Дамудың қауіпті кезеңдері
Презентация қосу
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Молекулалық биология, гистология, цитология және генетика
кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Адам эмбриологиясы.
Дамудың қауіпті кезеңдері.
Нұр-Сұлтан, 2020ж.
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Адам эмбриологиясы.
2.Эмбриогенез.
4. Онтогенез.
5. Онтогенез кезеңдері.
6. Эмбриональдық даму кезеңдері.
7. Дамудың қатерлі кезеңдері.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайданылған әдебиеттер
Адам эмбриологиясы
• Адам ұрығы дамуының, яғни оның құрылысы және
қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін
ғылым.Әртүрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың
әсерінен қалыпты эмбриондық даму, ана-нәресте
жүйесіндегі қатынастар бұзылуы болады. Осы
эмбриопатияларды алдын-алу,емдеу шараларын жете
зерттейді.
Эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және грек. genesіs —
шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға
немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.
Эмбриогенез-жануарлар мен адам организмдерінің жеке даму
процесінің (онтогенезінің) бастапқы кезеңі. Эмбриогенезде
ұрық,ұрықтану,бөлшектену,гаструлану,нейрулану,гистогенез,органо
генез,системогенез кезеңдерінен өтеді. Ұрықтану- аталық және
аналық жыныс жасушаларының қосылуынан бірклеткалы
организмнің (зиготаның) түзілу процесі. Біржасушалы ұрықтың
бөліну арқылы көпжасушалы ұрыққа (бластулаға) айналу кезеңін
бөлшектену деп атайды.
Онтогенез (грекше ontos-
организм, genesis-даму) — жыныс
клеткаларының пайда болуынан
басталатын және оның өліміне дейін
жүретін жеке организмнің (жануар
немесе өсімдік) дамуының толық
тарихы (циклі). Онтогенез
(организмнің жеке дамуы)
жайындағы ұғым деректерге
организмнің өсуі, оның
клеткасының жіктелуіне және
морфогенезіне негізделеді.
Сондықтан онтогенез жеке
категория болып
табылады. Онтогенезге түрлік
категориясы жағынан филогенез
(грекше рhуіе-тобыр, genesis-даму)
қарама-қарсы болады, бұл терминді
алғаш сипаттаған Э. Геккель.
Онтогенез
• Эмбриондық кезең- аналық
жасушаның ұрықтанғанынан
басталып дүниеге келгенге дейінгі
кезеңді айтамыз.
• Постэмбриондық кезең-
туылғаннан кейін жалғасып
организмнің табиғи өлімімен
аяқталатын кезеңі.
Сперматогенез (грек, sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың
жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу
және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.
Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) [1] — жұмыртқа
жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады.
Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан
арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы
көбейіп, овогонияларға айналады.
Эмбриональдық даму кезеңдері
Ұрықтану — аталық және аналық жыныс клеткаларының
қосылуынан зиготаның пайда болуы. Ал бұл жаңа организмнің
бастамасы болып табылады. Ұрықтану негізіне жынысты көбею
және ата-анасынан ұрпағына тұқым қуалайтын белгілердің берілуі
жатады.
Бөлшектену (лат. flssio — бөлшектену) — ұрықтанған біржасушалы организмнің
(зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулага)
айналуының эмбриондық кезеңі.
Имплантация- ұрықтың жатырдың кілегейлі қабығына жабысып,енуі 2сатысын
ажыратады. Адгезия (жабысу), инвазия (ену). Имплантация 40 сағатқа созылады.
Гаструляция — гаструлану, ұрықтың іштегі дамуы барысында бластула
жасушаларының одан әрі көбеюімен, өсуімен, жетіліп бағытты орын
ауыстыруымен және сапалы айырмашылықтар мен өзгерістердің жүруімен
сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс.
1-бластула; 2-гаструла
Дамудың қатерлі кезеңдері
Онтогенездің даму барысында, әсіресе эмбриогенезде дамушы жыныс
жасушалары мен ұрықтың жоғарғы сезімтал кезеңдері байқалады. Оған ең
алғаш назар аударған австриялық дәрігер Норман Грегг (1944). Орыс
эмбриологы П.Г Светлов (1960) дамудың қатерлі кезеңдері теориясын
ұсынып, оны эксперименталды түрде тексерген. Ұрықтық дамудың
кезеңінде және олардың мүшелерінің қалыптасуында күрделі сапалық
қайта құрулар жүреді. Жасушалардың детерминация, пролиферация және
дифференцировка процестері кезінде ұрық зиянды әсерлерге өте сезімтал
келеді. Ұрықтың дамуына зиянды әсер ететін факторлар тератогендік (лат.
teras – ақаулар) факторлар деп аталады.
Адам ұрығы дамуының қатерлі кезеңдері Әйгілі орыс
эмбриологы П.Г.Светлов адамның эмбриондық дамуында үш қатерлі
кезеңді көрсетеді:
• имплантация (ұрықтанудан кейін 6-7 тәулік),
• плацентация (жүктіліктің екінші аптасының соңы)
• перинаталдық (ананың босануы, нәрестенің дүниеге келу уақыты)
кезең.
Дамудың қатерлі кезеңдерінде:
Ұрықта метаболизм, тыныс алу құбылыстары
көбейеді.
• РНҚ қасиеттері, иммундық мәртебесі өзгереді.
• Өсу қарқыны төмендейді.
Қорытынды:
Адам эмбриогенезіне трофобласт пен ұрықтан тыс мезодермадан ерте және
қатты дамуы тән. Бұл оның жұмыртқа жасушасында қоректік заттар мөлшері аз
болғандықтан, аналық қанайналым жүйесімен тез арада контакт (түйісуі) құру
қажеттілігіне байланысты. Осыған орай, провизорлық ағзалар құрылады: амнион, хорион,
сары уыз қап, аллантоис, плацента. Олар ұрықтың қабықтарын құрайды және бір қатар
арнайы қызметтер атқарады.
Жүктілік кезінде екі организмдер – ана және ұрық (кейін – нәресте) ағзалары арасында
функциялық жүйе қалыптасады. Ана-нәресте функциялық жүйесі
– екі организмдерің ерекше биологиялық достастығы. Мұнда аналық және ұрықтың аттас
гомеостаздық жүйелерінің ұқсас орындаушы механизмдері ерекше бірігіп, бір ғана
нәтижені – ұрықтың қалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрамдасы болып,
аналық және ұрық организмдерін байланыстыратын плацента (бала орны) табылады.
Ана-нәресте жүйесі қалыптасу кезінде бірқатар кризистік (қауіп-қатерлі) кезеңдер
пайда болады. Бұл кездерде ана-нәресте функциялық жүйесі өте жараланғыш
болып келеді. Сондықтан, ана және нәресте организмдері арасындағы байланыстардың
гистологиялық, иммунологиялық және т.с.с. ерекшеліктерін зерттеу жүктілікті
медициналық қорғаудың негізін қалайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Цитология.Гистология.Эмбриология.
Ж.О. Аяпова 2007ж
2. Гистология. 1-бөлім. Цитология және
адам эмбриологиясы. С.А.Ажаев
3. wikipedia.org
4. stud24.ru
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz