ТАУЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Slide 1

Құс шаруашылығы. Тауық шаруашылығы

Орындаған: Байтакова Айзат Қали Ақбота

Тексерген: Титанов Ж. Е.

Slide 2

Құс шаруашылығы деген не?

Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды.

Slide 3

Құс шаруашылығы

Құс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. [1]

Slide 4

Тауықтар - тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі.

Slide 5

Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі - бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы.

Slide 6

Тауықтар

Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.

Slide 7

Өнімділік бағытына қарай тауықтар

сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі.

Slide 8

Жұмыртқалағыш тұқымы

Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1, 7 - 2, 2, қоразы 2, 5 - 3 кг. Леггорн, минорка, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж осындай қолтұқымдарға жатады

етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2, 3 - 2, 8 және 3, 4 - 3, 8;

етті тұқымы 3 - 3, 5 және 3, 8 - 4, 5 кг салмақ тартады

Slide 9

Етті бағытта өеірілетін тауық қолтұқымдары.

Етті бағытта өеірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі.

Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок қолтұқымдары өсіріледі.

Етті бағытта өсірілетін тауық қолтүқымдарының балапандары тез жетіледі әрі қарқынды өседі. Ондай 7-8 апталық балапандар орташа 1, 5 - 1, 8 кг салмақ тартады.

Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды жаппай сойып, сатуға шығарады.

Slide 10

«Бройлер» - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы «отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді. Олардың еті жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында өте бағалы нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз жүмсалатындықтан, шаруашылық үшін тиімді.

Бройлер балапандарын өсіру үшін арнайы жабдықталған құс фабрикалары жұмыс істейді.

Әйнегі жоқ кең бөлмелердегі еденге қалың төсеніш жасап, сапалы құрама жеммен қоректендіреді. Тәулік бойы жасанды жарық пен қараңғылық үнемі алмастырылып тұрады.

Slide 11

Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 - 6 айда) .

Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі

Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 - 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 - 220 дана жұмыртқа береді.

Slide 12

Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 - 3 жыл ұстайды.

Тұқымдық тауық үйірінің 55 - 60%-ы жас, 30 - 35%-ы - 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 - 12 тауыққа 1 қораз ұсталады.

Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады.

Slide 13

Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Ішінде тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрикаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді

Slide 14

Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады.

Slide 15

құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш.

Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады.

Slide 16

Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі. Тауықтәріздестерден - тауық, күркетауық, тысыр тауығы (цесарка), тауыс және жапон бөденесі.

Үйрек пен қаз да ақолға үйретілген құстарға жатады. Кептер тәріздес құстар отрядынан қолға үйретілгені - көгершін.

Slide 17

Басты мақсат


Ұқсас жұмыстар
Плимутрок тауығы
Тауықтан алынған жұмыртқасына статистикалық есептеу
Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Құс шаруашылығына жалпы сипаттама
Асыл тұқымды құстар
Ауыл шаруашылығы құстарының жұмыртқа өнімділігі
Құстар жайлы жалпы сипаттама
ҚҰС ЕТІНІҢ ӨНІМДЕРІ
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz