Бұлшықет тіндері



Орындаған: Төлеухан Әдемі. Факультет: Жалпы медицина Топ: 126 Тексерген: Асан М. Б.
«Астана медицина университеті» АҚ
Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы
Тақырыбы: Бұлшықет тіндері. Қаңқа бұлшықет тіндерінің регенерациясы.
Жасқа және тұрмыс қалпына байланысты бұлшықеттердің өзгеруі.
Нұр-Сұлтан 2020
СӨЖ

Жоспар:
I Кіріспе
Бұлшық ет тіндері.
II Негізгі бөлім
Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі.
Қаңқа бұлшық ет тінінің гистогенезі .
Қаңқа бұлшық ет тінінің құрылысы .
Бұлшық ет талшықтарының типтері.
Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенерациясы.
Бұлшық еттердің жасқа және тұрмыс қалпына байланысты бұлшықеттердің өзгеруі.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі:


1. Көлденең жолақты бұлшық ет тіндері- жасушалары мен талшықтары бойында қалыптасқан көлденең жолақтарымен сипатталады. Олардың пайда болуы алдымен актин мен миозин миофиламенттерінің миофибрилдердің құрамында, сонан соң миофибрилдердің жасушалар мен талшықтардың құрамында дәлме дәл ретті орналасуына байланысты. Көлденең жолақты бұлшық ет тіндеріне аңқалық немесе сомалық және жүрек бұлшық ет тіндерін жатқызады.
2. Тегіс салалы бұлшық ет тіндері-миофиламенттері миофибрилдерді құрамайтындықтан, гистологиялық элементтерінде (жасушаларында) коллаген жолақтары болмайды. Сондықтан, жасушаларының цитоплазмасы біркелкі немесе тегіс боялады. Тегіс салалы бұлшық ет тіндеріне тамырлардың, қуысты ішкі ағзалардың және т. с. с. қабырғаларының бұлшық еттерін жатқызады.
Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі:

Бұлшықеттің құрылысы:
1 - бұлшықет талшығының қабықшасы;
2 - бұлшықет талшығының шоғыры;
3 - бұлшықеттің жуан талшықтары;
4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы;
5 - оттегімен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықет талшықтары;
6 - май басып, нашар дамыған бұлшықеттер.

Бұлшықет тіні
Құрылымдық-функционалды бірлігі
Құрылымдық-функционалды бірлігіндегі ядроның саны
Ядроның орналасуы (орталығында, периферияда)
Тегіс
Тегіс миоциттердің бумаларының ұзына бой кесінділері (1) және көлденең жолақты (2) кесінділері көрінеді.
Бір немесе екі
Ядролары ортасында орналасады
Қаңқа
Көлденең талшықтарда көрінеді
1
цитоплазманың шетінде орналасады
Жүрек
Кейде екі ядросы болады
жасушаның ортасында

Көлденең жолақты қаңқалық бұлшық ет тіні.
Қаңқа бұлшық ет тіні жасына, жынысына және шынығу дәрежесіне байланысты адам массасының 25-50% құрайды, ол-скелеттік мускулатураның жетекші құрылымдық құрамдасы. Одан тағы тілдің, өңештің жоғарғы бөлігінің және т. б бұлшық еттері құрылған. Бүкіл қаңқа бұлшық ет тіні бір даму көзден - мезодерманың дорзальды бөлігі болып табылатын сомиттердің ортаңғы бөліктері- миотомдардан дамиды.
Қаңқа бұлшық ет тінінің гистогенезі 4 сатыдан тұрады:
1-миобласттық сатысы қоршаған эмбриондық бастамалардың индукциялық әсерінен миотом жасушаларының миогенез бағытында детерминацияға ұшырауынан басталады. Пайда болған миогенді промиобласт жасушалары дифференциялануға ұшырайды. І-типті миобласттар-цитоплазмасы нәзік базофильді, органеллалары шамалы және полиферативтік белсенділігі жоғары жасушалар. Олар әрі қарай дамып миосимпласттардың қалыптасуына әкеледі. ІІ-типті миобласттар симпласттарға бірікпей, жеке түрінде қалып миосателлитоциттерге айналатын кішкене, созылыңқы пішінді, аз дифференцияланған жасушалар. Миосателлитоциттер қалыптасушы бұлшық ет жасушасының жанында орналасады.
2-миосимпласттық саты миобласттардың дифференциялануына байланысты. Миобласттар ұштарымен қосылып, көп ядролы құрылымдар-қысқа миосимпласттарды түзеді. Миосимпласттардың цитоплазмасында актин және миозин ақуыздарының синтезі басталады. Симпластта алғашқы және миофибрилдер пайда болады. Белсенді синтездік процестердің және жаңа миобласттардың қосылуы нәтижесінде миосимпласттар әрі қарай өсе береді. Миобласттардың бір-бірімен бірігуі өзара тануына байланысты және олар көрші бұлшық еттік емес жасушалармен бірікпейді.

3-бұлшық ет түтікшелер сатысы(миотубтар) симпласттардың ұзаруымен және цилиндірлік құрылым-миотуб -тардың қалыптасуымен сипатталады. Олардың орталық бөлігінің ұзына бойында ядролар тізбектеліп орналасқан. Саркоплазманың перифериясында орналасатын арнайы жиырылғыш органеллалар-миофибрилдердің саны өседі.
4-кемелденген бұлшық ет талшықтарының қалыптасу сатысы саны көбейген миофибрилдер миотубтардың барлық дерлік көлемін толтырады. Бұл кезде миосимпласттың ядролары орталық бөлігінен перифериясына, яғни сарколеммасына ығысады. Кеш мезгілдік миотубтар сатысында тіректік құрылымдардың қатысуымен миофибрилдердің құрылысы ретке келтіріледі, синтезделетін миозиннің түрі ауысады, митохондриялардың саны өседі. Сөйтіп, көлдінің жолақты бұлшық ет талшығының қалыптасуы жасушалы орталығы мен түйіршікті ЭПТ-сының редукциясы мен жойлуымен және саркоплазмалық тор қалыптасуымен аяқталады.
Ал ІІ-типті миобласттар миосателлитоциттерге дифферен- цияланады. Бұл кезде жасушалар бөлінбейтін даму күйіне айналады. Ядролары тығыздалып, цитоплазмасында органеллалары азаяды. Нәтижесінде миосателлитоциттер жасушалары жалпайып, сарколемма мен базальды мембрананың арасында орналасады. Бұлар бүкіл онтогенез бойында аз дифференцияланған күйде сақталып, онтогенез барысында бұлшық еттің өсуін және регенерациясын қамтамасыз етеді.

Қаңқа бұлшық ет тіндерінің гистогенезі (миогенез сатылары)

Бұл тіннің гистологиялық элементі миосимпласт пен миосателлито- циттерден тұратын көлденең жолақты бұлшық ет талшығы. Бұлшық ет талшығының пішіні ұштары сүйір аяқталатын, созылыңқы көлденең сызылған цилиндрге ұқсайды. Олардың ұзындықтары мен диаметрі әр түрлі болуы мүмкін. Бойлық және көлденең кесінділерді бұлшық ет талшықтың негізгі бөлігін көп ядрорлы симпласт құрылымы құрайды. Миосимпласттың саркоплазма деп аталатын цитоплазмасының жалпы көлемінің шет жағында тура оны қаптайтын сарколемма қабығының астында-көптеген сопақ ядролар орналасады. Саркоплазманың орталық бөлігін арнайы маңызды органеллалар-миофибрилдер толтырылған.
Бұлщық ет саркоплазмасында жалпы және арнайы органеллалары, қосындылары анықталған. Органеллалар мен қосындылары бірлесіп бұлшық ет талшығының маңызды функцияларын орындайтын комплекстер-функциялық аппараттарды құрайды.
Оларға: 1-жиырылғыш
2-тіректік
3-қозуды өткізетін
4-энергетикалық
5-синтездік
6-лизосомалық аппараттар жатады
Қаңқа бұлшық ет тінінің құрылысы



Қаңқа бұлшық ет талшықтарының типтері.
II A-типі (СДГ белсенділігі орташа)
II B-типі (СДГ белсенділігі нашар )
I-типі (СДГ белсенділігі жоғары)
Тотықтандыратын сукцинатдегидрогеназа ферментінің белсенділігін анықтайтын гистохимиялық реакция арқылы ажыратылған қаңқа бұлшық ет талшықтарының типтері) ; I-типі (қызыл, баяу, төзімді, жиырылу күші әлсіз ) ; II B-типі (ақ, шапшаң, тез шаршағыш, жиырылуы күшті) ; II A-типі (аралық, шапшаң, төзімді, жиырылуы күшті) .

Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенерациясы.
Көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының қалыпты морфофункциялық жағдайын қолдау физиологиялық регенерация арқылы қамтамасыз етіледі. Осы тұста талшықтың ескі және бұзылып жатқан құрамдастары жаңа органеллаларға және саркоплазманың басқа құрылымдарына алмастырылады. Бұл процесс екі механизмдер арқылы жүзеге асырылады:
1. Жасушаішілік регенерация-бұл жағдайда симпласттың жаңа миофиламенттері, мембраналық қүрылымдары саркоплазмасының синтездік аппаратының активациясы есебінен түзіледі.
2. Жасушалық регенерация- миосателлитоциттердің пролиферациясы мен миобласттарға мамандануы есебінен өтеді. Жаңа миобласттар бұлшық ет талшығының миосимпласттық бөлігі құрамына қосылып, құрылымдарының табиғи шығынын толықтырып тұрады.
3. Көлденең жолақты бұлшық ет тінінің репаративтік ( зақымданғаннан кейінгі) регенерациясында жасушаішілік және жасушалық деңгейлерде атқарылады және бірнеше фазалардан тұрады:
1) Зақымданған жерде қабыну реакциясының дамуы - мұнда миграцияланған макрографтар мен нейтрофилдердің өлген тіндердің қалдықтарын фагоцитозбен қарқынды жойып регенерациялық аймақты тазартуы;

2) Реваскуляризация- тіндердің бұзылуы кезінде пайда болған ынталандырғыш заттардың әсерінен қан тамырларының қалпына келуі;
4) Зақымданған бұлшық ет талшықтары бөлген затттардың әсерінен жарақаттану аймағы жанында өміршең миосателлитоциттердің белсенді күйіне айналуы. Жасушалық репаративтік регенерациясының мұнан былай барысы қаңқа бұлшық ет тінінің эмбриондық миогенезінің сатыларына ұқсас:
а) миобласттық кезең- миосателлитоциттер есебінен қарқынды бөлінетін миобласттардың пайда болуы;
б) миосимпласттық кезең- миобласттардың бір-бірімен қосылып, миосимпласттарды қалыптастыруы;
в) бұлшық ет түтікшелерінің ұзарған миосимпласттардың кезеңі;
г) кемелденген бұлшық ет талшықтарының, яғни миофибрилдері ортаңғы бөлігінде, ал ядролары- перифериясында орналасқан кезеңі;
Соңғы жылдары қаңқа бұлшық ет тінінің зақымданған аймағына жасанды жағдайда өсірілген миосателлитоциттерді имплантациялауға негізделген тіндік терапия әдістері зерттелуде.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz