Нерв талшықтарының регенерациясы


Slide 1

Орындаған: Төлеухан Әдемі. Факультет: Жалпы медицина Топ: 126 Тексерген: Асан М. Б.

«Астана медицина университеті» КеАҚ

Молекулалық биология, гистология, цитология және эмбриология кафедрасы

Тақырыбы: Нерв тіні. Жасқа байланысты гистологиясы, регенерациясы.

Нұр-Сұлтан 2020

СӨЖ

Slide 2

Жоспар:

I Кіріспе

Нерв тіні және оның гистогенезі.

II Негізгі бөлім

Нейрон және оның құрылысы.

Нейроглия.

Нерв талшықтары.

Нерв талшықтарының регенерациясы.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Нерв тіні және оның гистогенезі.

Нерв тіні нерв жүйесінің құрылымдық элементі. Нерв тіні - өзара тығыз байланысты тіндік элементтерден - нейрондар (нерв жасушалары) мен нейроглиядан ( глиялық жасушалар жиытығынан) тұрады. Нерв тінінің құрамында рецепторлық жасушалар да болады. Нерв жасушалары нерв тінінің, яғни бүкіл нерв жүйесінің де құрылымдық- функциялық бірліктері болып табылады. Нейроглияның клеткалар саны нейрондарға қарағанда 10 есе көп. Бұл жасушалар орталық нерв жүйесінің жасушаларын қоршап, олардың арасындағы кеңістікті толтырып, механикалық тіректік функция атқарады.

Нерв тіні нерв жүйесінің барлық ағзаларын құрайды. Нерв тіні нерв жүйесінің ақпаратты сақтау және өңдеу, барлық ағзалардың қызметін реттеу, организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді.

Slide 4

Нерв тіні ұрық эктодермасының дорзальді бөлігі - нейроэктодермадан және нейральді плакодалар деп аталатын эктодерманың қалыңдауларынан дамиды. Ұрықтың дорсальді жағындағы эктодерма алғашқыда қалыңдап - нерв пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті көтеріліп ортасы науа тәрізді майысып, ең соңында бұл шеттері дорсальді эктодермадан үзіліп, ұштары бір - бірімен жалғасып, тері эктодермасынан бөлінеді. Осыдан нерв түтігі пайда болады. Нерв түтігі эмбриогенездің алғашқы сатысында көп қатарлы нейроэпителий жасушаларынан тұрады. Бұларды вентрикулярлы жасушалар деп атайды. Пішіндері цилиндр тәрізді болып келеді. Бұл жасушалардың біразы дифференцияланып нейроциттерге, ал біразы глияльді жасушаларға айналады. Глиялді жасушаларға жататындар: эпиндимоциттер, астроциттер мен олигогендрациттер болып табылады. Сонымен нерв тінінің құрамында екі компоненті болады. Олар нерв жасушалары мен нейроглия. Нерв жасушаларының немесе нейрондардың ерекшеліктері - тітіркендіргіштікті қабылдап, қозады да, тітіркену энергиясын нерв импульсына айналдырып, оны әрі қарай орталыққа өткізу процесін қамтамасыз етеді. Ал нейроглия болса, нерв тінінің қосымша аппараты болып саналады. Тіректік, трофикалық, секторлы және қорғаныс қызметтерін атқарады. Нерв тінінің ең негізгі қызметі - ішкі және сыртқы ортадан әртүрлі информацияларды қабылдап, оны сақтау, өңдеу. Сонымен қатар организмнің тіндері мен мүшелерін бір - бірімен байланыстырып олардың қызметін реттеу болып табылады.

Slide 5

Нейрон (нейроцит, нерв жасушасы) - нерв тінінің, жалпы нерв жүйесінің де құрылымдық-функциялық бірлігі. Нейрондар өсінділі мақталған, өлшемі 4-6 мкм ден 130-150 мкм дейін, пішіні бойынша да - жұлдызша, ұршық және алмұрт тәрізді, дөңгелек, себет тәрізді және т. б. әр түрлі болады. Нейроциттердің әрдайым үш негізгі бөлімдері болады: 1) денесі және екі түрлі цитоплазмалық өсінділері - 2) аксоны; 3) дендриттері. Нерв жасушасының денесі - ядросы мен органеллаларының көпшілігі орналасқан биосинтездік орталығы. Өсінділері цитоплазмасының жіп тәрізді өскіні болып табылады. Нерв жасушалары нейрондардың денесі одан тараған өсінділері біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Өсінділерінің санына байланысты нейрондардың бірнеше түрін ажыратады. Егер нейрондардың денесінен көптеген өсінділер шықса, онда мұндай нейронды - мультиполярлы деп атайды. Бұл өсінділердің біреуі міндетті түрде - аксон, қалғаны - дендриттер болып келеді. Аксон ұзын, ал дендриттер тармақталған қысқа өсінділері. Бұлардан басқа псевдоуниполярлы (жалған бір өсінділі) деген нейрондар да кездеседі. Мұндай нейронның денесінен бір өсінді шығып, кейін екіге бөлінеді, оның бірі - аксон, екіншісі - дендрит пішіні “Т” тәрізді болып келген. Нейрондардың тағы бір түрі униполярлы немесе бір өсінділісі - бұл нейробласттар эмбриогенездік даму кезеңінде болады. Нейрондардың денесінде екі өсінділері бірі - аксон, екіншісі - дендрит, бұл биполярлы нейрондар, біріншілік сезу мүшелерінің құрамында болады. . Адам ағзасындағы (нерв жүйесінде) нейрондардан шығатын өсінділердің ұзындығы әр түрлі, бірнеше микроннан (мкм - ден) 1 - 1, 5 метрге жетеді.

Нейрон және оның құрылысы

Slide 6

1) униполярлы; 2) биполярлы; 3) псевдоуниполярлы; 4) мультиполярлы ;

Өсінділерінің саны бойынша нерв жасушаларының 4 типі:

Slide 7

Нейрондар денесінен, өсінділерінен және олардың ұштарынан тұрады. Өсінділердің екі түрін ажыратады: дендрит және аксон. Дендрит - саны 1 ден бірнешеге дейін, нерв импульстерін денесіне жеткізетін нерв жасушаларының қатты тармақталған өсінділері. Аксон- импульсті денеден басқа нейрондарға немесе жұмысшы ағзаларға өткізетін нейронның ең ұзын және біреу ғана болатын өсіндісі.

1 - дендриттер;

2 - ядро;

3 -денесі;

4 - Шванн жасушалары;

5 - аксон;

6 - Сезімтал нерв ұштары;

Құрылысы:

Slide 8

Нейрондардың фукнциялық классификациясы:

Функционалдық қасиеттері бойынша нерв жасушаларының үш типін ажыратады:

Афференттік нейрондар - сезімтал нерв ұштарымен аяқталатын дендриттерімен спецификалық тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайтын нерв жасушалары.

Ендірме немесе интернейрондар - рефлекторлық доғада аралық орналасуына байланысты, нерв импульсін афференттік нейроннан эфференттікке өткізіп отырады.

Эфференттік нейрондар - эффекторлық ұштары арқылы нерв импульстерін жұмысшы ағзаларға жеткізіп, олардың әрекет етуіне түрткі болатын нейрондар.

Slide 9

Сомалық рефректорлық доғаның құрамындағы нейрондардың функциялық типтері.

Slide 10

Нейроглия

Нейроглия (neuroglia, грек, neuron - нейроцит, жүйке клеткасы, glia - желім) - жүйке ұлпасының құрамына кіретін жасушалық құрылым. Нейроглия жүйке жүйесі мүшелеріндегі нейроциттер элементтері үшін қоректік (трофикалық), тіректік, қорғаныс, секреторлық, шекаралық қызметтер атқарады. Нейроглия жасушаларын глиоциттер деп атайды. Нейроглия өз кезегінде: макроглия және микроглия болып екі топқа бөлінеді.

Макроглиялар эктодермадан дамиды және олар: эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроциттер болып үш топқа бөлінеді. Эпендимоциттер ми қарыншалары мен жұлынның орталық өзегінің қабырғаларын астарлайды. Астроциттер ми және жұлынның құрамына кіреді. Олар өз кезегінде протоплазмалық және талшықты астроциттерге бөлінеді. Олигодендроциттер орталық және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан нейроциттердің денесін қоршап қаптап, нейроглиялық қабықшалар түзеді. Микроглия - жүйке жүйесі мүшелеріне өтетін моноциттерден жетілетін глиальдық макрофагтар. Ол қорғаныс қызметін атқарады. Ол мезенхимадан дамып жетілетін ішкі орта ұлпасының өкілі.

Slide 11

А- астроциттер ; Б - эпендимоциттер; В - олигендроциттер;

Slide 12

Нерв талшықтары.

Нерв талшықтары - нейроглия жасушаларынан тұратын қабықпен қоршалған нерв жасушасының өсінділері. Нерв талшығының құрамындағы нейрон қсіндісінің қзі білік цилиндірі деп аталады. Нерв талшықтары нерв импульсінің таралуының құрылымдық негізі, себебі олардың өтуін қамтамасыз етеді. Сомалық нерв талшықтарының жуандығы - 12-24 мкм, ал вегетативтіктердің - 5-7 мкм. Нейроглиялық қабықтарының құрылысына байланысты нерв талшықтарының екі - миелинсіз және миелинді түрлерін ажыратады.

Миелинсіз нерв талшықтары - глиялық қабвқтары миелинді өндірмейтін леммоциттерден құрылған талшықтар. Миелинсіз нерв талшықтары перифериялық вегетативтік нерв жүйесінде орналасады. Олардың қабығы ішіне әр түрлі нейрондарға жататын 8-20 білік цилиндрлерін батырған нейролеммоциттердің тәжі немесе тартпасы.


Ұқсас жұмыстар
Нерв тіні. Нерв тінінің жасқа байланысты гистологиясы мен регенерациясы. Нейрондық теорияның негізгі қағидалары
Нерв талшықтары - нейроглия жасушаларынан тұратын қабықпен қоршалған нерв жасушасының өсінділері
Жасушалық регенерация
Нерв тінінің регенерациясы
Нерв ұлпалары
Сүйек ұлпасы
Бұлшықет тіндері
Микроэкология негіздері
СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық динамикасының жалпы сипаттамасы
СҮЙЕК ҰЛПАЛАРЫНЫҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz