Тынығу уақыты


Slide 1

Еңбек заңнамасы негіздері (Факультатив сабақ)

Топ: 1-18

Пән оқытушысы: Қуанышбай Гүлназ Маратқызы

Slide 2

Сабақтың тақырыбы: Тынығу уақыты

Slide 3 Slide 4

Жоспар:

Тынығу уақытының түрлері

Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс

Демалыс күндері

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс

Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың айрықша жағдайлары

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс

1. Жұмыскерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға арналған, ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс.

2. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді.

3. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды.

Slide 10 Slide 11

Демалыс күндері

1. Жұмыскерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі.

2. Бес күндік жұмыс аптасында жұмыскерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында - бір демалыс күні беріледі.

3. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.

4. Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерге (жұмыскерлер тобына) демалыс күндері ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) сәйкес аптаның әр күндері кезекпен беріледі.

Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

1. Ауысымдық кесте немесе вахталық кесте бойынша вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерді мереке күндерінде, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндерінде жұмысқа тарту үшін жұмыскерлердің жазбаша келісімі және жұмыс берушінің актісін шығару талап етілмейді.

2. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін жұмыскердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 109-бабында көрсетілген мөлшерде ақы төленеді.

3. Мереке күндері кезеңінде, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

4. Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдерді демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Slide 16

Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың айрықша жағдайлары

Slide 17

Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:

1) төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін;

3) тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.

Slide 18

Сабақты бекіту сұрақтары:

Тынығы уақыты дегеніміз не?

Тынығу уақыты қанша түрге бөлінеді?

Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс жұмыс уақытына жата ма?

Демалыс күндері қалай белгіленеді?

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскерлерді тарту қалай ұйымдастырылады?

Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың айрықша жағдайлары

Slide 19

Үйге тапсырма:

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 7 тарау, 80-86 баптарын талдау.


Ұқсас жұмыстар
ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Еңбек шартының бір тарабы - жеке адам
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ЗАҢДАР
Апталық демалыс күндері
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Еңбек шарты
Еңбек қатынастарын реттеу құжаттары: Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы Еңбек келісім шартының түрлері Лауазымдық нұсқаулық
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
Емдеу қорғау тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz