Семей жерінде


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі мен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары.

Орындаған: Каирова Асель

Тексерген: Сайлан Б. С.

Алматы 2019 жыл

Slide 2

Ядролық қару - адамзатқа төнген қауіп.

Қазақ елі - ядролық сынақ зардаптары.

Қазақстан - ядросыз әлем қозғалысының көшбасшысы

Қарастырылатын тақырыптар:

Slide 3

Ядролық қару аты қорқынышты. Алайда мұндай қаруы жоқ елдер бар елдерге «мықты» деп қарайтыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, қаруы бар елдердің де көңілі тыныш отыр деп ешкім айта алмайды. Шындығына келгенде жаппай қырып-жоятын тажалды өндіріп, сақтап орасан зор шығындарға батып отырып та тыныштығыңды сатып ала алмайтының белгілі болды.

Бүгінде қуатты қаруға мына елдер иелік етеді: АҚШ, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея (КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қаруды өз иелігіне алды), және Пәкістан. Сонымен қатар, бұл елдердің қатарында Израильді де қосуға болады.

Бұл тізімге Украина да кірген болатын. Алайда, украиндар 90-жылдары алапат қарудан бас тартып, ресми түрде бейбітшіл халық деген мәртебеге ие болған.

Slide 4

Қазақ елі - ядролық сынақ зардаптары

Атом бомбасынан қазақтың да көрген азабын айтып тауысу қиын. Кеңес Одағы артынша Семейде 1949 жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық бомбаның алғашқы сынағын өткізді. Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де болған қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте радиациялық күлге оранды. . .

Семей жерінде 40 жыл бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2, 5 мың есе асып түседі

бір мезетте 350 млн адамның өмірін жалмауға қауқарлы

Slide 5

СОВЕТ ҮКІМЕТІ ҚАЗАҚСТАН АРҚЫЛЫ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУҒА ҰМТЫЛДЫ

Ядролық қарудың мүмкіндігін байқау мақсатында сынақ өткізуге Қазақстанның Семей аймағы таңдап алынды.

Қазақстан аумағында 1949 жылдан Семей ядролық сынақ полигоны жұмыс істегені мәлім. Онда 40 жыл ішінде, шамамен 500 ядролық сынақ жасалды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды.

Ядролық қарусыздану - Қазақстан басымдық беріп отырған мәселелердің бірі. Еліміз - халықаралық бітімгершілік үрдістердің белсенді қатысушысы. Сарапшылардың пайымынша, мемлекетіміздің осы тұрғыдағы беделі мен тәжірибесі әлем қауымдастығы үшін аса құнды

Slide 6

6 тамыз - халықаралық ядролық қаруға қарсы күн.

Семей сынақ алаңын жабу - ядролық қарусыз әлем құру жолындағы қазақ халқының ұлы қадамдарының бастауы болды. Осы тарихи шешімнен кейін Не­вада, Лобнор, Жаңа жер секілді ірі полигондардың үндері өшті. Қазақстан Семей сынақ алаңы жабылған сәттен бастап адам­зат тарихындағы ең зұлмат сойыл - ядролық қарумен күрестің көшбасшысы атанды

Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарта отырып, ядролық қатерді жоюдың табанды жақтаушысы болып қала берді. Бүгінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелерінде Н. Ә. Назарбаевтың және Қазақстанның көшбасшылығын халықаралық қауымдастық мойындады да, ерекше құрметтейді.

Семей сынақ алаңы жабылған 29 тамыз БҰҰ-ның қарарымен - «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» ретінде жарияланды.

Slide 7

Қазақстан - ядросыз әлем қозғалысының көшбасшысы.

Қазақстанның антиядролық бастамалары көпке аян, өзгеге үлгі. Біздің еліміз - қарусыздану және жаппай қырып жою қаупі зор қаруды таратпау жөніндегі жаһандық қозғалыстың көш басында келетін мемлекеттердің бірі. Бұны дүниежүзі мойындап отыр. Елдің бейбіт әлем құру төңірегіндегі беделі басым дейді халықаралық сарапшылар. Игі бастама БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қабырғасында да Қазақстан тарапынан тұрақты түрде көтеріліп жүр.

Slide 8

Елбасымыз «Соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды», - деп орынды ұсыныс білдірді.

Ядролық қару бұдан былай Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы болып саналмайды.

Slide 9

- Жаппай қырып-жою қаупі зор қарулардың ішінде ядролық қарудың күйреткіш күші ең жойқын деп саналады. Бұл қауіп-қатер әлем елдерінің басым көпшілігін алаңдатпай қоймайды. Сондықтан да Елбасы алғашқылардың бірі болып жаһандық мәселені халықаралық деңгейде көтерді. Ол әрдайым өз сөзінде және «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бағдарламалық құжатында бейбітшілікке деген көзқарасын айқын білдіреді. Әлемді өзін-өзі құртуын тоқтату үшін алдымен жер бетін ядролық қарудан тазартып арылту керектігін алға тартады.

ЕРЖАН АШИКБАЕВ, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрінің орынбасары:

«Бір елдің тәуекелге барып, өзгелерге үлгі ұсынуы, жалпы адамзаттық мүдде үшін әрекет етуі кез-келгеннің қолынан келе бермейтін көрегендік. »

1991 жылдан бастап қолға алынған бастамаға бүгінде әлем елдері де қолдауларын білдіріп, қосыла бастады. Бұл алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тағдырын шешкен қаулысы болды. Елбасының әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі Қазақстанның жаңа тарихын ашып берді, адамзатқа ядролық сынақтарсыз болашақ сыйлады.

Slide 10

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ, «НЕВАДА-СЕМЕЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

- Қоғамдық қозғалыстар мен үкіметтік емес ұйымдар ядролық қаруға қарсы күрес жолындағы түрлі бағыттағы бастамаларға қандай көмек жасай алатынын осындай жиындарда талқылауымыз керек. Сондай бас қосулардың бірі Алматыда өтеді. «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған конференцияға Америка, Жапония және тағы басқа елдердің сала өкілдері қатысады. Жапония Қазақстанның ядролық қаруға қарсы күрес жолындағы басты үзеңгілесі саналады. Өйткені қос ел де қатерлі қарудың ащы тауқыметін тартқан, тағдыры ортақ. Бүгінде тараптар әлемді ядролық қарудан азат ету үшін бірлесу туралы шешімге келді.

Slide 11

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон: Қазақстан туралы

«Ядролық қарудан құтылудың нәтижесінде әлем Қазақстанды ядролық агрессорға айналуы мүмкін «аластатылған» мемлекет ретінде қарастырмайды. Ол өзінің ядролық көршілері - Ресей мен Қытайдың дұшпанына да айналған жоқ.


Ұқсас жұмыстар
Семей орманы МОТР РММ - нің құрылу және дамуының қысқаша тарихы
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Ертіс өзені
Ядролық қару жаппай қырып - жою қаруы
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және сатылары
Семей ядролық полигонының экологиялық зардаптары
Ядролық қарусыз әлем
Семей ядролық полигоны
Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты
Ақмола облысы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz