Нерв ұлпасының құрылысы мен маңызы




Презентация қосу
Нерв ұлпасының құрылысы
мен маңызы
Орындаған: Тлепбаева С
Қаблаш Л
Тексерген: Асқарбаева Қ
Жоспар:
1. Нерв жүйке жүйесіне жалпы сипаттама;
2. Онто және филогенезі;
3. Нейрондардың және нерв талшықтардың
классификациясы, функцияналдық
құрылысы;
4. Қорытынды;
Нерв жүйке жүйесіне жалпы сипаттама
Нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы
орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын
қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі жасушалардың
ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің
қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады.
Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге
организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.Нерв
жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің
көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Нерв
жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және
басқаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі
жоғары дәрежеде маманданған жүйе.
Нейронның құрылысы
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі
нерв клеткасы немесе нейрон. Орталық жүйке жүйесінде
нейрондарды қосымша клеткалар глиялар қоршаған.
Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Басқа тірі
клеткалар сияқты оның мембранасы, ядросы, ядрошығы
мен органоидтары болады. Нейроннның басқа
клеткалардан айырмашылығы денесінің көптеген
өсінділері болады және цитоплазмасында
нейрофибрилдері бар. Нейронның денесін сома деп
атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді,
дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз
тәрізді, т.б.
Ұзын талшығы аксон (грекше аксон тірек),
қысқа талшықтары дендрит деп атайды. Аксон
арқылы нерв импульсі (қозу) келесі бір нейронға
өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға (немесе
атқарушы органдар клеткаларына) сигнал беруге
маманданған. Аксонның жасуша денесінен
шығатын жері аксон төбешігі (холмик) деп
аталады. Қысқа өсінділер – дендриттер арқылы
қозу нейрон денесіне өтеді. Нейронныњ басқа
нейронмен немесе ет талшығымен түйіскен жері
синапсты( былайша айтқанда байланысты) түзеді.
Нервтер мен нерв талшықтары.
Сырты қабықпен қапталған нерв
клеткасының өсінділерін нерв
талшықтары деп атайды. Нерв
талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және
миелинсіз. Миелинді нерв талшығының
сыртын миелин қабығы қоршаған, ал
миелинсіз талшықтың сыртын тек қана
эндотелий қабығы қоршаған, миелині
болмайды.
Маңызы:
Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне
қарай былай анықтауға болады:
Мүшелерді бір бірімен байланыстырып, организмнің бір
тұтастығын іске асырады;
Денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің
қызметтерін реттейді;
Организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
Сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді
бейімдейді;
Денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің,
бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
Қорытынды:
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған
ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін
морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке
жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері
рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен
жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің
сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке
ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы
тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм
қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және
қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке
жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.

Ұқсас жұмыстар
Нерв ұлпалары
Нейронның құрылысы
Нерв талшықтарының регенерациясы
Шеміршек ұлпасы
Тіс ұлпасының құрылысы
НЕРВ ТАЛШЫҚТАРЫ
Балалар бас миының анатомиясы
Жүректің бұлшықеттері
НЕРВ ҰЛПАСЫ
Балалар бас миының анатомиясы туралы
Пәндер