Шөптесін өсімдік


Slide 1

Магнолидтер. Кариофиелидтер. Ранункулидтер

Slide 2

Магнолидтер

Түр саны 200 000 астам, 300 тұқымдасы бар. Практикалық маңызы зор. Оларды кейде көп жемістілер деп те атайды. Магнолия тәрізділердің қатарына 30 дан астам тұқымдас жатады. Басым бөлігі ағашты өсімдік. Сирек бұталы, сонымен қатар суда да, құрлықта да, өсетін шөптесін өсімдіктер. Гүлінің сыртқы құрылысы ашық тұқымдылардың шишкаларына ұқсас болады. Гүл табаны ұзынша оған спиральдың бойымен саны жағынан ас көп болып келетін гүлдің әртүрлі мүшелері келіп орналасқан. Кейбір жағдайда олардың вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысында ашық тұқымдылармен ортақ белгілері сақталған. Сондай - ақ эфир майлары жиналатын қуыс болады. Тіршілік формаларының басым көпшілігі ашық тұқымдылар секілді мәңгі жасыл ағаштар.

Slide 3

Таралуы

Евразия және Оңтүстік Американың тропикалық және субтропикалық аймақтарында кеңінен таралған өсімдік. Олардың барлығы қарапайым және ертеде пайда болған өсімдік.

Slide 4

Магнолиялар тұқымдасы

Магнолиялар тұқымдасы (лат. Magnoliaceae) - гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класының магнолиидтер класс тармағының (magnoliidae) тұқымдасы.

Магнолиялар тұқымдасы 14 туыс, 240 түрді біріктіреді. Басым түрде солтүстік жарты шардың субтропикалық аудандарына тараған. Магнолилер шығыс және оңтүстік-шығыс азия, солтүстік американың оңтүстік-шығысында, орталық америка және вест-индияда басым түрде кездеседі. Кейбір түрлері ғана оңтүстік жартышарда кездеседі. Шығыс және оңтүстік-шығыс азияда магнолиялардың көп түрі ғана емес, көптеген қарапайым туыстары мен түрлері шоқталған. Тек қана азияда тұқымдастың манглиетия туысы кездеседі.

Slide 5

Тіршілік формалары - ағаш, көбіне өте ірі, кейде бұталар. Кейбір түрлерінің биіктігі 35-40 м., Ал америкалық жауқазын ағашы (американское тюльпанное дерево) - 75 м. Жапырақтары кезекті, жай, қауырсын жүйелі, мәңгі жасыл немесе түсетін бөбе жапырақты. Магнолиялардың гүлдері ірі, (ірі жапырақты магнолияның гүлінің диаметрі 32-46 см жетеді), ашық, ациклді немесе спироциклді, қосжынысты немесе кей жағдайда біржынысты, энтомофильді, жалғыздан. Магнолиялардың кейбір азиаттық түрлерінің гүлдері ерте көктемде жапырақ түзгенге дейін ашылады (ақпанда), басқалары жапырақ түзгенге немесе жапырақ жарғаннан кейін гүлдейді. Ерте гүлдейтін азиат түрлері бақша өсіретіндерді қызықтырады.

Slide 6

Өкілдері

Жауқазын ағашы (лат. Liriodendron tulipifera),

Азиаттық түрлері

Аромадендрон (лат. Aromadendron nutans),

Сингапур талаумасы (лат. Talauma singapurensis),

Вирджиния магнолиясы (лат. Magnolia virginiana) .

Slide 7

Магнолия туысы

Бұл туыстың 70 түрі бар. 20 сәндік өсімдік ретінде, мәдени өсіреді. Солтүстік Америкада мәңгі жасыл түрлері және Азияда жапырақ түрлері кең таралған. Сібір магнолиясы ғана кездеседі. Отаны Флорида. Гүлі үлкен, түсі ақ, иісі болады. Кесілген бөренелері әртүрлі бұйым жасауға қажет.

Slide 8

Кариофилидтер

Гүл серігі қарапайым. Кейде екі шеңберлі. Тостағанша және күлтесі жапырақшаларға бөлінбеген. Желмен тозаңданатын өсімдік.

Slide 9

Қалампырлар тұқымдасы

Қалампырлар тұқымдасы (caryophyllaceae) - қос жарнақты өсімдіктердің бір тобы. Шала бұта не бұта түрінде өседі. Жер шарының солтүстік жартысының қоңыржай аймақтарында көп таралған. 80-ге жуық туысқа бірігетін 2 мыңнан астам түрі белгілі, оның ішінде қазақстанда 30 туысқа жататын 212 түрі өседі. Жапырақтары жіңішке, көбіне қарамауылықарсы орналасқан гүлдері қос жынысты, араларында дара жыныстылары да кездеседі. Гүлшоғыры сыпыртқы не шашақ тәрізді, кейде дара гүлді. Аталығы 10, кейде 5 не бұдан да аз, аналығы - біреу.

Slide 10

Қалампырлар тұқымдасының көп түрлері түнде гүлдейді (мысалы, салбыр сылдыршөп, т. Б. ) Және гүлінен шырын бөлінеді. Осыған байланысты бұлар түнгі жәндіктер арқылы (негізінен көбелектермен) тозаңданады. Жемісі - қорапша, кейде жаңғақ не жидек тәрізді болады. Бұлардың арасында мал азықтық, улы арамшөп, әсемдік үшін өсірілетін, дәрі жасауда, тағам, парфюмерияда, тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылатын, тамырында сапониндер, алкалоидтар болатын түрлері бар.

Slide 11

Негізі жабайы өсімдік. Мәдени жағдайда өсірілетіні аз.

Жұлдыз шөп: көп жылдық және бір жылдық өсімдік. Қазақстанда 20 түрі кездеседі.

Дымқыл жұлдыз шөп: биіктігі 5-35 см, жерге төселіп өсетін арамшөп. Халық медицинасында дәрілік шөп ретінде қолданылады. Жас жапырақтары құстардың жақсы қорегі.

Орман жұлдыз шөп: көп жағдайда көлеңке жерлерде өсетін арамшөп. Маусым айынан бастап, күзге дейін гүлдейді.

Slide 12

Қалампырлар туысы

Қалампыр туысы (гвоздика) . Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу, жартылай бұталар. Гүлдері жалғыздан болады немесе дихазиялы гүлшоғырын түзеді. Тостағаншасы түтік тәрізді, жоғарғы жағында 5 тісі болады. Күлтесі түрлі түсті боялған, жоғарғы жағы шашақты тілімделген болып келеді. Аталықтарының саны 10, аналықтың мойны 2. Дәндері көп. Қазақстанда жабайы қалампырдың 29 түрі өседі. Туыстың белгілі турецкая күлте жапырақшаларының түсі шұбар болып келетін көпжылдық шөптесін өсімдік (гүлі үшін мәдени жағдайда өсіреді) және голландия қалампыры (гвоздика голландская) - үлкен, жағымды иіс шығаратын, түкті немесе қарапайым түрлі түске боялған гүлі бар өсімдік.

Slide 13

Тарандар тұқымдасы

Тарандар тұқымдасы (лат. Polygonaceae) - көп жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасы. Түрлерінің жалпы саны 900-дей (40 туыс) . Түрлерінің шыққан жері орталық жөне оңтүстік америка (ағаш), солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстары (бұталар, шөптер) .

Slide 14

Климаты құрғақ елдерде, мысалы орта азияда, бұталар мен біржылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді; солтүстікке таман өсетін түрлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы, сиректеу топтасып орналасады. Буын аралықтарьшың түп жағын түтік төрізді жапырақ қынапшасы- раструб жауып тұрады. Ол қосалқы жапырақшалардың бірііуінің нәтижесінде пайда болған. Сабағының буыңдары көп жағдайда жуаңдап ісіетен болып келеді, буьш аралықтары түп жағынан біраз уақыт бойы қыстырма меристеманың есебінен ұзындыққа өседі. Гүлдері үсақ, гемициклді немесе циклді, өдетте қосжынысты. Гүлсерігі қарапайым 3-6, сиректеу 5 мүшелі, әдетте бос орналасады, әртүрлі - жасыл, ақ, қызыл түстерге боялған болып келеді. Аталықтарының саны 6-9 (3-8) . Гинецейі ценокарпты 3 (2-4) жеміс жапьірақшалардан тұрады. Гүлтүйіні төменгі. Жемістері 1-дәнді - 3-2 қырлы жаңғақшалар, кейде қанатты болып келеді.

Slide 15

Таран туысы

Таран туысы (горец) . 280-дей түрлері бар, бор-дың флорасыңда 160 түрі, ал Қазақстанда 52 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: бұталар және ағаштанған лианалар, жартылай бұталар, бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің таралған жерлерінің солтүстік шекарасынан бастап австралияға, оңтүстік африкаға және чилиге (космополид туысы) дейін таралған.

Slide 16

Түрлері:

Кызыл таспа, құс таспасы (горец птичий) - биіктігі 10-нан 40 см дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, сабақтары жерге төселіп өседі немесе жатаған болып келеді. Гүлдері жапырақтың қолтығыңда 2-5-тен болады. Жемісі 3-қырлы, түп жағы сопақтау болып келеді. Көптеген жерді алып жатқан таза құс таспасын жиі кездестіруге болады. Өзен жағалауының құмдарында, су қайтқан жерлерде, егістікте және малдың өрістейтін жерлерінде, жолдың жағасында өсетін өсімдік. Дәрілік және жем-шөптік өсімдік болып табылады.

Slide 17

Шырмауық таран- біржылдық өрмелеп өсетін өсімдік, биіктігі 1м дейін барады, гүлдері жапырақтың қолтығында 3-6-дан топтасып отырады. Көп жағдайда егістік дақылдарының арамшөбі болып табылады, дәрілік және бал беретін өсімдік.

Slide 18

Вейрих тараны (горец вейриха) - биіктігі 2-5 м болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, гүлдері жапырақтың қолтығынан немесе сабақтың жоғарғы жағынан шығатын сыпырғы тәрізді гүлшоғырында орналасады. Сахалин, Куриль аралдары, Жапонияда және Қытайда өседі. Сәндік және перспективті жемшөптік өсімдік ретінде себеді.

Slide 19

Рауғаш туысы

Рауғаш туысы (ревень) . Барлығы 35 түр, ал қазақстанда 10 түрі кездеседі. Табиғи жағдайда Азияның таулы, негізінен орталық және шығыс аудандарында өседі. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Осыған дейінгі туыстан гүлсерігінің ішкі шеңберінің ұлғайып өсуімен ажыратылады, ол келешекте жемісінің ұшуын жеңілдетеді. Жемісінің қанатшасы болады, ал андроцейі 9 аталықтан тұрады. Дәрілік рауғаш (ревень дланевидный, или ревень лекарственный), Қытайда және Тибетте кең таралған.

Slide 20

Түрі:


Ұқсас жұмыстар
Плаун тәрізділер класы
Жабықтұқымды өсімдіктер
Даражарнақты класы
Қазтамақ гүлінің пайдасы
Шабындықтың құрлық
Ағаштардың, бұталардың, жартылай бұталардың, шырмауықтар мен жатаған өсімдіктердің жіктелуі
Дара жарнақтылар класы
Эфир майлары
Табиғи жайылымдар, ауыспалы жайылымдар
Дәнді дақылдар туралы жалпы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz