Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары



Презентация
Silkway Халықаралық Университеті
Тақырыбы:Балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар және интербелсенді жаттығулар.
Орындаған:Атаханова. А
Қабылдаған:Сапашева. А
Тобы-101-81

Дамыта оқыту жүйесінде интербелсенді әдістерді қолдану қазіргі таңда білім беру жүйесінде тиімді оқыту болып табылады.
Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі-«интербелсенді оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы - педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интербелсенді дегеніміз ағылшын тілінен келген «interactіv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.
Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші - үйренуші», «үйренуші - үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер»

Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, оның ішінен керектісін таңдап алу;
- ақпаратты жан-жақты талдау;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- басқа да балама пікірлерді ескеру;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
- ортақ жұмысқа жұмыла білу;
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;
- үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау;

І. Зейінді дамыту және тәрбиелеу жаттығулары
ІІ. Қабылдауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
ІІ. Ойлауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
Балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар және интербелсенді жаттығулар және олардың түрлері

Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары
Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т. б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да, мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе тапсырманы қайталаңыз.
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады.
Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізген қазықты.

Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығын дамыту жаттығулары
Қағазда (1-сурет) кездейсоқ ретпен әріптер басылған (5 жол) . Әр жолда шамамен 30 әріп бар. Бала әр жолды мұқият қарап, әріптер арасынан сөздерді құрауға тырысады. Ол осы сөздерді іздеп табуы (үш, төрт, бес әріпті) және астын сызуы керек.
Табыстылық көрсеткіші - табылған дұрыс сөздер саны және тапсырманы орындау жылдамдығы.
Зейінді одан әрі жаттықтыру үшін өзіңіз осыған ұқсас ынталандыру материалын дайындаңыз.
Әріптер мен сөздерді машинкада немесе компьютерде теруге немесе қолдан жазуға болады. Күлкілі сөздер ойлап табыңыздар, балаларға бұл әрқашанда ұнайды.


ІІ. Қабылдауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
«Дыбыстарды анықта» жаттығуы
Фонематикалық айыруға қабілетін дамытуға арналған. Бұл қабілеттер оқуға, жазуға, шетел тілдеріне табысты оқытудың негізінде жатыр.
Балаға түрлі заттар бейнеленген суреттер ұсынылады (2-сурет) . Баланың бұл затты білетіндігін тексеріңіз. Содан кейін сіз кез-келген сөзді айтыңыз және баладан сол дыбыстан басталатын затты көрсетуін өтініңіз. Мысалы, сіз «сүт» сөзін айтасыз, бала «сиыр» суретін көрсетеді, өйткені екі сөз де «с» әрпінен басталады. Геометриялық пішіндерді қабылдауды дамыту
Балаға түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген суреттер ұсынылады.
Баладан білетін пішіндердің атын сұрап, ал білмейтін пішіндердің атын өзіңіз айтып беріңіз. Келесі жолы одан сіз атаған пішіндердің суретін салуды өтінесіз (дөңгелек, шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, эллипс) . «Пішіндерді аяқта» қабылдау дәлдігін дамыту жаттығуы
Балаларға аяқталмаған, сызықпен бейнеленген түрлі геометриялық пішіндердің суреттерін көрсетеді, бірақ олар аяқталмаған. Оларды баланың аяқтауын өтінесіз (4-сурет) .

«Заттарды салыстыру» ойлау тәсілдерін дамыту жаттығулары
Салыстыру үшін балаға келесі сөз жұптары ұсынылады:
ШЫБЫН ЖӘНЕ КӨБЕЛЕК
ҮЙ ЖӘНЕ ҮЙШІК
ҮСТЕЛ ЖӘНЕ ОРЫНДЫҚ
КІТАП ЖӘНЕ ДӘПТЕР
СУ ЖӘНЕ СҮТ
БАЛТА ЖӘНЕ БАЛҒА
ПИАНИНО ЖӘНЕ СКРИПКА
ҚЫТЫҚТАУ ЖӘНЕ СИПАУ
ТЕНТЕКТІК ЖӘНЕ ТӨБЕЛЕС
ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz