ЖЫЛАНДАР ОТРЯД ТАРМАҒЫ


Slide 1

Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан.

Slide 2

ЖОРҒАЛАУШЫЛАР КЛАСЫ

Slide 3

Қабыршақтылар отряды

3 отряд тармағына жіктеледі

Slide 4

ЖЫЛАНДАР ОТРЯД ТАРМАҒЫ

Антарктикадан басқа жерлерге толық таралған жыландар отряд тармағында 3000-ға тарта түрі бар, олардың 400-ден астамы улы жыландар. Қазақстанда кездесетін 18 түрінің төрт түрі улы жаландар.

Slide 5

Қабыршақтылар отряды. Жыландар

Slide 6

Жыландар - денесі жұмыр, ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді.

Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан.

Slide 7 Slide 8

Терісі:

Құрғақ, мүйізді қабыршақпен қапталған

Slide 9

Тілі ұзын, ұшы - айыр, қорегін ұстауға, айналаны сипап сезу қызметін атқарады.

Slide 10

Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға - артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі.

Slide 11

Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны - 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде - 435-ке жетеді.

Slide 12

Жыландар жылына 2 - 4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай түседі.

Slide 13

Жыландар - дара жыныстылар, ұрықтануы - іштей, аналықтары жұмыртқа салады. Мамыр-маусым 1, 5см терімен қапталған жұмыртқа шілденің соңында жарып шығады. Тұңғыш ұрыққабатты жануарлар.

Жұмыртқасының санының 100-ге жетуі, немесе одан көп болуы сирек кездеседі.

Slide 14

Сарыбас жылан түсі қоңыр, самайының арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылт жолағы болады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолағы және улы тістері болмайды. Егер адам қуса қарсыласып, тістуге ұмтылады, өте қатты тістейді Орта Азияның кейбір жерлеріне тараған. Батпақтың және өзеннің жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса бунақденелілермен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жұмыртқа салып көбейеді.

Slide 15

Cұр жыландар - ұзындығы шамамен 2 м. Басы үшбұрышты немесе трапеция тәрізді. Үстіңгі жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тістері алға қарай бағытталады жағының алдыңғы жағында 1-2 үлкен улы, 3-5 кіші тістері бар.

Ұсақ омыртқалылармен қоректенеді. Көп сұр жыландылар, жұмыртқадан тірі туушылар, ал кейбіреулері жұмыртқа салады. Сұр жыландар улы жыландар. Улы аппараты жақсы дамыған.

Slide 16 Slide 17

Дене бөлімдері: бас, мойын, тұлға, құйрық, аяқтары Кесірткелер 1-2, орташалары 8 - 20, ірілері оннан астам жұмыртқа жұмыртқа салады. Көздерінің қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып бұрынғы қалпына келеді.

Slide 18

. У дегеніміз - түрін өзгерткен сілекей. Жыланның улы бездері үстіңгі жақсүйекте, көздің артқы жағында орналасады. Улы бездегі у үстіңгі жақсүйектегі екі улы тістің өзегі арқылы жеміне құйылады. Жыланның уы мөлдір, сарғыш түсті, иісі болмайды. Сұржыланның уы көбіне қанға әсер етеді де, қан жасушалары, қан тамырлары зақымданады.

Slide 19

Жыланның уы

Slide 20

Жылан шаққан кезде көрсетілетін алғашқы көмек:

- кешіктірмей ауызбен уды сорып тастау

- егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет 10-15 минут бойы жүргізіледі.

- зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қою.

- қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қою.

- аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып тастау.

- зардап шегушіге сусынды көп ішкізу (шай, минерал немесе жай су) .

- ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкізу.

- зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткізу.

Slide 21

Жылан зиянды кеміргіштер, жәндіктермен қоректеніп пайда да келтіреді. Кейбір түрлерінің терісі әсемдік бұйымдар, еті тамақ жасау үшін, ал уы медицинада құнды дәрі - дәрмектер жасауға пайдаланылатындықтан, улы жыландар арнайы тәлімбақтарда өсіріледі.

Slide 22

Кестемен жұмыс

Slide 23

Белгілері

Сүйекті балықтар

Шеміршекті балықтар

Қосмекенділер

Жорғалаушылар

Мекен ортасы

Дене жабыны

Тыныс алуы

Жүрек қуысы

Қаңқа бөлімдері

Көбеюі және дамуы

Slide 24

Белгілері

Сүйекті балықтар

Шеміршекті балықтар

Қосмекенділер

Жорғалаушылар

Мекен ортасы

су

су

Су, құрлық

құрлық

Дене жабыны

қабыршақты

Плакойдты

жұқа, тегіс, безді, ылғалды

Құрғақ, мүйізді қабыршақтармен қапталған

Тыныс алуы

желбезек

желбезек

Өкпе және тері

Өкпе

Жүрек қуысы

Екі қуысты

Екі қуысты

Үш қуысты

Үш қуысты (Крокодилде төрт қуысты)

Қаңқа бөлімдері

Бас, тұлға, құйрық

Бас, тұлға, құйрық

Бассүйек, омыртқа, иық белдеуі - алдыңғы аяқтар, жамбас белдеуі - артқы аяқтар

Бассүйек, омыртқа, иық белдеуі - алдыңғы аяқтар, жамбас белдеуі - артқы аяқтар, кеуде қуысы.

Көбеюі және дамуы

Дара жынысты сырттай ұрықтанады

Дара жынысты, іштей ұрықтанады

Дара жынысты, сырттай ұрықтанады

Дара жынысты, іштей ұрықтанады


Ұқсас жұмыстар
КЛАСС ТАРМАҒЫ
Шаянтәрізділердің көру мүшелері
Қосмекенділер құрылысы
Сүйекті балықтардың жіктелуі
Кит тәрізділер отряды. Ішкі және сыртқы құрылысы
Сүліктер класы
Қосқанаттылар
Топырақ қабаты
Омыртқалылар тип тармағы
Басаяқты моллюскалар класы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz