Аффективты синдромдар



“Оңтүстік Қазақстан Медициа Академиясы” АҚ
«Неврология, психиатрия және психология»
Орындаған: Есенбекова М. Ә.
Топ: 601 ЖТД
Шымкент 2020
Тақырып: Көңіл-күйдің бұзылуы (аффективті бұзылыстар)


Афект -интенсивтілігі бойынша шамадан тыс эмоциялық реакция аффект болып табылады.
Көрініс ерекшеліктеріне қарай аффект бөлінеді:
физиологиялық
патологиялық

Физиологиялық аффект кезінде эмоциялық жауап күші бойынша сәйкес келеді, одан асып, реакция шыңында сана тарылуымен бірге жүруі мүмкін, бірақ өз жүріс тұрысын бақылай алады және осы кезеңде орын алған оқиғалар есте қалады.
Паталогиялық аффективті бұзылыс кезінде бірнеше минуттан сағатқа созылады, амнезиялық жағдайда өтеді, адам өзінің істеріне жетекшілік ете алмайды, өз істерінің қателігін түсінбейді, артынан осы жағдайда жасаған заңға қайшы әрекеттеріне жауап бере алмайды.

Классификациясы. МКБ 10 бойынша :
1. Маниакальды эпизод (F30)
Гипомания (F30. 0)
Психикалық симптомдарсыз мания (F30. 1)
Психикалық симптомдармен жүретін мания (F30. 2)
Биполярлы аффективті бұзылыстар (F31)
2. Депрессивтік эпизод (F32)
Жеңіл депрессивтік эпизод (F32. 0)
Орташа депрессивтік эпизод (F32. 1)
Ауыр депрессивтік эпизод, психикалық симптомдарсыз (F32. 2)
Ауыр депрессивтік эпизод, психикалық симптомдармен (F32. 3)
Рекуррентті депрессивті бұзылыс (F33)
Көңіл күйдің тұрақты бұзылысы (F34)
Көңіл күйдің басқа бұзылыстары (F38)
Көңіл күй бұзылысы анықталмаған (F39)


Қазіргі жіктелуінде осы синдромдарында 3 түрлі параметір жатыр:
Ақауларға қосылған ( депрессивті, маниакалді, аралас )
Синдром құрылымы ( гормониялық- дисгармониялық, типты- атипты )
Көрініс дәрежесі ( психотикалық және психотикалық емес)
Аффективты синдромдар

Типтік ( гармониялық) синдромдарға міндетті түрде келесі триада тән:
Эмоция патологиясы ( депрессия, мания )
Ассоциативты үрдіс ағымының өзгеруі ( тездетілуі немесе баяулауы)
Қозғалыс- ерік бұзылыстары ( ступор, субступор, қозу, гипобулия, гипербулия)
Осында негізгісі- эмоцияның бұзылыстары боп табылады.

Атипиялық аффективты синдромда қосымша симптомдардың ( қорқыныш, сенестопатиялар, фобия, обсессия, сандырақ және т. б. ) негізгі аффективты белгілерінен басым болуы тән.
Аралас аффективты синдромдарда қарама-қарсы триадаға енетін бұзылыстар тән ( депрессивты қозу) .
Сонымен қатар субаффективты синдромдарды ажыратады.
Түрлері:
Классикалық
Күрделі ( аффективтік- сандырақтық, депрессивты- параноидты, депрессивты- елестік, маниакалды- парафренды)

Үрейлі депрессия
Депрессиялық- сандырақтық синдромы
Апатиялық депрессия
Лавирленген субдепрессия
Алдыңғы орынға қосымша симптомдар ( сенестопатия, алгия, парестезия, сексуалдық, наркоманиялық және вегето-висцералдық бұзылыстар) шығып, ал аффективты симптомдарекінші орынға шығады.
Атипиялық депрессия түрлері


Аффективті бұзылыстардың клиникасы
Негізгі бұзылыстар моторлық белсенділіктің артуы немесе төмендеуі себебінен көңіл - күйдің көтерілуі немесе күрт төмендеуі және де әлеуметтік функциялаудың өзгерістері мен көрінеді.
Клиника эпизод күйінде басталады (маниакальды, депрессивті) биполярлы (екіфазалы) реккуренттік бұзылыстар, және де көңіл күйдің тұрақты бұзылыстарымен сипатталады.
Психоздар арасында психопатологиялық симптомдарсыз интермесси болады.
Аффективті бұзылыстар көбінесе соматикалық сферада көрінеді (физиологиялық улану, салмақ, тері тургоры ж. т. б) .

Аффективті бұзылыстар спектрінде байқалады:
Салмақтың мезгілдік өзгеруі (әдетте қыста семіру, жазда 10% арықтау)
Кешкі уақытта көмірсуға жемірлік, ұйықтар алдында тәттіге құмарлық.
Етеккіралды синдромы, етеккір алдында көңіл күйдін күрт төмендеуі.
«Солтүстіктік депрессия», солтүстікке қоныс аударғандар арасында болады, ол поляр түні кезінде байқалады.

Ұстамалар ретінде немесе аффективті бұзылыстар фазалары арасында интермиссия болатын, психикалық денсаулығының толық қалыптасуымен және тұлға қасиеттерінің өзгеруінсіз жүретін эндогенді ауру.
Маниакальды - депрессивті психоз

Этиологиясы белгісіз, бірақ оған қатысты бірнеше заңдылықтар анықталған:
-Тұқым қуалаушылық
- Ағзадағы биохимиялық және биологиялық өзгерістер
-жасы
-жынысы
-конституциялық ерекшеліктері
Осылардың ішінде тұқым қуалаушылық факторына көп көңіл бөлінген. Аурудың қауіп қатері сибс пен дизиготты егіздерде 20-25%, монозиготтыларда 66- 96% болады.

Маниакальды - депрессивті психоздың патогенезі гипоталамустың нейрондар жүйесімен мидың базальды бөлігінің синаптикалық берілу бұзылысымен байланысты. Бұл бөліктер психиканың мынадай ерекшеліктерінің қалыптасуымен байланысты: психикалық реакция жылдамдығымен, көңіл-күй фонымен, аффективті жағдайлармен.

Маниакалды синдром
Оған тән:
Маниакалды триада:
Көңіл-күйінің жоғарлауы
Ойлаудың тездетілуі
Психомоторлық қозу
Оптимизм
Ұлулық сандырағы
Гипербулия
Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа мерзімді, шрашғыштық сезімі жоқ)
Соматикалық бұзылыстар ( дене салмағының төмендеуі )

Депресивті синдром
Оған тән:
депрессивтік триада
Көңіл-күйінің төмендеуі
Идеаторлық ( интеллектуалдық) мелшию
Моторлық мелшию
Ипохондриялық, өзін-өзі кінәлау сандырағы
Гипобулия
Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа, беткей, ерте ояну)
Соматикалық бұзылыстар ( шырышты қабықшаларының құрғақтылығы, тахикардия, іш қату, мидриаз, артериялық қысымның жоғарлауы, дене салмағының азаюы )
Кездесуі:
Эндогенды депрессиялар (МДП, шизофрения)

Клиникалық көрінісі
Маниакальды - депрессивті психозға тән:
-Фазалық
-Интермиссия
-Мерзімділік

МДП-да маниакальды немесе депрессивті фазалардың ауысуымен, интермиссиямен бөлінген, ешқандай тұлға қасиеті өзгермеуі тән. Әрбір фаза анықталған соң психикалық денсаулығы толығымен қалыптасады. Фазалар ұзақтығы әртүрлі бірнеше күннен бірнеше жылға дейін, орташа ұзақтығы 3-6 ай.

Маниакальды-депрессивті психозға фазалардың пайда болуының мерзімділігі тән. Кейбір науқастарда фазалар белгілі бір мезгілде, жиі күзде және көктемде пайда болатыны белгілі. Фазалар саны әртүрлі: кейбір науқастарда фазалар жыл сайын алмасып отырса, ал кейбіреулерде бір фаза өмір бойы байқалады.

Депресивті фаза
Депресивті фаза психикалық бұзылыс- тардың триадасымен сипатталады:
-Көңіл- күйдің төмендеуі
-Ой баяулауы
-Қимыл- қозғалыстың тежелуі (мелшию)
Психикалық бұзылыстар
Депрессивті фазаның көрінісіне тән:
-көңіл- күйі төмендеуі,
-сағыныш сезімі,
-қайғы
-қажу

Депрессивті фазаның дамуының басталуын көрсететін белгілер:
Ұйқы бұзылуы;
Тәбетінің жоғалуы;
Жүрек аймағында жағымсыз сезім;
Жүрегінің қағуы;
Ауызының құрғауы;
Ішінің қатуы;
Етеккірдің үзілуі.

Бұл жағдайды қателікпен соматикалық ауру деп, яғни жүрек -қан тамыр жүйесінің функциональді ауруларымен шатастырады. Жеңіл жағдайларда эмоциональды бұзылыстар көңіл күй төмендеуімен, өз болашағына сенбеуімен, жалпы жағдайының нашарлығымен, психикалық және физикалық шаршағыштықпен көрініс береді.
Ауыр жағдайларда сағыныш ойларының өршуімен, қайғымен көрініс береді. Қандай да бір жағдайдан шықпайды.
Бұл жағдайлардың ең ауыры “Сағыныш немесе қайғы жарылуы” деп аталған. Бұл кезде қозумен, жылаумен, қыңсылаумен, ымдаумен, өз-өзіне жарақат жасаумен, өлтіруімен көрініс береді. Науқастардың сыртқы көрінісі: мимикасы мен көзі олардың қайғы қасіретін көрсетеді, ауыр жағайларда көзі құрғап қалады, сирек жыпылықтатады. Қабақтың ішкі бетіндегі доғаның орнына бұрышты қатпар түзеді - бұл қатпар Верагут қатпары деп аталады.

Науқас ерні кебеді, тығыз жұмылған, ауыз бұрыштары түсіп кеткен, аузының құрғауы байқалады;
Олар төмен түсіріп, денесіне бекіген қолдарымен, тізелерін бір- біріне тигізіп отырады;
Сұраққа үлкен үзіліспен жауап береді, тыныш, баяу, өлгісі кеп тұрғанын айтады;
Назары төмендеген, ес кабілеті бұзылмаған, болып жатқан әсерлерді бекіту қиындаған;
Олар өздерін мисыз, топас деп санайды;
Қозғалысы аздап тежеледі немесе депрессивті ступорға дейін барады.

Негізгі белгілері
Ойлау бұзылыстары (кінәләу сандырағы, ойдың төмендеуі) ;
Болашаққа жоспардың болмауы;
Суицидальды әрекеттер;
Дереализация;
Сомато-психикалық деперсонализация;
Қабылдаудың төмендеуі;
Назардың төмендеуі.

Вегетативті соматикалық бұзылыстар
Тахикардия
Артериалды гипертензия
Іш аймағында керу сезімінің пайда болуы
Дене салмағының төмендеуі
Етеккірдің тоқтауы
Тәбеті жоғалу

Маниакальды фаза
Маниакальды фаза психикалық бұзылыстардың триадасымен сипатталады:
Көңіл күйдің жоғарлауы-эйфория
Ойдың жылдамдауы
Қимыл- қозғалыстың тездеуі- қозу
Маниакальды жағдай 3 түрлі ауырлықта болады:
Жеңіл- гипомания
Орташа -типті маниакальді жағдай
Ауыр- ұлылық сандырағымен мания, шатастыру маниясы.

Психикалық бұзылыстар:
Көңіл күйдің біртіндеп жоғарылауы
Ұйқысы қысқа, беткей
Жаман жаңалықтар көңілге әсер етпейді
Өздерінен жаңа бір қасиет табады
Науқастар өлең жазады, сурет салады
Жүріс- тұрысы жылдамдайды
Адамдармен тез қарым- қатынасқа түседі
Сексуалдық инстинкттері жоғарылайды, эротикалық тақырыптарда сөйлеседі
Әйелдер ашық киінеді, косметиканы көп қолданады
Қатты күледі, қалжыңдайды, дистания сезімі жоғалады.
Қозғыш, барлық іске араласады
Көптеген жоспарлар қояды
Белсенділіктің жоғарлауына байланысты ұлылық сандырағы көрініс береді.

Аралас жағдайлар
МДП- бар науқастардың 20% -де кездеседі. Бұл жағдай бір фазадан екінші фазаға ауысып жатқанда пайда болады. Оның клиникасы мания және депрессиямен сипатталады. Мысалы: Депрессивті жағдай қозумен және интелектуалды тежелумен қатарласуы мүмкін. Ал мания қимылдың және интеллектуалды жағдайдың тежелуімен жүруі мүмкін.

Дистимия
Созылмалы көңіл-күй бұзылысы, бұл жағдайда адам кем дегенде екі жыл көлемінде көңіл-күйінің күнделікті төмен болуына шағымданады, алайда барлық симптомдар депрессия жағдайына қарағанда жеңіл түрде өтеді. Ауру тек депрессия түрінде өтіп, маниакальды күйге ешқашан ауыспайды.

Циклотимия
Маниакальды-депрессивті күйдің жеңіл түрін циклотимия деп атайды. Бұл жағдайда ауру ұстамасы айқын білінетін психоз дәрежесіне жетпейді, көрінісі жағынан МДП-дың бастапқы сатысына ұқсас келеді. Циклотимияға жиі симметриялы ағым тән болып келеді, яғни субдепрессия және гипоманиакальды кезеңдердің үздіксіз кезектесуімен жүреді.

Ажыратпалы диагностикасы:
МДП-ға фазалық ағым, толығымен психикалық денсаулығының қалыптасуы, ешқандай тұлға қасиеттерінің өзгермеуі тән. Әрбір ұстама психопатологиялық және соматовегетативті бұзылыстармен тығыз байланысты. МДП-да жиі тұқым қуалаушылық бейімділігі тән. Сонымен қатар мерзімділік тән: ұстамалар күз және көктемде жиілейді. Жиі таңғы уақытта айқын болады, кешке қайта орнына келеді.


Болжам:
МДП-да болжам жақсы, себебі ауру фазалары толығымен денсаулылығының, қоғамдық статусы және еңбекке қабілеттілігің қалыптасуымен аяқталады. Ұзаққа созылған фазаларда және интермиссия арасы қысқарғанда болжам нашарлайды.
Болжамды анықтау үшін науқастың жасы, ауру қашан басталғанына, бірінші фазаның клиникалық көрінісіне көңіл бөлеміз. Егерде бірінші фаза маниакальды болса, онда статистика бойынша бірнеше фазалар монополярлы ағыммен болады. Ауру ерте басталса және монополярлы маниясы болса 50-60 жаста сауығып кетуі мүмкін. Биполярлы ағым болжам жаман, толығымен сауығу сирек байқалады. Оларда соматикалық асқыну: гипертониялық ауру және қант диабеті көрініс береді.

Емі және профиктикасы
Нейролептиктер, антидепресанттар, транквилизаторлар қолданылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz