Шұбаттың экономикалық тиімділігі




Презентация қосу
Шұбаттың
экономикалық
тиімділігі
Орындаған: 302 топ студенті
Шынықұл М
Тексерген: Шаугимбаева Н
Шұбат - түйеден өндiрiлген бұл сусын
қазақ аспаздығында кеңiнен
қолданылады. Түйенің сүтін ашыту
арқылы дайындалынады. Шұбат
экономикалық тұрғыданда аса тиімді.
.

Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек
қана нәрлi және дәмдi азық қана емес,
сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң
көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi
бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып
түседi. Шұбаттың бiр литрi адам
организмінің С витаминiне және
рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн
қанағаттандыра алады. Шұбат айранға
қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды
заттарға, витаминдерге өте бай.
Шұбаттың сапасы
көбiнесе ұйытқыға
байланысты.
Шұбаттың ең
жақсысы - күштiсi
болып табылады.
Шұбат та қымыз
секiлдi әлсiз - тәулiк
iшiнде; жетiле
бастаған екi
тәулiктiк – орташа;
және үш тәулiктiк
күшті болып
бөлiнедi.
Ем болатын аурулары
1. Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуын
(желөкпе) күшәлә шұбатымен емдеу жақсы
нәтиже береді. Ол үшін 2-3 тал күшәләні (түгі
қырылған) түйе сүті құйылған сабаға салып, әбден
пісіп, жылыдай орап, түн асырған соң, бір кеседен
күніне үш рет ішеді. Осылай 2-3 ай жалғастырса,
сырқат адам сауығып кетеді. Мұны «күшәлә
шұбат» дейді.
2. Асқазан мен ішек жолдарына қара жел
байланып, ас қорыту нашарлағанда халық
емшілері шай тосабы арқылы емдейді. Ол үшін іші
тазаланып жуылған сырлы шәйнекке су құйып, тас
шай, қалампыр, қара бұрыш, тұз салып, тезек
отына шымырлатып қайнатады. Шәугімдегі дәрі-
дәрмектердің нілі шыққан кезде, екі кеседей
түйенің шикі сүтін қосып, қайта қайнатады. Әбден
демделген қызыл күрең шайға қаймақ, сары май
косады да, бір рет бір-екі кесе ішеді. Бұл емді
осылай бір мезгіл жасайды (жүрек ауруы бар
адамдар байқап ішкені жөн).
Пайдалану мөлшері жағдайға қарай болады. Түйе
• Түйе сүтінен косметика өнімдерін де жасауға болады.
Әзірге мұндай өнімдер Қазақстанда шығарылмайды.
Ол сала әлі дамымаған. Дегенмен, келешегі зор.
Әдетте, косметика өнімдері Франция, Германияда шы
ғарылады. Ал Германияда олар негізінен биенің
сүтінен дайындалатын көрінеді. Бұдан бөлек, сусынды
сұйылтып сары суын алу (сыворатка) елімізде әлі қолға
алынбаған.
Түйе сүтінің түсі әдетте
аппақ болады, дәмі
тұщылау – тәтті немесе
тәттілеу – тұздылау
болып келеді,
консистенсиясы қою, бір
ыдыстан екінше ыдысқа
құйғанда қатты көпіреді.
Шұбаттың сапасы көбінесе
ашытқының сапасына
байланысты.Бөгде,
жағымсыз дәмі мен иісі жоқ
ащы шұбат жақсы шұбат
болып табылады.Мұндай
шұбат күн сайын өндірістік
ашытқы ретінде
пайдаланады.
Қорытынды
Ұзақ жасаудың кепілі – дұрыс тамақтану болып табылады. Әлемде өлім
– жітімнің 60 % сапасыз астан, артық тұтынудан, дұрыс тамақтана
білмеуден туып жатады.Сондықтан да әр елдің өзіндік ұлттық
тамақтану саясаты болу қажет. Адамның дұрыс болып қалыпты өмір
сүруі үшін ең қажеттісі қоректік заттың мөлшері, сапасы, ағзаға ену
мөлшері. Міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Ересек
адамдар үшін микроэлементтердің тәуліктік мөлшері (мг): Al - 49.01, Br
– 0.821, Fe – 1.1 – 30, I – 0.2, Ca – 0.05 – 0.1, Mn – 5-7, Cu – 2-3, Mo – 0.15 –
0.63, Pb – 0.35-0.53, F – 2.3, Zn – 10-15. Қажет десек, құрамында
дәрумендер мен элементтерге бай, түйе сүті мен шұбатты күнделікті
тағам әрі сусын ретінде маңызы өте зор.

Ұқсас жұмыстар
Түйе жануары, ерекшеліктері
Шұбатты лабораториялық зерттеу
Сүт өнімдері
Түйенің өркеші
Еңбек нарығының Инфрақұрылымы
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі
Қазақстандағы түйе шаруашылығы
Өндіріс тиімділігі
Сатылым тиімділігі
Пәндер