Шәмшаттар тұқымдасы




Презентация қосу
Гамамелидидтер, диллениидтер класс тармағы
Шәмшаттар тұқымдасы

9 туыс, 900 түр жатады. Мәңгі жасыл, жапырақтары қысқа қарай
түсіп отыратын ағаштар мен бұталар. Негізгі өкілі қоңыржай және
субтропикалық аймақтарда кең таралған. Жапырақтары тұтас
немесе қауырсынды, кезектесіп орналасады. Түсіп отыратын
қосалқы жапырақтары болады. Кең тараған туысы емен.
Емен туысы
Дүниежүзі бойынша емендердің 300 түрі кездеседі. ТМД – да 19, қазақстанда 1
ғана түрі бар. Табиғи жағдайда солтүстік ендіктің қоңыржай белдеуінде сиректеу,
субтропикалықта кең таралған. Ағаш бұйымдарын жасауда және құрылыс
материялы ретінде аса құнды. Еменнің жемісі жаңғақ кейде шошқа жаңғақ. Негізгі
өкілі кәдімгі емен. Түрлері:
• Жартас емені – негізінен кавказ және батыс украинада карпат тауының етегінде
өседі.
• Түкті емен – қырымда өседі.
• Тығын емені – емен ағашының көпшілікке танымал түрі. Жерорта теңізінің
батысында кең тараған. Бұл түрі тығын алу мақсатында мәдени жағдайда
өсіреді.
Шәмшаттар туысы
10 түрі бар. ТМД – да 3 түрі кездеседі. Солтүстік
ендіктің қоңыржай климатты зонасында өседі.
Ылғалы жеткілікті, құнарлы жерлерде, шәмшаттар
өнімділігі жоғары орман алқабын түзеді. Ағашы
және діңі құнды. Жаңғақ тәрізді жемісі малға жем
болады.
Қайыңдар тұқымдасы
Қайыңдар тұқымдасы (лат. Betulaceae) – гүлді өсімдіктердің қос жарнақты класына
жататын шамшаттар (лат. Fagales) қатарына жататын бір үйлі, жапырақ тастайтын, желмен
тозаңданатын өсімдіктер.
Негізінен солтүстік жартышардың қоңыржай және салқын өңірінде (кейде оңтүстік азия мен
оңтүстік американың таулы жерлерінде) өсетін 6 туысы 200-ге жуық түрі белгілі. Ал
қазақстанда 3 туысы (қайың, орман жаңғағы, қандыағаш), 17 түрі бар.Тұқымдас өкілдерінің
биіктігі 15 кейде 25–30 м-дей болады. Тамыры берік, жер бетіне жақын орналасады.
Тамырында микориза (кейбір өсімдіктер тамырының саңырауқұлақ жіпшумағымен селбесіп
өсуі) байқалады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, бөбешік жапырақтары (көпшілік
өсімдіктер жапырағының түбін ала шығатын ерекше, әсіресе, жұптаса өсетін өсінді) ерте
түсіп қалады. Гүлі ұсақ, реңсіз, дара жынысты. Аталық гүлшоғырының сырғасы ұзын,
гүлдеген кезде төмен қарай салбырап тұрады, аналық гүлшоғырының сырғасы қысқа, едәуір
тік, пішіні домалақ болады. Жемісі – жаңғақша.
• Қайындар тұқымдасына жататын ағаштар 150, кейде 300
жылдай өсетін бағалы өсімдіктер. Олардың көп түрлері аязға
төзімді. Қайың тұқымдасының өкілдерінің ағашы шаруашылық
қажеттіліктерге, жиһаз жасайтын фабрикаларда, ағаш көмірі
өндірісінде, дегть, жылулық үшін қолданылады. Қайың мен
қандыағаш медицинада маңызды болып табылады.
Қазақстанның қызыл кітабына 4 түр енгізілген: қырғыз қайыңы
(B.Kirghisorum), талас қайыңы (B.Talassica), ярмола қайыңы
(B.Jarmolenkoana), эндемді қандыағаш (alnus glutinosa). Қайың
қабығынан қарамай (деготь) алу ежелден белгілі, онымен
дөңгелектерді, аяқ киімді майлаған. Ал қайың тозынан әсем
қорапшалар, сөмкелер тоқылады. Онымен солтүстік америка
үндістері каноэның (тез жүзетін қайық) сыртын қаптайды.
Талдар тұқымдасы
Талдар тұқымдасы (лат. Salicaceae) – Бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік
ендіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір түрлері қиыр
солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді (карликовая форма). Жапырақтары
кезектесіп орналасатын, жай жапырақтар. Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып
отырады. Аталық және аналық гүлдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), әдетте әртүрлі
особьтарында (екі уйлілік). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-ден 30-ға дейін, кейде
одаңца көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс жапырақшасынан
түратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп. Жемістері екі
жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар. Тұқымының тұп жағыңда бір топ талшығы
болады, эндоспермі болмайды. Талдар тұқымдасьша 400-дей түр жатады, олар үш туыстың
қурамына кіреді: терек (тополь — Рориіиз, 25—30 түр), тал (ива, 350—370 түр) және
чозения (, 1 түр).
Асқабақтар тұқымдасы
Асқабақтар тұқымдасы (лат. Cucurbitáceae) – қос жарнақты бір
және көп жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасының ғылыми
атауы. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі.90 туыс, 700 түрді
біріктіреді. ТМД елдерінде табиғи 29 және мәдениетті түрлерінен 5
туыс түрлері, қазақстанда – 4 туыс, 6 түр өсіріледі. Асқабақтар
ылғалды және қоңыржай құрғақ азия, африка және американың
тропикаларында өседі. Қоңыржай климатты елдерде шектеулі түр
сандары кездеседі, олар асқабақ, қияр, қауын сорттарының
түрлерімен белгілі. Асқабақтар - өрмелегіш өсімдіктер,
жапырақтары кезекті, жай, саусақ салалы жүйкеленген. Әрбір
жапыраққа сол буыннан қарама-қарсы бұтақталған немесе
бқұтақталмаған шығу тегі сабақ мұртшалары қандай да бір тіректі
шырмала өседі.
Гүлдері актиноморфты, дара жынысты, бір үйлі, кейде қос үйлі. Гүл қоршауы қосарлы, бес
мүшелі, тостағаншасы азды көпті кіріккен; күлтелері біріккенкүлте. Аталық гүлдерінде
андроцейі 2 аталықтан, олардың 4-нің жібі жұбымен өседі. Аналық гүлде аталықтары
редукцияланған. Гинецейі ценокарпты, 3 кіріккен жемісжапрақшадан түзілген. Түйіні
төменгі, бір ұялы, үш қабырғала плаценталы. Тұқымбүрі көптеген. Бағаналары кіріккен,
бірақ аналық аузы жемісжапрақшаларының санына тең.
Көптеген асқабақтардың құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар кукурбитацин заты
болады. Тұқымдас жемісі тамаққа қолданылатын бақшада өсетін түрлерімен бағалы.
Өкілдері: қарбыз, қауын, асқабақ, люффа. Көкөністік өкілі – қияр
Асқабақтар тұқымдасының қазақстанда 9 туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ, қияр,
сәнқабақ, қабақ қолдан егілсе, ал атпақияр, итжүзім, қоңыраусары жабайы түрде өседі.
Асқабақтар тұқымдасы бағалы бау-бақшалық, тағамдық, сондай-ақ мал азықтық, дәрілік,
сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және
техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады.

Ұқсас жұмыстар
Түр Орман шамшаты
Гүл формуласы
Қос жарнақтылар класы
Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама
Гүлінің формуласы
Жабықтұқымды өсімдіктер
Жаңғақ тұқымдасы. Бұршақ тұқымдасы. Раушан гүлділер
Шөптесін өсімдік
Айлаулықтар тұқымдасы
РАУШАНГҮЛ ТҰҚЫМДАСЫ ЖАПЫРАҚТАРЫ
Пәндер