Гистологияның дамуы


Slide 1

Тақырыбы:Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы

Гистологияның Қазақстан Республикасында дамуы

СӨЖ

Slide 2

1. Кіріспе 2. Гистология, цитология және эмбриологияның дамуы 3. Гистологияның Қазақстанда дамуы 4. Қолданылған әдебиеттер

Жоспары:

Slide 3

Кіріспе

Гистология, цитология және эмбриология бір-бірімен өте тығыз байланыста.

Гистология дегеніміз жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым саласы.

Цитология -организмнің әр түрлі жасушаларының дамуын, құрылысын және қызметтерін зерттейді.

Эмбриология-ұрық жөніндегі ілім, яғни ұрықтың даму барысындағы заңдылықтарын зерттейді.

Адам организмі жасуша-ұлпа-мүше-мүшелер жүйесінен құралыды. Байқап отырғанымыздай организмнің ең кіші бірлігі жасуша. Адам организмін зерттеу жасушаны зерттеуден, яғни цитологиядан бастау алады.

Slide 4

Гистологияның дамуы

Адам гистологиясы (грекше histos-тін, logos-ілім) -адам ағзасын қалыптастыратын тіндердің микроскопиялық құрылысы мен тіршілік әрекеттерін, яғни тіршілік қалыптасуының тіндік деңгейін зерттейтін медицина-биологиялық ғылым.

«Гистология» терминін ғылымға неміс ғалымы К. Мейер енгізген.

Гистологияның өзі 2 бөлімнен тұрады:

Жалпы гистология

Жеке гистология

Slide 5

Микроскопқа дейінгі XVII ғасыр ортасына дейін

Микроскопиялық

XVII-XX ғасыр аралығы

Электронды микроскопиялық

1955 жылы

Гистологияның ғылым ретінде дамуы 3 кезеңнен тұрады:

Гистология саласының нақты дамуы микроскоп ойлап табылғаннан кейін басталды. Алғашқы ойлап табылған микроскоптар зерттеу құралы бола алмады. 1665 жылы Роберт Гук микроскоп ойлап тауып, зерттеулер жүргізе бастаған болатын. Осы кезден бастап гистологияның дамуы басталды. Микроскоппен зерттеу әдістерінің жетілуі гистологияның жедел дамуына жағдай жасады.

Slide 6

Гистологиялық көрініс. Препарат «Бақаның қаны»

Slide 7

Цитологияның дамуы

Цитология (грекше kytos-жасыша, logos-ілім ) -жасушаның құрылысы, тіршілік әрекеттері және дамуы туралы ғылым. Цитология медицина саласына өте қажет. Цитология ғылымының арқасында қатерлі ісіктер, қан, тұқым қуалаушылық диагноздары анықталып жатыр.

Цитологияның дамуын 2 кезеңге бөлсек болады:

1) Цитология ғылымының дамуы XVII ғасырдан басталады.

Цитологияның дамуы организмнің клеткалық құрылысының ашылуы және микроскоп шығуымен тығыз байланысты.

2) Жеке ғылым ретінде XIX ғасырда толық қалыптасты. Себебі, микроскоп техникасының дамуы. Атап айтқанда, микроскоп штативы, объективтер, көрсету дәрежесі жоғары окулярдар жасалып шығарылды

Slide 8

Цитологиялық көрініс

Slide 9

Эмбриологияның дамуы

Эмбриология (грекше embryon-ұрық, logos-ілім) -ұрықтың қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы.

Эмбриология ұғымдарының қалыптасуы Гиппократ және Аристотельдің есімдерімен байланысты.

Геккель мен Миллер биологияда биогенетикалық ұқсастық заңын ашты.

Эмбриология тарихындағы ең маңызды кезең В. Гарвейдің «Жануарлардың пайда болу жөнінде» еңбегі

Slide 10

Эмбриологиялық көрініс. Ұрықтың дамуы

Slide 11

Гистологияның Қазақстанда дамуы

Қазақстанда гистологияның дамуы 1932 жылы Қазақ Мемлекеттік Медицина институтында гистология, цитология және эмбриология кафедрасының ашылуымен байланысты. 1937 жылдан бастап кафедрада зерттеу жұмыстары басталды.

1937 жылы адам ұрығының даму барысындағы патологиясын зерттеді.

1959-1971 жылдары гистогенез, жасушаға байланысты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді.

1971-1980 жылдары витамин жетіспеушілігіне зерттеу жұмыстары жүргізілді.

1980-1990 жылдары сыртқы орта фактордарының адам ағзасына әсері туралы зерттеулер жасалды.

1998 жылдан бастап гистологиялық және цитологиялық тақырыптарына зерттеу жұмыстары жасалды.

Slide 12

Қолданылған әдебиеттер

«Гистология және адам эмбриологиясы» С. А. Ажаев 2007 жыл

«Жалпы гистология» Т. Ж. Үмбетов, С. А. Ажаев 2010 жыл

«Гистология» Ж. О. Аяпова 2005 жыл


Ұқсас жұмыстар
Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы
Гистология жайлы түсінік
Бірінші микроскопиялық кезең
Гистология даму тарихы
Қазақстанда гистология ғылымының дамуы
Микроэкология негіздері
Жасушаға әсер етуші факторлар
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Жалпы ұлпа туралы түсінік
Гистология туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz