Құстар жайлы жалпы сипаттама




Презентация қосу
ТАР
Қ ҰС
Жоспар:
• Құстар жайлы жалпы сипаттама
• Шаруашылықтағы маңызы
• Қызықты деректер
Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар.
Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және
ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен
жүреді, ал алдыңғы аяқтары қанаттарға айналған.
Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың
денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға
ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да
кездеседі.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі
бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман,
ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары
деп бөледі.
Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың
ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған,
төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа,
көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз
тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі
ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат
алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті
энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары
болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу,
қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын
қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден
сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез
қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия
бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу
жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған.
Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының
ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан
саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық
сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік
береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап,
Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде
бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру
кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда
құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал
жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония,
Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.
Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп
атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының
тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен
қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің
маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті
тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы -
сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің
қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға
асады. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі
өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға
үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі.
Тауықтәріздестерден - тауық, күркетауық, тысыр тауығы
(цесарка), тауыс және жапон бөденесі. Үйрек пен қаз да
қолға үйретілген құстарға жатады. Кептер тәріздес құстар
отрядынан қолға үйретілгені – көгершін.
Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат — олардың
жұмыртқасы мен етін алу. Құйрық қауырсыны ұзын болып
келетін тауықтың - феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық
қолтұқымы Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауыс,
көгершін және баққунақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы
торла қолдан өсіріледі. Үй құстарынан ең алғаш қолға
үйретілгені — асыранды қаз.
Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде -
жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында
жабайы қу тұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген.
Асыранды қаздың жабайы арғы тегі сұр қаз бен қу тұмсық
қаздар. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының
түсі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ олар өзара
жұптасып, ұрпақ бере алады.
Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі – күркетауық. Ол
алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде
жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді,
құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12
килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға
үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр
тауығы деп те атайды). Оны да дәмді еті үшін өсіреді.
Қазіргі кезде ңесарканы Еуропа елдері, АҚШ және
Австралияда көптеп өсіреді. Жапонияда қолдан өсіретін үй
құсының бірі - бөдене. Оның жүмыртқасы да, еті де адам
ағзасына сіңімді әрі шипалы. Бұл құс өте өсімтал. 5-6
апталық бөдене жұмыртқалай береді. Әрбір бөденеден
өнеркәсіптік негізде жылына 250-300 жұмыртқа алуға
болады.
Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор.
Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс
шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы -
мал шаруашылығының бір саласы. Құс өсірудің
өнеркәсіптік сипаты бар. Әсіресе арнаулы құс
фабрикаларында тауық өсіру халықты етпен,
жүмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бір ғана құс фермасында 300 мыңнан астам құс
өсіруге болады. Одан жыл сайын миллиондаған
тонна жұмыртқа алынады. Қазіргі кезде түйеқұс
өсіруге ерекше назар аударылуда. Бөдене өсірумен
шүғылданатын да шаруашылықтар бар.
1.Әлемде қанаты жоқ жалғыз құс – киви.
2.Құстардың қауырсындары, оның сүйектерінен ауыр.
3.Құстың жүрегі, ұшу кезінде минутына 1000 рет соғады.
4.Ең үлкен құстар – страустар, олардың биіктігі 2 метрден асады. Ал
салмағы 150 кг-ға дейін жетеді.
5.Ғаламшардағы құстардың ең таралған түрі – тауық.

6.Император пингвині 9 апта бойы қоректенбей жүре алады.
7.Альбатростың қанатының ұзындығы 3-4 метрге дейін жетеді. Бұл
әлем рекорды.
8.Ауыр салмағына қарамастан, әлемдегі ең жылдам жүгіретін құс –
страус (70 км/сағ).
9.Суда ең тез жүзитін құстың түрі – пингвин. Оның жылдамдығы
27км/сағ.
10.Ең ұзақ өмір сүрген құс – сібірдің ақ тырнасы. Ол 1988 жылы 82
жасында қайтыс болды.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ТҮЙЕТАУЫҚ ТҮЙЕТАУЫҚТӘРІЗДІЛЕР
Құстардың қысқы тіршілігі
Құстар біздің досымыз
Құстардың қысқа дайындығы
Құстар класы
Құстарды топтарға бөлу
Үйректерге арналған биотехниялық шаралар биотехниялық шара
Бала тілін дамытудың әдіс - тәсілдері
Құстар жаұсы естиді
Күрделігүлділер тұқымдастары
Пәндер