Дәнекер ұлпасы




Презентация қосу
Дәнекер (ішкі орта) ұлпалары

Орындаған: Тлепбаева С
Қаблаш Л
Тексерген: Асқарбаева Қ
Жоспар:
• 1. Дәнекер ұлпалары туралы жалпы
түсінік(құрылысы, қызметі)
• 2. Ішкі орта ұлпаларының түрлері
A. Тығызталшықты дәнекер ұлпасы
B. Шеміршекті дәнекер ұлпа
C. Сүйекті дәнекер ұлпа
D. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы
E. Қан және лимфа
• 3. Қорытынды
Дәнекер ұлпалары туралы жалпы
түсінік(құрылысы,қызметі)
• Дәнекер ұлпасы (соединительная ткань); (textus соп- nectivus; лат. textus —
үлпа, connectivus — дәнекер) — сыртқы орта және дене қуысымен
шектеспейдi, организмнiң iшкi ортасын құрып, тұрақтылығын сақтайды.
Академик А.А. Заварзин оларды iшкi орта ұлпалары деп атады.Дәнекер
ұлпаларға мына ерекшеліктер немесе белгілер тән: барлық дәнекер ұлпалар
ұрықтық кезеңде көп қабілеттi (полипотент), гетерогендi бастама-
мезенхимадан дамиды. Бiрақ, құрамындағы ұлпа жасушаларының
құрылысы, қызметi әртүрлi болады; қан тамырларымен жақсы
жабдықталған, жасуша аралық заттегінің мөлшерi мол, құрамы,
биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттерi әртүрлi: қан мен сөлде ол
сұйық, шырышты ұлпаларда дiрiлдек тәрiздi, сүйекте қатты болады; аса әр
түрлi ұлпа, оған жоғарыда аталған ұлпалардан басқа, қан өндiру және
арнайы қасиеттi ретикулярлы, бояутек, май ұлпалары жатады; құрамындағы
жасушалар осы ұлпаға тән жасуша аралық заттек өндiредi; жасушалары
еркiн орналасады, қарқынды ауысып отыру қабылетiне ие, полюстенбейдi;
дәнекер ұлпа жасушалары жылдам қалпына келедi, организмнiң қалпына
келу процесiне қатысады.
• Дәнекер ұлпалар организмнің iшкi орта тұрақтылығын қамтамасыз
етiп, қоректiк (басқа ұлпаларды қоректiк заттармен қамтамасыз етедi), тыныс
алу(басқа ұлпаларда газ алмасуын қамтамасыз етедi), реттеушi (басқа
ұлпаларға биологиялық қарқынды заттар бөлiп, өзара iс–қимыл жасау арқылы
әсер етедi),қорғаныш (түрлi қорғаныш, иммундық, басқа реакциялармен
қамтамасыз етедi, фагоцитозға қатысады), тасымалдау, тiректік және
организмнің қуат қоры(майды орналастырып, сақтайды) қызметтерiн
атқарады, олармен қоса басқа ұлпалар, ағзалар құрылымын (негiзiн, стромасын
құрады), пiшiнiн сақтайды.
• Мезенхима - дәнекер ұлпалардың жалғыз даму көзi. Ұрық дамуының ерте
сатысында пайда болады. Жетiлу кезеңiнде әр сомиттен екi мезенхима
бастамасы бөлiнедi. Олар басқа ұрық жапырақшаларымен бiрiгiп, организм
дамуында iшкi ортаны құрады. Мезенхима жасушаларының өсiндiлерi бiр
бiрiмен «құлып тәрiздi» байланысып, торға ұқсас болады да, синцитий деп
аталады. Жасушалары домалақтанып, басқа жасушалармен байланысын бұзып,
жақсы жылжи алады. Мезенхима жасушаларының біразы заттарды тасымалдап,
қорғаныш қызмет атқарып, қан жасушаларына айналады. Басқа жасушалары
жылжымалы түрiнiң айналасында қабырға түзiп, тамырлар құрады. Ондағы
қанды шеттiк деп атайды. Мезенхима жетiлген организмде дәнекер
ұлпалардың дамуына қатысып, оларды құратындықтан жеке түрiнде
болмайтын ұрықтық ұлпа.
• Ұрықтың мезенхимасы-
дәнекер ұлпаның даму
көзі
• Бояу: гематоксилин -
эозин
• 1 - жасушалар: 1.1 –
жасушалар интерфазада,
1.1.1 – жасуша
өсімшелері, 1.2 –бөліну
жасушалары; 2 -
жасушааралық
кеңістіктер
Ішкі орта ұлпаларының түрлері
• Өзінің атына сәйкес барлық ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады. Дәнекер
ұлпасына - сүйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфалар жатады. Дәнекер
ұлпасы:
• 1.Тығызталшықты дәнекер ұлпасының жасушалары бірімен-бірі тығыз тор тәрізді
жанасқан. Жасушааралық заттар аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірдеі
артериялық қантамырлардың қабырғасында орналасқан. Жасушалары бірімен-бірі
тығыз орналасып, ұлпаның біркелкі беріктігін қамтамассыз етеді.
• 2.Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып
тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бірімен - бірі
байланысқан жері, көмей қақпағы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті
дәнекер ұлпасынан түзілген. Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да
шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты болғанымен серпінділік қасиеті бар.
• 3. Сүйекті дәнекер ұлпа құрамында кальций тұзы бар, бірімен-бірі байланысқан
сүйек тақташаларынан түзіген.
• 4.Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының талшықтары бірімен-бірі өріліп,
жасушалары тығыз орналасқан.
• 5.Қан - дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас
болғандықтан, қанды дәнекер ұлпасына жатқызады.
Тығызталшықты дәнекер ұлпасы
• Дәнекер ұлпалардың әдеттегi түрiне талшықты дәнекер
ұлпалар жатады, оны меншiктi дәнекер ұлпа деп атайды. Ол
құрамында өте жоғары деңгейде болатын жасуша аралық
заттегімен (substantia intercellularis) сипатталады. Бұл заттардың
iшiнде айтарлықтай орынды және маңызды рөл атқаратын,
талшықтар алады. Талшықтар арасындағы кеңiстiктi негiзгi
түрсiз (аморфты) заттар толтырып жатады. Жалпы дәнекер
ұлпаларға тән, мына ең маңызды-қоректiк, реттеушi, қорғаныш
және тiректiк қызметтер атқарылады. Олар жасушалар, жасуша
аралық заттектер ара қатысы негiзiне, жасуша аралық заттектер
қасиетiне, құрылым ерекшелiктерiне орай, борпылдақ және
тығыз талшықты дәнекер ұлпа болып жiктеледi.
Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары

• Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ
пішінді, әр жерде топтанып тұрады.
Жасушааралық заттары мөлдір болады.
Омыртқалардың бір-бірімен байланысқан жері,
көмекей қақпақшасы, кеңірдек пен құлақ
қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзіледі.
Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары
да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты
болғанымен серпінділік қасиеті бар.
Сүйекті дәнекер ұлпа
• Сүйекті дәнекер ұлпа құрамында кальций
тұзы бар, бір-бірімен байланысқан сүйек
тақташаларынан (пластинка) түзілген.
Сүйекті дәнекер ұлпасының жасушалары
тірі, қантамырлар мен жүйкелер торлап
жатады. Қаңқа сүйектері түгелдей осы
ұлпадан тұрады. Құрамындағы кальций тұзы
сүйекке мықтылық қасиет беретіндіктен
ағзада сүйектер тірек қызметін атқарады.
Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы
• Борпылдақ дәнекер ұлпаның (textus connectivus laxus) жасуша аралық
заттегінде талшықтары аз, негiзгi түрсiз заттар көлемi үлкен, жасуша
құрамы өте көп және әр түрлi болады. Олар барлық iшкi ағзалар құрамында
кездеседi (ағзалар негiзiн (стромасын) құрады), қан, сөл тамырлары және
жүйкелермен қоса жүредi, терi, кiлегейлi қабықтар құрамына кiредi.
• Борпылдақ дәнекер ұлпада жасушалардың екi түрi болады. Егер де онда
жасушалар тұрақты қатысса - отырықшы (бекiтiлген), көшiп қонушы
болса-кезеген деп, бөледi.
• Отырықшыларға-бiрiгу (адвентициялық), фибробластар (fibroblastus),
фиброциттер (fibrocytus), май жасушалары (адипоциттер) жатады.
• Кезеген жасушалар өте жылжымалы, дәнекер ұлпаға қаннан келедi. Бұл
топқа барлық лейкоциттер (түйiршiктi, түйiршiксiз) жатып, құрамы дәнекер
ұлпаның кейбiр бөлiмдерiнде әртүрлi иммундық реакция, қабынуда өзгерiп
тұрады.
Қан және лимфа
• Организмнің ішкі ортасы (внутренняя среда организма) — адам мен
жануарлар ағзасындағы жасушалық, ұлпалық, мүшелік деңгейдегі зат
алмасу процесі мен дене мүшелерінің құрам тұрақтылығын
(гомеостаз) қамтамасыз ететін, үздіксіз қорғалыста болатын
биологиялық сұйықтар (қан, лимфа және ұлпа сұйығы) мен ішкі орта
ұлпалары (ретикулалы, май, талшықты борпылдақ және тығыз
дәнекер, шеміршек, сүйек ұлпалары). Организмнің ішкі ортасы —
адам мен жануарлар ағзасында зат алмасумен қатар қорғаныс және
тіректік қызметтер атқарады.
• Организмнің ішкі ортасы - қан, лимфа және ұлпа сұйықтығынан
тұратын көптекті ағза жүйесі. Ішкі ортанын салыстырмалы химиялық
құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы
организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда
тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.
Қорытынды
• Дәнекер ұлпасы (соединительная ткань); (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа,
connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері
құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан
дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы
жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде
жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар
көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен
жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер
ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері
басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек
ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы
жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден
басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды
өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда
әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының
маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік,
механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Дәнекер ұлпаларының
жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу
қабілеттері жақсы жетілген. ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек
ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады.

Ұқсас жұмыстар
Тіректі-қоректі ұлпалар
Жалпы гистология
Сүйек ұлпасы
Эпителий ұлпасы
ДӘНЕКЕР ҰЛПАЛАР
Бұлшықет ұлпалары
Ағзаның құрылымдары
Шеміршек және сүйек ұлпалары
Шеміршек ұлпасы
Эпидермис және тамырдың эпиблема
Пәндер