Қазақстанда гистология ғылымының дамуы
Презентация қосу
«Астана медицина университеті» АҚ
Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы.
Гистологияның Қазақстан Республикасындағы дамуы.
Орындаған: Төлеухан Әдемі.
Факультет:Жалпы медицина
Топ:126
Тексерген: Асан М.Б.
Нұр-Сұлтан 2020
Жоспар:
• I Кіріспе
• II Негізгі бөлім
• 1. Гистология,цитология,эмбриологияның дамуы.
• 2. Қазақстанда гистология ғылымының дамуы.
• III Қорытынды
• IV Қолданылған әдебиеттер тізімі
Адам гистологиясы ( грекше «histos» -тін, «logos» -ғылым )- адам ағзасын
қалыптастыратын тіңдердің микроскопиялық құрылысы мен тіршілік
әрекеттерін, яғни тіршілік қалыптасуының тіңдік деңгейін зерттейтін
фундаментальды медицина-биологиялық ғылым. Ол, ғылыми және оқу пәні
ретінде , екі бөлімнен тұрады: жалпы гистология және жеке гистология.
Жалпы гистология- ағза
мүшелерінің құрамындағы тіндердің шығу тегі мен құрылысын, атқаратын
қызметін, тіндердің түрлерін, ерекшеліктерін қарастырады. Яғни, бұл өзіндік-
тіндер туралы ілім. Аталған тіндердің қайсыбірі болса да эмбриондық даму
кезінде қалыптастыратын жасушалар мен олардың туындыларының күрделі
жүйесі болып табылады. Сондықтан, жалпы гистология курсының құрамына
эмбриология мен цитология да жатады. Жалпы эмбриология- «эмбрнон» –
ұрық, оның дамуын, даму ерекшеліктері мен ондағы қауіпті сатыларын,
ұрықтан тыс мүшелер мен олардың қызметін, одан нәрстенің туғанға дейінгі
мерзімін зерттейді.
Цитология- жасушаның құрылысын, қызметін зерттейді. Жеке гистология-
ағзадағы жеке мүшелердің құрылысын, қызметін шығу тегін талдайды.
Гистология ( грекше «histos» -тін, «logos» -ғылым ) органдардың,
ұлпалардың, клеткалардың дамуын, микроскопиялық және
ультрамикроскопиялық құрылысын, тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым.Бұл
ғылымның негізін қалаушы француздың анатом- дәрігері М.Ф. Биш болып
саналады, ал ол терминді 1819 жылы ғылымға енгізген неміс ғалымы
К.Майер болатын.
Гистология- морфологиялық ғылымға жататын негізгі ілім.Анатомия мен
гистология көптеген медицинадағы пәндердің негізі болып табылады.
Болашақ дәрігерге бұл ілімдердің бір-бірімен байланысын, мүшелердің
құрылысын, қалыпты жағдайдағы ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Бұл
ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысты.Қазіргі медицинада цитологиялық,
гистологиялық зерттеу әдістері және цитодиагностика жиі қолданылады.
Мысалы: сау және ауру организмнің қанын, сүйек кемігін және басқа да
мұшелерін цитологиялық әдістермен зерттеп, олардан препараттар
дайындалады.
Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты
ойлап тапқанға дейін пайда болған. Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі
алғашқы пайымдамалар Аристотельдің, Галеннің, Авиценаның,
Везалийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Аристотель өзінің
Жануарлар бөліктері туралы деген трактатында организмде, кейін ұлпа
деп аталған, біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе
органдарды ажыратқан.
XVII ғ микроскоптың дүниеге келуі мүшелердің нәзік құрылымдық
деңгейін ашуға алғашқы бастамалар болды.Алғашқы
микроскопшылар Р.Гук, М.Мальпиги, А.Левенгук кейбір ірі
клеткаларды қан тамырларын көрген. Бұл кезеңнің аса құңды
еңбегінде алғаш рет «ұлпа» сөзі қолданылған.
Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа кезең (XYIII соңы,
XIX ғасырдың басы) микроскоптың жақсартылуы және
микроскопиялық зерттеу әдістері мен техниканың онан әрі жетілуіне
байланысты болған.
1819 жылы неміс ғалымы К.Мейер ұлпа терминін қолданысқа
енгізген кітабы «Гистология және адам ұлпасының жаңа бөлімдері»
туралы жарық көрді. 1822 жылы К.Гейзенгердің «Гистология жүйесі»
атты монографиялық туындысы жарық көрді.
Гистологияның қарқынды дамуы XIX ғ 30 жылдары басталды.Бұл
кезеңде гистологияның әдістемелік негізін қалыптастырған
Т.Шванн болды. Ф.Лейдиг пен А.Келликер оқулықтары алғаш
Еуропада жарық көрген және ұлпаны 4 типке бөлді.Олар:
- дәнекерлеуші заттардың ұлпалары;
- - клеткалық ұлпа;
- - бұлшық ет ұлпасы;
- - Нерв ұлпалары;
Жалпы цитология дегеніміз жасушаны зерттейтін биологияның бір саласы.
Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының
құрылыстарын, құрамын сонымен қатар қызметінде зерттейтін бөлім.
Жасуша болса барлық тірі организмдердің ең қарбайыр құрылысын,
қызметін, дамуын көрсетеді. Цитология бөлімшесі цитохимия пәні
жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін,
жасушадағы кең таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеріп
тұруына байланысты болғандықтан оның химиялық қосылыстардың
өзгеріп отыруын қарастырады.
Эмбриогенез (ағылш. embryogenesis, гр. embryon ұрық, genesis шығу тегі)
ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе енесі
құрсағынан туғанға дейінгі ұрықтың (эмбрионның) даму мерзімі.
Эмбриогенез жануарлар мен адам организмдерінің жеке даму процесінің
(онтогенезінің) бастапқы кезеңі. Эмбриогенезде ұрық: ұрықтану,
бөлшектену, гаструлану, нейрулану, гистогенез, органогенез, системогенез
кезеңдерінен өтеді.
Қазақстанда гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы
зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен Қазақ мед институтының
гистология және эмбриология кафедраларының ашылуымен басталды.
1934 жылы кафедра меңгерушісі болып З.Ф.Гусева тағайындалған. 1937
жылдан бастап кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады.
А.В.Кирилличеваның қатысуымен адам ұрпағының дамуының патологиясын
зерттеу жүргізілді.
1971-80 жылдары қазақ гистологисының негізгі бағыттары Д витамині
жетіспеушілігін зерттеу болды. Одан кейінгі жылдары иондық сәулелердің
және динамикалық факторлардың бірігіп ішкі мүшелердің
морфофункционалдық жағдайына арналды. 1998 жылдан бастап
гистологиялық және цитологиялық зерттеулер тақырыптары “Тіршілік
ортаның өзгеруіне байланысты ішкі мүшелердің тәуліктік ритмінің
цитологиялық негізін” шешуге арналды.
Қазақ гистологиясының дамуына үлес қосқан ғалымдар :
Академиктер : Б.А.Домбровский, Т.Масенов, Ф.Мухаммедгалиев және т.б.
Профессорлар : М.Х.Нурышев, Ф.Халилов, И.Чагиров және т.б.
Қазақстандағы
Гистология
Кафедрасының
меңгерушілері
1934 жылы 1941-1945жж 1959-1971жж
З.Ф.Гусева Л.И.Фомин А.В.Кирилличева
Қорытынды :
Гистология теориялық пән болғанмен, оның практикалық маңызы да
ерекше. Гистологияның мәліметтері организмдегі түрлі патологиялық
процестерді білу үшін қажет.
Мысалы, органдардың дағдылы жағдайдағы құрлысы мен қызмет
ерекшеліктерін білместен олардағы патологиялық
өзгерістерді көріп түсінуге болмайды.
Сонымен, гистология органдардың, ұлпалардың және олардың түзуші
клеткалық және клеткалық құрлысы жоқ
элементтердің құрлысы мен дамуын дұрыс түсінуге жалпы
биологиялық және тарихи негіз болып саналады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі :
1. Жалпы гистология./ С.Т.Нұртазин. Алматы 2011 ж.
2. Цитология, эмбриология және гистология./ Ж.О.Аяпова.
Алматы 2007 ж.288 б.
3. Гистология оқу құралы төрт бөлімді/./Ж.О.Аяпова. Алматы
2005 ж.
4. Цитология және адам эмбриологиясы./ С.Ж.Ажаев . Кентау
2004 ж.201 б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz