Қазіргі заман мәдениеті: постмодернизм және жаңа заман еуропалық мәдениетінің эволюциясы


Slide 1

Қазіргі заман мәдениеті

Slide 2

Постмодернизм

Постмодернизм (ағылш. postmodernism) - әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хат жүзіндік тіке мағынасы - "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақша баламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр. Сәулетте бұл ағым модернизмнен де көркем дегенді білдіреді. Ол көптүрлі өзге ағымдардың ерекшелігін өз бойына сіңірген, бір бойына барлық ерекшелікті қамтыған бес аспап ағым есептеледі. Кейіннен бұл ағым модернизімге қарсылық ретінде сурет, музыка, философия салаларында да қолданыла бастады және әсіресе философияда ықпалды "Постмодернизм" ағымы қалыптасты. Постмодернизм түптеп келгенде модернизмге қарсылықтан туындаған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс Еуропалық ұлы қиялдың быт-шыт болуы себепті өз бойында тұрақтылық, заңдылық, ереже атаулыдан арылған жаңа ағымның пайда болуына түрткі болды

Астанадағы Хан Шатырдың ішкі көрінісі

Slide 3

Қазіргі заман архитектурасы

Қазіргі заман архитектурасы - 21 ғасырдың сәулеті. Басым стиль жоқ, заманауи сәулетшілер әртүрлі ондаған стильдерде жұмыс жасайды: постмодернизм және жоғары технологиялық сәулеттен бастап; үлкен ауқымда мүсін еске түсіретін өте тұжырымдамалық және мәнерлі стильдерге дейін. Түрлі стильдер мен тәсілдер озық технологиялар мен қазіргі заманғы құрылыс материалдарын жалпы пайдалану сипатына ие. Мысалы: жоғары және жеңіл, ХХ ғасырдың ғимараттарына қарағанда күштірек ғимараттар салуға мүмкіндік беретін құбыр құрылымы және автоматтандырылған жобалаудың жаңа технологиялары пайдалану үш өлшемде ғимараттарды салу және оларды модельдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар дәлдігі мен жылдамдығын арттырады.

Хх ғасырда заманауи сәулеттің негізгі ескерткіштері негізінен америка құрама штаттары мен батыс еуропа шоғырланған болса, қазіргі заманғы сәулет жаһандық болып табылады; жаңа маңызды ғимараттар қытай, ресей, латын америкасында және әсіресе, таяу шығыстағы персид шығанағы елдерінде салынды; дубайда бурж халифа 2016 жылы әлемдегі ең биік ғимарат болды, ал қытайда шанхай мұнарасы аумағы бойынша екінші ірі ғимарат болды.

Slide 4

Дубайдағы Бурж Халифа 2016 жыл

әлемдегі ең биік ғимарат

Slide 5

Уолт Дисней концерт залы

Әлемдік сауда орталығы 1

Эволюция мұнарасы

Бейжің ұлттық стадионы

Сидней Технологиялық университетінің бизнес-мектебі

Slide 6

Жаңа заман еуропалық мәдениеті - еуропа үшін жаңа заман (XVII-XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағбұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. XVII ғасыр ғылыми революция - адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.

Slide 7

Еуропадағы реформация

Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты.

Slide 8

Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI-XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: гоббс, джон локк, спиноза, гуго, гроций және т. Б. Болды.

Томас Гоббс

Гроций Гуго

Бенедикт Спиноза

Джон Локк

Slide 9

XVIII ғасырдағы еуропалық мәдениет - XVII ғасырдағы мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет. XVII ғасыр рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғасыр ағартушылық ғасырына айналды.

XVIII ғасырдағы франция мемлекеті еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т. Б. Жаңа леп, соны бағытгар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін ездерін францияның қарсыласымыз деп есептеп келген испания, германия, польша, ресей, кіші англия сияқты өркениетгі елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды.

Slide 10

Жаңа заман стильдері


Ұқсас жұмыстар
Еуропалық қайта өрлеу және жаңа заман мәдениеті (XVII-XIX ғасырлар)
Жаңа заман батыс еуропалық философиясы: жалпы сипат, рационализм мен эмпиризм
Медиа мәдениет және Сандық Қазақстан моделінің қазіргі заман перспективалары
Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясының тарихы мен негізгі идеялары
Қайта өрлеу мен Жаңа заман философиясы: гуманизм, секуляризация және рационализм
Отбасы және қазіргі заман: құрылымы, функциялары және Қазақстандағы проблемалары
Жаңа заман философиясы: XVII-XVIII ғасырдағы ғылыми рационализм, эмпиризм және материализм
Қайта өрлеу және Жаңа заман: саяси ойлар мен азаматтық концепцияның қалыптасуы
Постмодернизм және болмыстың жаңа онтологиялық стратегиясы
Қазіргі заман мұғалімінің имиджі: кәсіби бейне, сыртқы келбет және оқушыларға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz