Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі, жолдары




Презентация қосу
Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы
және көбеюі, жолдары
Жоспар
Кіріспе
Бір клеткалы балдырлар және көп клеткалы
балдырлар
Суда өсетін саңырау құлақтардың көбею жолын
анықтау
Бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп
жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы
гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы
негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома,
рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос
қуысы) болады. Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және
жасушалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көкжасыл
Балдыр, прохлорофитті Балдыр, қызыл Балдыр, жалтырауық
Балдыр , диатомды Балдыр , криптофитті Балдыр , динофитті
Балдыр , қоңыр Балдыр, сарыжасыл Балдыр , эвгленді Балдыр ,
жасыл Балдыр, хара Балдыры. Бұлардың 30 мыңға жуық түрі
белгілі, Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі.
Жасыл балдырлар — төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір
тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы суларды
мекендейді. Тұзды және теңіз суларында, топырақта
тіршілік ететін түрлері де кездеседі.

Жасыл балдырлардың 5 класы:

1. вольвокс жасыл балдырлары (Volvocophyceae);
2. хлорококк жасыл балдырлары (протококк)
(Chlorococcophyceae, Protococcohyceae);
3. улотрикс жасыл балдырлары
(Ulotrіchophyceae);
4. сифонды жасыл балдырлары (Sіphonophyceae);
5. конъюгаттар (Conjugatophyceae).
Диатомды балдырлар (лат. Dіatomae немесе
Bacillariophyta) – бір клеткалы организмдердің
айрықша тобы.
Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын тас
қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан оларды
кремнийлі балдырлар (Вacіllarіophyta) деп те атайды.
Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған: ащы,
тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал топырақта, мүкте,
су өсімдіктерінде көп кездеседі. Олар 2 класқа
(Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге тарта
туысқа біріктіріледі. Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар.
Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае) — бұл көбінесе
теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар. Қоңыр
балдырлардың 900 шамалы түрі (200 туысы) бар.
Бұлар 6 отрядқа бөлінеді олар: эктокарптықтар,
сфацеляриялықтар, кутлериялықтар,
диктиоталықтар, ламинариялықтар, фукустықтар.
Қоңыр балдырлардың кейбір түрі тамаққа
пайдаланылады, ламинарияны медициналық диетада
қолданады, теңіздің жиегіне толқынмен шығып
қалған қоңыр балдырлар тыңайтқыш ретінде
пайдаланылады.
Қызыл балдырлар (Rhodophyta) — теңіздерде, су
түбінде таралған балдырдың ең үлкен бөлімі.
Қызыл балдырлар теңіздерде су асты
жартастарына, рифтерге, үлкенді-кішілі домалақ,
қиыршық тастарға, құмға, ал майда түрлері ірі
балдырларға жабысып өседі.
Негізінен 20 — 40 м, ал қолайлы жағдайларда 100
— 200 м тереңдікте өседі. Кейбір түрлері ғана тұщы
суларда кездеседі. 2 класқа (бангия, флоридия), 600-
ден асатын туысқа жататын 4 мыңнан астам түрлері
бар.
Цианобактериялар (гр. kyanos — көк және
бактерия) немесе көкжасыл балдырлар —
фототрофты прокариотты организмдер тобы;
бұларды дәстүрлі түрде көк жасыл балдырлар деп
атайды.
Цианобактериялар трихом түзетін, бір не көп
жасушалы организмдер. Көлдерде, ылғалы мол
топырақта, тұщы сулар мен теңіздерде кездеседі.
Жыныстық көбею нәтижесінде зигота туындайтын
аталық және аналық жыныс гаметаларының
қосылуынан тұрады. Бұл гаметалар гаплоидті, яғни
хромосомалардың жартылай жинағына ие болған.
Зигота түзу барысында ядролар қосылады,
хромосома сандарының еселенуі жүреді,
хромосомалардың толық жинағымен диплоидті фаза
орын алады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда
жыныстық үдеріс бірдей және өлшемдері бойынша
әр түрлі қозғалмалы гаметалардың қосылуынан
тұрады немесе оогамды жыныстық үдеріс орын
алады
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ !!!

Ұқсас жұмыстар
ЖЫНЫССЫЗ КӨБЕЮ ЖОЛДАРЫ
Жыныстық көбею
Тұқым қуалаудың жалпы заңдылықтары. Аллельді гендердің өзара әсері
Буылтық құрттар туралы ақпарат
Ағзалардың көбею формалары
Өсімдіктердің көбею тәсілдері
Өсімдіктер эволюциясының кезеңдері
Буылтық құрттар
Қолтұқымдар және сорттардың эволюциялық факторлары
Зигомицеттердің филогенезі
Пәндер