Нуклеин қышқылдары (ДНҚ және РНҚ): химиялық құрамы, құрылымы және биологиялық қызметі


Slide 1

Нуклеин қышқылдары. Химиялық құрамы. ДНҚ, РНҚ молекулаларының құрамы.

Slide 2

Нуклеин қышқылдары - тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула.

Slide 3

ХХ ғасырдың 30-40-жылдары организм өсіп-өнгенде өзінде бар қасиеттерін келесі ұрпақтарға жеткізудегі нуклеин қышқылдарының рөлі ғылыми тұрғыдан толықтай дәлелденді. 1868 жылы швед биохимигі Ф. Мишер клетка ядросының құрамынан қышқылдық қасиеті бар затты бөліп алған. Оны алғаш рет ядродан тапқандықтан (латынша “нуклеус” - ядро) нуклеин қышқылы деп атады. 1951 жылы американдық биохимик Э. Чаргафф ДНҚ молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретіндігін тапты.

Slide 4

Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесінде нуклеотидтер түзіледі. Олар нуклеин қышқылдары полимер тізбегінде қайталанып отыратын күрделі құрылым буындары (монометрлері) . Ал нуклеотидтерді одан әрі гидролиздесе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді.

Slide 5

Нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер (пиримидинді, пуринді), фосфор қышқылы және моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді. Нуклеин қышқылдары құрамында көмірсудың гидроксил тобы мен фосфор қышқылының арасында күрделі эфирлік байланыс түзіледі, ал азотты негіз көмірсудың жанынан жалғасады. Полинуклеотидтің құрылысын сызбанұсқамен былай өрнектеуге болады:

Slide 6

Нуклеин қышқылының бірінші құрылымында мононуклеотидтер белгілі тәртіппен орналасады.

Нуклеин қышқылының екінші құрылымы макромолекулалардың кеңістікте қос шиыршық болып орналасуын көрсетеді. Бұл кезде молекулалар арасында және молекула ішінде сутектік байланыс арқылы әрекеттесу болады.

НҚ-ның макромолекуласы екі полинуклеотидті тізбектен құралады. Олар кеңістікте қос оралма түзеді. Оралманы фосфор қышқылының полиэфирі түзеді, пиримидин және пурин туындыларының жазық молекуласы оралманың ішінде болады. . Сутектік байланыс белгілі бір жұп пиримидин және пурин туындыларының арасында түзіледі. Оларды комплементарлы жұптар деп атайды. Ондай жұптар: тимин (Т) - аденин (А) және цитозин (С) - гуанин (G) .

Нуклеин қышқылының үшіншілік құрылымы - ДНҚ мен РНҚ-ның кеңістікте шумақталып орналасуы.

Slide 7

Нуклеин қышқылдары биологиялық тұрғыдан маңызды рөл атқарады. Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын жасушаның (жасушаның) маңызды кұрам бөліктері болып табылады. Нуклеин қышқылдары ақуыз биосинтезіне қатысады және тірі организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді.

Slide 8 Slide 9

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау. ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды.

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

Қорытынды

РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы Мұның құрамында көмірсулы кұрамдас бөлік ретінде - рибоза, ал азотты негіздер ретінде аденин, гуанин, урацил, цитозин болады (тимин болмайды) . РНҚ молекуласының ДНҚ молекуласынан айырмашылығы, оның әрбір молекуласы бір желілі болып келеді. РНҚ жасушалардың ядросында емес, жасуша цитоплазмасында болады. Әрбір жасушада РНҚ-ның үш түрі бар, олар: ақпараттық (аРНҚ), рибосомалық (рРНҚ) және тасымал (тРНҚ) болып келеді

Slide 14

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Нуклеин қышқылдары: құрамы, құрылымы және қызметі (ДНҚ мен РНҚ)
Нуклеин қышқылдары: ашылу тарихы, құрылымы, химиялық құрамы және ДНҚ мен РНҚ ерекшеліктері
Нуклеин қышқылдары (ДНҚ және РНҚ): құрылымы, функциялары және репликация механизмдері
Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы және ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысы
Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметі: ДНҚ, РНҚ, нуклеотидтер және хромосомалар
Нуклеин қышқыларының құрылымы, химиялық құрамы және генетикалық қызметі
Нуклеин қышқылдары: құрылымы, түрлері және биологиялық маңызы
Нуклеин қышқылдары мен нуклеотидтердің құрылымы және қызметі
Нуклеин қышқылдары: химиялық құрылымы, клеткадан ДНҚ бөлу және реттілігін анықтау әдістері
Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметтері: ДНҚ, РНҚ және АТФ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz