Қазақстандағы гендерлік теңдік: саясат, заңнамалық негіз және зорлық-зомбылықты алдын алу


Slide 1

Гендерлік және рассалық теңдік

Орал 2020

Жәңгір - хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті

Slide 2

Гендірлік саясат-қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Slide 3

Мемлекет басшысы бекіткен Гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлермен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған. Гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.

Slide 4

«Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Стратегия - мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.

Slide 5

Қазіргі кезде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемді жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұрын «Әйел теңдігі» ұғымы мәселе болса, қазіргі таңда ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы, ерлермен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» ҚР Заңы қабылданды және ҚР Президенті жанындағы отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал етеді.

Slide 6

Гендер ұғымын тек қана әйел теңдігін қорғайтын бағыт немесе оның құқықтарын асыра пайдалануды көздеуге бетбұрыс деп қана түсінуге болмайды. Гендер - тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, ал кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс.

Slide 7

Егер адамның биологиялық, әлеуметтік, саяси, психологиялық сияқты жан-жақты қырлары бар екендігін ескерсек, шындығында ер мен әйел абсолютті тең бола алмайды. Осы тұста, «тең» деген түсінікті кейбір батыстық көзқарастар «бірдей» деген ұғыммен алмастырып алады. Сондықтан олар екі жыныстың биологиялық болмысын да теңестіріп жібереді. Міне, соның салдарынан Ұлыбританияда бала туу санының азаюы, сөйтіп, алдағы 40-50 жылда Англияда ағылшын деген ұлттың болмау қаупі туындап тұр. Себебі, әйелдер «біз де ер адамдармен бірдейміз» деген желеумен бала туудан бас тартуда.

Slide 8

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық келесідей жағдайларды қамтиды, бірақ олармен шектеліп қоймайды: - отбасында орын алатын физикалық, жыныстық және психикалық зорлық-зомбылық, оның ішіне ұрып-соғу, отбасындағы қыздарға қатысты жыныстық мәжбүрлеу, қыз жасауымен байланысты зорлық-зомбылық, күйеуінің әйелін зорлауы, әйелдің жыныстық мүшелерін зақымдау және тағы басқа да әйелдерге залал келтіретін тәжірибенің дәстүрлі түрлері, некеден тыс зорлық-зомбылық, пайдаланумен байланысты зорлық-зомбылық кіреді; - жалпы қоғамда орын алатын физикалық, жыныстық және психикалық зорлық-зомбылық, оның ішіне зорлау, жыныстық мәжбүрлеу, жыныстық алымсақтық және жұмыста, оқу орындарында және басқа да жерлерде қорқыту, әйелдерді саудаға салу және жезөкшелікке мәжбүрлеп итермелеу кіреді; - мемлекет тарапынан немесе мемлекет енжарлығынан қайда болса да физикалық, жыныстық және психикалық зорлық-зомбылық.

Slide 9

Әйелдер саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және тағы басқа да салаларда адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау үшін және оларды жүзеге асыру үшін қажетті барлық құқықтарға ие.

Мемлекеттер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты айыптап, оны түбегейлі жоюға қатысты өз міндеттемлерін орындауда ешқандай дәстүрлерге де, әдет-ғұрыптарға немесе діни себептерге жүгінбеуі тиіс. Мемлекеттер барлық тиісті құралдар арқылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жоюға бағытталған саясатты шұғыл түрде жүзеге асыруға міндетті.

Slide 10

Жылдан-жылға гендерлік білім беру жас ұрпақтың толыққанды тұлға ретінде қалыптасуында өзіндік оң нәтижесін беріп келеді. Бірақ бұл әйелдерге немесе ерлерге толыққанды абсолютті еркіндік беріп, жауапкершіліктерін алып тастау дегенді білдірмейді, керісінше, қоғамдағы биологиялық-психологиялық болмысын және мәртебесін сақтай отыра, игілікті-оңды, болмыс тағайындаған дәрежедегі тиісті парыздарын күшейте түсуі тиіс. Бұл екі тарапқа да бірдей қатысты мәселе. Жастарға гендерлік білім берудің басты мақсаттары мен күтетін нәтижелерінің маңыздысы да - осы.

Slide 11

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықты алдын-алу: Қазақстандағы мемлекеттік саясат пен институционалдық механизмдер
Отбасындағы гендерлік рөлдер және Қазақстандағы гендерлік саясат
Қазақстандағы әлеуметтік құрылым және гендерлік саясат: теңдік стратегиясы мен стереотиптерді талдау
Шетелдегі гендерлік саясат: халықаралық тәжірибе мен Қазақстандағы жағдай
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектептегі зорлық-зомбылықты алдын алу: құқықтар, түрлері және психологиялық көмек
Гендер теориясының негізгі концепциялары, гендер психологиясы және Қазақстандағы гендерлік саясат
Қырғызстандағы әйелдер құқықтары мен гендерлік теңсіздік: саяси қатысу, тұрмыстық зорлық және қалыңдық ұрлау
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат пен жыныстық тәрбиенің қағидалары мен ұлттық стратегиялары
Мектептегі зорлық-зомбылық: қауіпсіз білім ортасын қамтамасыз ету және алдын алу шаралары
Қазақстандағы паллиативтік көмек: ұйымдастыру стандарттары, заңнамалық негіз және балалар паллиативінің мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz