Дәрумендердің классификациясы




Презентация қосу
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Дәрумендер

Орал 2020 жыл
Дәрумен (витамин)– адам мен жануарлардың
тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың
бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті
биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен
(латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880
жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы
поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған
тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға
дәрумен терминін енгізді.
Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі
құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп
жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен
тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы,
ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның
құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі
ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D
дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның
улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе,
жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық
дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін
дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.
Дәрумендердің классификациясы
Суда еритін
Майда еритін
Азық-түліктердегі дәрумендер
Адам үшін дәрумендердің негізгі көзіне азық-түлік жатады. Тағамның
құрамында дәрумендердің болуы әр түрлі себептерге байланысты болады:
өнімнің сұрыпы мен түріне байлаысты, сақтау мерзімі мен әдісіне
байланысты, өнімді технологиялық өндеу сипатына байланысты, тағамды
таңдау және тамақтану әдетіне байланысты. Тағамның құрамы да маңызды
рөл атқарады.
К
А В1
В2 В2
Е

РР
А В12

В9
В9
РР
В6
А Д
В6
А Сәбіз, цитрусты Сары май, ірімшік, жұмыртқа,
бауыр, балық майы
Бета-Каротин сәбіз,ақжелкен (петрушка),
саумалдық (шпинат), көктемгі
көк, қауын, қызанақтар,
орамжапырақ, қояншөп, өрік,
брокколи

D Сүт, жұмыртқа, нәлім бауыры,
балық майы, балықтардың
майлы түрлері
Е Жүгері, күнбағыс, зәйтүн майы,
асбұршақ, шырғанақ

К Жасыл шөпті көкеністер,
саумалдық, брюссельді, ақ және
түсті орамжапырақ, тұтас дәннің
жармалары (крупы)
В1 Құрғақ сыра ашытқысы, шошқа
еті, бидай, сұлы өскіні
(проросток), жаңғақтар(фундук)

В2 Ашытқы экстракт, бидай өскіні Бауыр, жұмыртқа сарысы,
мен кебегі, соя бұршағы, ірімшің
брокколь орамжапырағы
РР Жасыл көкеністер, тұтас дән
жармасы, ашытқалар
Ет, тауықтікі де, бауыр, балық, сүт,
ірімшік

В5 Ашытқы, бұршақтар,
саңырауқұлақтар, күріш
Бауыр, етті субтағамдар

В6 Бидай өскіні мен кебегі, жасыл
шөпті көкеністер
Ет, бауыр, балық, сүт, жұмыртқа

В9 Бидай өскіні, жасыл шөпті
көкеністер, жаңғақтар, бұршақтар,
Жұмыртқа, етті субтағамдар

банандар, апельсиндер

В12 Ашытқы, теңіз балдырлары Бауыр, бүйрек, уылдырық,
жұмыртқа, сүт, ірімшік, ет, балық

Н Бауыр, бүйрек, жұмыртқа сарысы
А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі
ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде
көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен
терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол
жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі
күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң
қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл
ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А
дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп
болады. Өсімдіктердің қызыл, сары
жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі.
А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.
Д дәрумені
D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде
күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен
фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының
мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның
құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің
жетіспеуінен болатын
ауру мешел(рахит) деп аталады.
Мешел ауруына шалдыққан
балалардың қаңқасы дұрыс
қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене
салмағының әсерінен майысады,
сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады.
Жұқпалы аурулармен көп ауырады.
Сондықтан жас сәбилердің мешел
ауруына шалдықпауы үшін күн
сәулесіне шығарып шынықтырады. D
дәрумені балық майында, бауырында,
уылдырығында, жұмыртқаның
сарысында, жануарлардың
бауырында, сүт өнімдерінде мол. D
дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері
2,5 мг.
Е дәрумені
Е дәруменi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін
жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері
тұқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ
малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.

К тобының дәрумендері
К дәруменi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің
көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және
жапырақты қырықжапырақ, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат
құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К
дәрумен жоқ.
В тобының дәрумендерідері. Осы топқа
жататын 8 суда еритін дәрумендер бар.
В1 дәруменi (тиамин ) ағзада дұрыс зат алмасуы
үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. дәрумен
жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту
процесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған
жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы
мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы,
келтірілген және тығы зд алған наубайханалық
шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық
азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара
құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан
болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ
болғанда ағза В1 дәруменін көп қажет етеді.
Витамин С
С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу
әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С
дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол
қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі
қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені
жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады,
қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті
құрқұлақ (цинга) ауруына
шалдығады. Адам ағзасы С
дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен
бірге қабылдануы керек. С дәрумені
ағзаға қыс пен көктем айларында
көбірек қажет. Жаңа піскен
көкөністер, жемістер және
тұздалған орамжапырақ құрамында
көбірек кездеседі. Әсіресе
итмұрынның, қарақаттың құрамында
мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік
мөлшері 60-100 мг
Гиповитаминоз
Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді.
Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз
жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит,
асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады.
Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның
жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды.

Авитаминоз
Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда
дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен
синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар.
Д дәрумендердің жетіспеушілігі
Балаларда рахиттің және
ересектерде сүйектердің
жұмсаруына алып
келеді(остеопороз). Ол кейіннен
сүйектің жұмсаруына алып
келеді.
Зат алмасуды бұзады,
біріншіден форфорды-
кальцийлі, сүйектүзілу , жүйке
жүйесінің және ішкі органдардың
Эдвард Мелланби /1884-1955/ жұмысының нашарлауы.
1920 ж.А және D дәрумендері
бар балық майының рахит
ауруына қарсы әсерін
дәлелдеді

Ұқсас жұмыстар
Дәрумендер (витамин)
Дәрумендер туралы жалпы түсінік
Қазіргі таңда елімізді шәймен қамтамасыз ететін компания саны
Дәрумендердің жетіспеушілігі
Құрамында витаминдері бар дәрілік шикізаттар
ВИТАМИНДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Майлар және олардың тамактанудағы маңызы. Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі
ВИТАМИНДЕР. Дәрумендердің топтары мен түрлері
денің сау болсын десең... дәрумендер
Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі Минералды заттар
Пәндер