қаһарманы» атағы

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы

«Отан» ордені

«Знак Почета» ордені

«Герой Советского Союза» атағы

«Золотая Звезда» медалі

«Ленин» ордені

«Заслуженный Летчик-испытатель КСРО»

«Летчик-космонавт КСРО» «Октябрьская революция» ордені (1991)


Ұқсас жұмыстар
Ғарыш тарихы мен Қазақстанның рөлі: Гагариннен Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа дейін
Юрий Алексеевич Гагарин: тұңғыш ғарышкердің өмірі мен ғылыми-әскери қызметі
Шоқан Уәлиханов: өмірі, ғылыми-зерттеу қызметі және мұрасы
Ғарышты зерттеу тарихы: ежелгі астрономиядан Қазақстанның ғарыштық инфрақұрылымына
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмірі мен саяси мұрасы
Мұхамеджан Тынышпаев: тұңғыш қазақ теміржол инженері және қоғамдық-саяси қайраткердің өмірі, қызметі мен еңбектері
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев: өмірбаяны, қызметі және тәуелсіз Қазақстанның дамуы
Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің өмірі және ғылыми-педагогикалық қызметі
Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметі мен жетістіктері
Ғылыми зерттеу және таным құралдары: түрлері мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz