Жедел психиатриялық көмек


Slide 1

“Оңтүстік Қазақстан Медициа Академиясы” АҚ

«Неврология, психиатрия және психология»

Орындаған: Есенбекова М. Ә.

Топ: 601 ЖТД

Шымкент 2020

Тақырып: АМСК жағдайында психиатриялық және наркологиялық көмекті ұйымдастыру.

Slide 2

Жоспар

Психиатрия түсінігі

Психиатриялық көмекті ұйымдастыру, ерекшеліктері

Наркология түсінігі

Наркологиялық көмекті ұйымдастыру

Slide 3

• Психиатрия (психе - жан, иатрия - емдеу) - психикалық аурулардың

көріністерін, этиологиясын және патогенезін, ауру ағымының заңдылықтарын, мүмкін болатын асқынуларын, емдік шараларын

және реабилитациясын қарастыратын

ғылым.

Slide 4

Психиатриялық көмекті ұйымдастыру

• Аурудың алдын алуына, ерте анықталуына,

психикалық ауруларды емдеуге, науқастардың

жағдайын жүйелік бақылауға, оларға

әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған ауруханадан тыс және стационарлық психоневрологиялық мекемелер жүйесі құрылды.

Slide 5

Ауруханадан тыс психиатриялық көмек

психоневрологиялық диспансер,

диспансерлік бөлім,

психиатриялық кабинет,

күндізгі стационар.

Психоневрологиялық диспансер орталық

психикалық науқастарға көмек көрсететін орын болып табылады.

Slide 6

Психоневрологиялық диспансер - бұл емдік-профилактикалық мекеме, ол психикалық ауруларды o ерте анықтауға, o науқастарды бақылауға, o емдік көмек көрсетуге, o науқастардың еңбек-әлеуметтік жағдайын жақсартуға, o сонымен қатар ауруды зерттеп, оның себептерін анықтауға, o аурулардың алдын алуына, o санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге арналған.

Slide 7

Психиатриялық көмекті денсаулық сақтау,

әлеуметтік қамсыздандыру, халыққа білім

беру органдары, мекемелер мен

ведомстволардың медико-санитарлық

бөлімдері атқарады. Психикалық ауру адамға көмек емханалар мен ауруханаларда

көрсетіледі. Облыстық және қалалық

психикалық денсаулық орталықтары,

кабинеттер емханалық қызмекте кіреді.

Стационарлық көмек психиатриялық

емханаларда көрсетіледі.

Slide 8

Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің жүйесінде ұзаққа созылған психикалвқ аурулары бар адамдарға арналған интернат, терең ақаулығы бар 4 пен 14 жастағы балаларға арналған интернаттар бар. Денсаулық сақтау министрлігі жүйесінде орталық нерв жүйесінің патологиясы бар 4-ке дейінгі сәби балалар үйі бар. • Аураханада тыс психиатриялық көмекті облыстық, қалалық, психоневрологиялық орталықтар мен аудандық кабинеттер көрсетеді.

Slide 9

Психиатириялық денсаулық орталықтары - психикалық ауруларға арналған әр түрлі көмек шоғырланған мекеме. Орталықтардың негізгі мақсаты психикалық ауру адамдарды есепке алу, оларға диагностикалық және ем көмегін көрсету, реабилитация шараларын жүргізу керек болған жағдайда ауруханаға жатқызу. Ауру адамдарға әлеуметтік және құқылық көмек көрсетуге назар аударылады. • Психикалық денсаулық орталықтарында сотпсихиатриялық, еңбек және әскери экспертизалар өткізіледі. Бұл орталықтарда еңбек-емдеу шеберханалары, күндізгі және түнгі психиатриялық бөлімшелері болады, көмек учаскелік территориялық принцип бойынша атқарылады. Психиатриялық жедел көмектін арнайы бригадасы болады.

Slide 10

Ауруханадағы психиатриялық көмек

• Ауру адамдарға ауруханаға жолдаманы

учаскелік, психиатр-дәрігер не жедел

медициналық көмек бригадасының дәрігері

береді. Жедел көмек көрсету керек болған

жағдайда кез келген маман-дәрігер ауруханаға

жолдаманы бере алады. Ауруды қабылдау

мәселесін қабылдау бөлімшесінің дәрігері

шешеді. Балаларды ауруханаға жатқызғанда

учаскелік педиатр баланың

эпидемиологиялық айналасындағы жағдайы

туралы анықтамасы болу керек.

Slide 11

Психиатриялық көмек- психикалық аруы бар науқастарды емдеуді, оны

диагностикалау және алдын алу

мақсатында ұйымдастырылады.

Slide 12

Егде адамдарға психиатриялық көмек көрсетудің ерекшеліктері

Өкінішке орай тек науқастар ғана емес оның

туыстары мен кейбір дәрігерлер де егде жастағы

адамдардағы психикалық өзгерістерді қартаюмен

байланыстырады. Нәтижесінде науқас адам

маманға тек аурудың созылмалы түріне ауысқанда

немесе қайталанбас өзгерістер болған кезде

соқтығысады. Егде жастағы адамдар өздерінің

туыстары мен жақындарынан қолдауды қажет

етеді. Бұл комплекстер қартаю үрдісінің бірге

жүретін психологиялық себеп пен биологиялық

фактормен жүреді.

Slide 13

Қартаю шағында көптеген психологиялық күрделі жағдайлар пайда болады. Сол себепті үрей, психозақымдаушы жағдайлар мен уайымдар, әр

түрлі қорқыныштар, жылау, жалпы жағдайының нашарлауы, көптеген ауырсынулар және вегетативті бұзылыстар, ұйқысыздық - невроздың

белгілері.

Slide 14

Ересек адамдарға психиатриялық көмек

көрсету түрлері:

*Жедел психиатриялық көмек

*Амбулаторлы-поликлиникалық

психиатриялық көмек (психоневрологиялық

диспансер, поликлиникадағы арнайы

кабинеттер)

*Жартылай стацонарлы психиатриялық көмек

*Стационарлық психиатриялық көмек.

Slide 15

Үлкен жастағы адамдар бұрынғы артта қалған өмірге оралғысы

келеді, өмірбаянының бір сәтіне оралсам деп арамандайды. Шет

елдерде қолданылатын технологияның бірі - психогимнастика.

Бұл технологияда қарттарға арналған «Еске түсіру» клубын

ұйымдастыру. Қарт адамдар жастық шақты, денсаулықты күтуге,

әлеуметтік қызметін еске алуға мүмкіндік тудырады. Оған қоса,

өткенге шолу суреттер, кітаптар, газеттер және журналдар да

көмекке келеді.

Slide 16

Қарттарға еңбектерапиясын қолдануға болады. Индивидуалды

қоғамдық ұйымдарға қатыстыру, әлеуметтік дағдыларды

қалыптастыру, коммуникативті мүмкіндіктер, өзінің өмірін

ұйымдастыруда шешім қабілдау, қоғамдық жұмыстарға белсеңді қатысу. Еңбектерапиясын, бұл жерде әлеуметтік реабилитация ретінде қарастыруға болады. Қартайған кезде бұл тәсіл өте нәтижелі және эффективті. Бұл терапияның ерекшелігі соматикалық және психикалық денсаулықты дұрыс баланста ұстауға көмек көрсетеді. Эмоционалдық қалпын, өмірлік тонусын толыққанды және тең құқықты өмір сүруді сезіндіреді.

* Қарт адамдарды қоғамдық өмірге қатыстыру керек. Олардың еңбегі мен өздерінің қоғам керек екенің сездіру. Олар ақылшы, жастарға жол сілтеуші.

Slide 17

*Балалардағы невроздар,

шизофрения, эпилепсия, бас миының

экзогенді зақымдануы. Бұл аурулар

диагностикасында маңызды рөл атқаратын

негізгі белгілер кез келген жаста кездесуі

мүмкін болғанымен, балалардағы

симптоматикасы ересектердікінен

бөлек. Сонымен қатар, тек қана балаларда

кездесетін бірқатар аурулар кездеседі.

Slide 18

Балаларға психиатриялық көмек көрсетудің ерекшелігі:

*Үш мемлекеттік құрылымның бірігуімен

жүргізіледі: медицина, әлеуметтік қорғау, білім

алу деңгейінде.

*Амбулаторлық деңгейде психиатриялық көмек

көрсету.

*Психиатриялық ауруханалардың бөлімшелері.

*Көп аймақтарда амбулаторлық көмекті

психоневрологиялық диспансерлерде,

поликлиникаларда психиатр қызмет істейді. Олар

науқас балаларды қабылдап амбулаторлық көмек

көрсету үшін емдеудің әр түрлі тәсілдерін

қолданады.

Slide 19

Стационарлық көмек көрсету бұл ірі қалалардағы бөлімшелерде бар. Олар балалар үшін арнайы жабдықталған және он сегіз жасқа дейінгі балалар бақыланады және бұл жерде арнайы педагогикалық жұмыста атқарылады(сыныптық бөлме, ойнауға арналған бөлме) .

*Реабилитациялық және әлеуметтік қолдау

мекемелері оларға жататындар балалар үйі және психоневрологиялық интернаттар. Бұл мекемелер психикалық ауруға байланысты ақыл есі кем және мүгедек балаларға күтім жасайды.

Slide 20

*Баланың қай мекемеде білім алуын арнайы психомедико-педагогикалық комиссия

анықтайды. комиссияның құрамына кіретіндер:

білім алу жүйесінің, әлеуметтік қорғау жүйесінің өкілі, балалар психиатры, дефектолог, психолог және логопед. Олар қалыпты мектепте оқи алмайтын психикалық бұзылысы бар балаларды оқыту тәсілін анықтайды. Комиссия науқас баланың ауру тарихын, баланың өсу тарихын, жазба жұмыстар мен мектептің мінездемесін еске ала отырып анықтайды.

Slide 21

Түзете дамыта оқыту

сыныптарындағы психикалық дамуы тежелген оқушылар ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес білім алады. Психикалық дамуы тежелген балалардың бір бөлігінің

сөйлеу тіліннің жүйелі түрдегі бұзылыстары болады, ал бұл

олардың тақырыпты меңгерулеріне кедергі келтіреді. Осы

оқушыларды оқытудағы түзету міндеттерінің біріне сөйлеу тілін жанжақты дамыту жатады. Оқушылардың тілін дамыту- қазіргі кезде оқутәрбие ісіндегі басты мәселе. Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне сай тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру және мазмұндама мен шығарма жаздыру арқылы жүзеге асырылады.

Slide 22

Психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқытуда тіл дамыту жұмыстары мынадай бағытта ұйымдастырылады.

Сабақты түсіндіру барысында психикалық дамуы тежелген баламен қарым-қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне баурап алуы.

Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдалануы. Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары, қазақ баласының халықтық ұғымына таныс, жеңіл болуы.

Тіл дамытуда мақал - мәтелдер, мысалдар, өлең-жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер таңдалып алынуы.

Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйретіп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Slide 23

Наркология - психоактивті заттарға тәуелділіктің қалыптасуының пайда болу шарттарын және механизмін, диагностика тәсілдерін анықтау, емдеу осыдан пайда болған аурулардың алдын алу.

Slide 24

Наркологиялық көмек түсінігіне кіреді:

Өндірістегі фельдшер - нарколог кабинеттері; дәрігер-нарколог кабинеттері; жеке және диспансер құрамындағы емханалар; емхана немесе стационар ішіндегі күндізгі стационарлар; диспансер қүрамындағы, сонымен қатар бөлек (наркологиялық ауруханалардағы) өз еркімен емделу стационардағы; диспансер құрамындағы күшпен емдеу бөлімдері және бөлек-ЛСПУ - науқастарды емдеу үшін арнайы емдеу-профилактикалық мекеме; бөлек немесе диспанцер құрамындағы наркологиялық науқастардың медициналық-әлеуметтік реабилитация бөліндері; наркоманияның медициналық-әлеуметтік мәселелердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы.

Slide 25

Наркологиялық көмек

• Наркологиялық көмек психиатриялық


Ұқсас жұмыстар
Психиатриялық және наркологиялық көмекті ұйымдастыру принциптері
Эмоция бұзылыстары
Құрысу синдромы
ЕСІ ДҰРЫС ЕМЕС АДАМДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Қазақстан Республикасындағы психикалық денсаулық жағдайы
Баланың сөйлеу қиындықтар
Клиникалық бағыттар
Адамдарға сот тағайындайтын мәжбүрлеу шаралары
Ведомстволық бағыныстылық түсінігі мен түрлері
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар рөлі. Акт саласындағы стандарттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz