Хирургия тарихы
Презентация қосу
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Медицина Факультеті
БӨЖ
Тақырыбы: «Клиникамен танысу. Хирургия тарихы. Н.И.Пироговтың
қосқан үлесі. Хирургиялық деонтологияның негізгі принциптері».
Орындаған: Абадов Қ.
Қабылдаған: Муратова М.
Тобы: ЖМ-716
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
Хирургияның тарихы мен жалпы мәселелері
Қазақстанда хирургия саласының қалыптасуы.
Хирургиялық деонтологияның негізгі міндеттер
ІІІ.Қорытынды
Хирургия - емдеу саласында терапия және гинекологиямен бірлесе отырып қазіргі
уақыттағы клиникалық медицинаның негізін кұрайды. Негізінде хирург жұмысының
ауырлығы мен күнделікті жауапкершілігі осы бір мамандыққа адамды қызықтыра
түсетін тартушы күш болып саналады.
«Хирургия» деген сөз нені білдіреді? Сөзбе-сөз аударғанда ол « қолмен жүмыс істеу»
деген мағына. Ертеде медицина мен дәрігерлер жоқ кезде адамдар бір-біріне көмек
көрсетуге тырыс қан. Көмекті негізінен бақсылар көрсеткен. Олар сүлік қойып, қан
жіберіп, қан ағуды тоқтатып , аяқ-қол сынып, буыншық қанда көмек жасаған. Бүл
емшілер ешқандай ғылымды қолданбай , өздерінің мыңдаған жылдар бойы жинаған
тәжірибелеріне сүйенген. Бұл емдеу тәсілдері ұрпақтан - ұрпаққа беріліп, уақыт өте
күрделене түскен. Бірте - бірте халықтың тәжірибелерін жинап, оларды ғылыми
тәжірибелерімен толықтыра түскен.Сөйтіп ішкі ауруларды емдеуді ойдан үйренген
адамдар тобы - дәрігерлер бөлініп жыға бастады. Ертеректе адамдар хирургтарды
дәрігерлер қатарына жатқызбады. Дәрігерлер оларды өздерінен төмен санап,
қатарларына қоспайтын болды. Хирургияны ғылым мойындағанша көп уақыт өтті.
Хирургия 18 ғасырда ғана ғылым ретінде
қабылданды. 1731 жылы Француз хирургиялық
академиясы ашылып, онда Париж
университетіндегідей хирургиядан лекция оқыла
бастады. 19 ғасырда ғылымның тез дамуына
байланысты медицина саласында да көптеген
жаңалықтар жасалып, олар хирургияның
дамуына көп көмегін тигізді. Сол 19 ғасырда
хирургияның дамуын тежеп келген көптеген
кедергілер де жойыла бастады. Американдық
Джексон мен Мортон эфир наркозын ұсынып
(1846), Францияда Л.Пастер инфекцияның даму
жолы мен себебін ашты (1857), ал ағылшын
хирургі Д. Листер карболқышқылын пайдалана
отырып жарадағы инфекциямен күресу жолын
ұсынды 1867).
Хирургияның дамуына ерекше үлес қосқан орыс
хирургі Н.И. Пирогов (1810-1881 ) болды. Бүл
көрнекті ғалым хирургиялық анатомия ,
жарақаттық шок, жара инфекциясының алдын
алу, қан ағумен күресу, жансыздандыру , т.б.
көптеген салаларда жүмыс істеген. Н.И.
Пироговтың жолын қуған В.А. Королев (1811-
1892), П.П. Пелехин (1807-1884), С.П. Коломин
(1842-1886), Ф.И. Иноземцев < 1802-1869), Н.В.
Склифосовский (1836-1904), т.б. хирургтар
болды. Қазан революциясынан кейін Россияда қ
алыптасқан хирургиялық мектептерді Н.Н.
Бурденко , П.А. Герцен, С.И. Спасокукоцкий,
Н.И. Пирогов, В.А. Оппель, А.В. Вишневский,
С.С. Юдин сынды әйгілі хирургтар басқарды.
Қазақстан Республикасында хирургияның
дамуына А.Н. Сызганов, В.В Зикеев,
М.И.Брякин, Г.К. Ткаченко , М.А. Алиев , П.П.
Хохлов, Х.Ж. Махажанов , т.б. үлес қосты.
«Хирургия» деген термин «қолмен жүмыс істеу дегенді білдіргенімен» қазіргі
заман хирургі тек қолымен ғана жұмыс істемеуі керек. Ол білімді, хирургиядан
басқа медицина салаларынан да хабардар болуы тиіс. Операция жасау - ауруды
емдеудегі ең маңызды кезеңдердің бірі ғана. Хирург науқасты операцияға
дайындаумен қоса операциядан кейінде дұрыс жүргізуді білуі қажет. Сонымен
бірге ол қай кезде ауруға операция жасауға болатындығын және дұрыс диагноз
қоюды білуі керек. Біраз уақыт бұрын хиругия көп саланы қамтитын үлкен ғылым
болған. Оған акушерство, гинекология , ЛОР, офтальмология , урология, т.б.
кіретін еді. Уақыт өте келе бұл салалар жеке-жеке ғылым салалары болып бөлініп
шықты. Қазір урология , онкология , травматология, нейрохирургия , кеуде
хирургиясы, стоматология , т.б. салалары бар.
Хирургия қалыпты және патологиялық анатомияға, микробиологияға, қалыпты және
патологиялық физиологияға, фармакологияға, ішкі аурулар саласына,
рентгенологияға, физикамен химияға, биологияға, т.б. арқа сүйенеді. Осылардың
барлығын хирург білуі керек. Хирургия бәрінен де терапиямен тығыз байланысты.
Олар бір-бірін әрқашан толықтырып отырады. Мысалы: көп жағдайларда оның
жаралы ауруды (асқазан немесе ұлтабар ойық жарасы), холецистит, жемсауды (зоб)
алдымен терапевт емдейді. Бұл аурулардың асқынуларын емдеуде операциядан кейін
хирург зауқастарды қайтадан терапевтк е көрсетіп, бірлескен емдеу жүйесін
жүргізеді. Хирургияның негізгі тірегі - анатомия . Левенгук микроскопты ашқаннан
кейін анатомия жедел дами бастады. Химияның, биологияның , паразитологияның
жетістіктері хирургияның дамуына зор ықпал жасады. Тәжірибелік физиологияның
ұйымдастыру хирургияда физиологиялық бағыттың дамуына көмегін тигізді.
Әр адамның ауруы басқалардың ауруына ұқсамай, ерекше дамиды. Сондықтан барлық
дәрігерлер , соның ішінде хирургтер де бәрінен бұрын ауруды емес, науқасты емдеуі керек .
Мұны ешқашан естен шығармау керек. Осы шараға сәйкес 19 ғасырда өмір
сүрген орыс терапевті А.Я. Мудровтың мынадай сөздері бар: «Науқастың
қанша түрі болса, емнің саны да сондай болады. Кішкене баланың емі бір бөлек ,
орта жастағының емі өзгеше, ал қарияның емі мүлдем басқаша. Кедейге тыныштық ,
күшті тамақ керек болса, «байға тамақты азырақ ішіп, көбірек қимылдау керек» , -
деген еді. Медицинаның дамуымен қатар хирургияда ілгері басуда. Қазірде хирургтар құрсақ,
кеуде қуыстарына, жүйкелер мен тамырларға күрделі операциялар жасайды. Бұрын тек қиял
болып есептелетін жүректі, басқа мүшелерді ауыстырып салу операциялары қазірде көптеген
клиникаларда жасалады.
Операцияларды жасау тәсілдерінің жақсартылуына байланысты олардың нәтижелілігі де
арта түсті. Мысалы: асқазанға ең алғаш операция жасай бастағанд а тек бірең-сара ң адамдар
ғана тірі қалатын болған болса, қ азіргі уа қытта өлетінде р мүлдем жоқ десе де болады. Ұлы
Отан соғысы кезінд е біздің хирургтардың қ ажырлы еңбегінің арқасында жараланған
жауынгерлерді ң 70%-ы сапқа қайта оралды.
Хирург жұмысының ерекшелігі неде?
1. Хирург қарапайым емнен басқа емнің ерекше түрін - операция жасайды.
2. Хирургтің денесіне, әсіресе жүйкесіне үлкен салмақ түседі және жасалған операция жарасының
іріңдеп кету қаупі тағы бар.
3. Операциялық бөлмедегі зиянды иісті және химиялық заттардың хирургға күнделікті әсер етуі: әр
түрлі дәрілердің тамшылары, науқас денесінен бөлініп шығатын заттар , т.б.
4. Хирургтың жүмысы тек жүмыс күні ғана емес, ол өзіне тән ерекше өмір сүру тәсілі. Күнделікті
күндізгі жүмысынан басқа оны жексенбі күндері немесе түнгі уақытта да ауруға шақыруы мүмкін.
Сонымен бірге операциядан кейінгі кезеңде болатын асқынулар , өлімдер , науқастың жағдайы қалай
болады екен, -деген күдікте р де хирургтің ой санасы мен денсаулығына кері әсерін тигізбей
қоймайды. Әйгілі жазушы дәрігер А.П. Чехов «Дәрігер мамандығы - асқан ерлік» - деп бекерге
жазған емес.
Дәрігер қандай болу керек ?
1.Хирург өзінің мамандығынан басқа да мамандықтарды жете меңгеруді қажет етеді. Ол жақсы
терапевт болуы керек .
2.Ол мынандай екі қасиетті меңгеруі керек:
• Зерек болуы керек, жай уақытта көзге көрінебермейтін, бірақ ауру диагнозын қоюға
көмектесетін шағын ескерілмейтін белгілерді де көре білуі керек .
• Жағдайларды дұрыс бағалай білу керек . Бұл екі қажетті қасиеттер ұзақ уақыт жүмыс істегенде
ғана
пайда болады, әрбір дәрігер жұмысында бос жүрмей осындай қасиеттерд і дамыта білуі керек.
3. Хирург науқастың қамын көп ойлауы керек . Таңертең конференцияға бармай тұрып ол
палатасына кіріп, науқастардың халін біліп, жағдайымен танысып шығуы тиіс.
4. Хирургтың жүмысы өте ауыр болғандық тан оны тек дені сау, білікті адамдарғана істей алады,
сондықтан хирургтың барлық жағдайда төзімдіде шыдамды болуы қажет.
Хирургиялық тәрбие дегеніміз - хирургиялық деонтология
деген сөз.
Деонтология (гр. deon - қажеттілік және logos ілім;
қажеттілік туралы ілім) - этиканың парыз, жалпы қажеттілік
туралы (ізгілік талаптары білдіретіннің барлығы)
қарастыратын бөлімі. Терминді алғаш Бентам жалпы ізгілік
теориясын белгілеу ұшін қолданған.
Деонтология - парыз, міндет мәселелерімен
айналысатын этиканың бір бөлігі. Деонтология әлеуметтік-
тарихи, мәденидәстүрлерге қажетті адамдардың мінез-
құлқын зерттейді
Деонтологияға мынандай түсініктер жатады:
1. Өзін клиникада, операциялық бөлмеде, таңу бөлмесінде ұстай білу,
дұрыс киіне білу.
2. Клиника қызметкерлеріме н дұрыс қатынаста болу, олардың еңбегін құрметтеу.
3. Науқасқа тек бір мезгілдік «жүмыс» ретінде қарамау керек, керісінше «науқас
- хирургия үшін емес, хирургия – науқас үшін» , - деген заңдылықты
ұстау дұрыс болады.
4. Науқастармен сөйлесе білу қажет. Сіздер «сөз емдейді және сөз ауыртады»,-
дегенді естіген боларсыздар. Дәрігерлік құпияныңнеге керек
екендігін әрбір студент - келешек жас дәрігерлертүсіне білулеріңіз керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz