Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы және ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысы


Slide 1

Нуклеин қышқылдары. Химиялық құрамы.

ДНҚ, РНҚ молекулаларының құрамы.

Slide 2

Нуклеин қышқылдары

Нуклеин қышқылдары құрамында фосфоры бар биополимерлер. Табиғатта өте көп тараған. Нуклеин қышқылдары жоғары полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады. Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін мономерлерінің (дезокси немесе рибонуклеотидтер ) түріне қарай ДНҚ және РНҚ болып бөлінеді. Нуклеин қышқылдары тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі.

Slide 3

Нуклеин қышқылдарының ашылу тарихы

Тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі слетканың ядросында орналасады. XIX ғасырдың аяқ кезінде (1869ж) Ф. Мишер сельді балықтарының спермасы клеткасының ядролары құрамында С, О, Н, Р және N бар, белоктардан өзгеше затты бөліп шығарды. Ғалым ядролардан қышқыл қасиеттері бар затты (латын сөзі nucleos - ядро) бөліп алғандықтан, ол затарды Нуклеин қышқылдары деп атады. Нуклеин қышқылдарының құрамы күрделі келеді.

Slide 4

Нуклеин қышқылдарының құрамы мен құрылысы

Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесінде нуклеотидтер түзіледі (25-сызбанұсқа) . Олар нуклеин қышқылдары полимер тізбегінде қайталанып отыратын күрделі құрылым буындары (монометрлері) . Ал нуклеотидтерді одан әрі гидролиздесе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

ДНҚ құрылысының өзіндік ерекшелігін түсінуде алғашқы рет Э. Чаргафф ашқан азоттық негіздердің сандық мөлшерлер заңдылығының маңызы үлкен. ДНҚ құрамы азоттық негіздердің мөлшерлері бойынша әртүрлі организмдерден бөлінген ДНҚ-ларда бірдей болмайды, бірақта бір организмнен бөлінген ДНҚ -да организмнің даму барысына немесе тамақтануына, немесе сыртқы қоршаған ортаның өзгерісіне байланыссыз, сол күйде тұрақты болатындығы белгілі. Сонымен қатар, бір түрдің әртүрлі ұлпаларынан бөлінген ДНҚ-ның құрамының азоттық негіздерінің мөлшерлері тұрақты болатындығы анықталды. Алынған сандық қатынастар Чаргафф ережесі деп аталады. Тазартылған ДНҚ құрамын зертегенде төмендегідей қорытынды алынған:

1. Пуриіндердің молярлық үлесі пириминдердіне тең

А + Г = Ц + Т немесе = 1

2. Аденин мен цитозинн

Slide 9

ДНҚ молекуласы екі жіпшеден тұратындықтан молекулалық массасы нәруыздан жоғары болады.

Екі нуклеотид аденин мен гуанин пуриндік негізге, тимин мен цитозин пиримидиндік негізге жатады.

Қос оралмалы ДНҚ сақинасы

Slide 10

Уотсон мен Крик теориясы

Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады. Қос қабат спиральдағы екi тiзбектiң жолдамасы - антипараллель, бiр тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 3'5'-бағыттағы қалдықтардан түзiледi, екiншi тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 5'3' бағыттағы қалдықтардан түзiледi.

Slide 11

Рибонуклеин қышқылы

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) - жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.

Slide 12

РНҚ полинуклеотидтің химиялық құрамы

Slide 13 Slide 14

Қорытынды

Нуклеин қышқылдары жоғары молекулалы гетерополимерлі қосылыстар. Нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер, фосфор қышқылы және моносахаридтер кіреді.

Slide 15

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Нуклеин қышқылдары (ДНҚ және РНҚ): химиялық құрамы, құрылымы және биологиялық қызметі
Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметі: ДНҚ, РНҚ, нуклеотидтер және хромосомалар
Нуклеин қышқылдары: ашылу тарихы, құрылымы, химиялық құрамы және ДНҚ мен РНҚ ерекшеліктері
Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметтері: ДНҚ, РНҚ және АТФ
Нуклеин қышқылдары: құрамы, құрылымы және қызметі (ДНҚ мен РНҚ)
РНҚ молекулаларының құрылысы, түрлері мен қызметтері және РНҚ-әлем гипотезасы
ДНҚ молекуласының құрылысы, генетикалық код және нуклеин қышқылдарының құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының жіктелуі, құрылысы және қызметтері
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі: РНҚ-ның рөлі және тұқымқуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуы
Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметтері: ДНҚ репликациясы, транскрипция және трансляция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz