Нуклейн қышқылы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Нуклейн қышқылы
“ Add your company slogan ”
Орындаған: Құтжан Т. Қ.
Тобы: ТПП-23
Қабылдаған:Аккереева Э. К.
LOGO
Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) —
құрамында фосфоры бар биополимерлер.
Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары
нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеотидтіқ 5'-
фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен
келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-
гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин
қышқылдары углеводты-фосфатты қаққасын
калайды. Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі
тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің
қалдықтарынан тұрады. Олардың м. с. 105—1010.
Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін
мономерлерінің (дезокси- немесе
рибонуклеотидтер) түріне қарай ДНҚ жәңе РНҚ деп
бөлінеді.
Нуклеин қышқылдары тірі клетка
ядросының маңызды құрам бөлігі.
Нуклеин қышқылдары (НҚ)
рибонуклеин қышқылы (РНҚ) және
дезоксирибонуклеин қышқылы
(ДНҚ) болып екі үлкен түрге
бөлінеді. Тірі организмнің құрамына
нуклеин қышқылдарының екі түрі де
кіреді. Нуклеин қышқылдары
жоғары молекулалы
гетерополимерлі қосылыстар
Нуклеин қышқылдарының құрамы мен
құрылысы
Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесінде
нуклеотидтер түзіледі (25-сызбанұсқа). Олар нуклеин
қышқылдары полимер тізбегінде қайталанып отыратын күрделі
құрылым буындары (монометрлері). Ал нуклеотидтерді одан әрі
гидролиздесе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты
негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді.
ДНҚ мен РНҚ құрамының айырмашылығы — нуклеин қышқылын
толық гидролиздеу арқылы анықталды. Оларды
гидролиздегенде, әр түрлі заттардың қоспасы түзіледі (36 кесте).
Нуклеин қышқылдары құрамында көмірсудың гидроксил тобы
мен фосфор қышқылының арасында күрделі эфирлік байланыс
түзіледі, ал азотты негіз көмірсудың жанынан жалғасады.
Полинуклеотидтің құрылысын сызбанұсқамен былай өрнектеуге
болады:
, Нуклеин қышқылының
бірінші құрылымында
мононуклеотидтер белгілі
тәртіппен орналасады.
Нуклеин қышқылының
екінші құрылымы
макромолекулалардың
кеңістікте қос шиыршық
болып орналасуын
көрсетеді. Бұл кезде
молекулалар арасында
және молекула ішінде
сутектік байланыс
арқылы әрекеттесу
болады.
Сутектік байланыс белгілі бір жұп пиримидин және пурин
туындыларының арасында түзіледі. Оларды комплементарлы жұптар
деп атайды. Ондай жұптар: тимин (Т) — аденин (А) және цитозин (С) —
гуанин (G).
ДНҚ-ның қос оралмалы сызбанұсқасында таспамен көрсетілгендері
фосфор қышқылымен көмірсулардың полиэфирінің макромолекуласы.
Бұларды қосып жатқан түзулер пиримидин және пурин туындылары,
олар комплементарлы жұптар.
Нуклеин қышқылының үшіншілік щрылымы — ДНҚ мен РНҚ-ның
кеңістікте шумақталып орналасуы
Нуклеин қышқылдарының маңызы
Нуклеин қышқылдары биологиялық тұрғыдан маңызды рөл
атқарады. Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты
сақтайтын және тасымалдайтын клетканың (жасушаның)
маңызды кұрам бөліктері болып табылады. Нуклеин
қышқылдары белок биосинтезіне қатысады және тірі
организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. ДНҚ
жасуша ядросының хромосомасында (99%), рибосомаларда
және хлоропластарда, ал РНҚ ядрошықтарда,
рибосомаларда, митохондрияда, пластидтер мен
дитоплазмада кездеседі.
Олар клетканың қай бөлігінде шоғырланса, соған байланысты
қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, ДНҚ организмдегі
тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтайтын гендердің құрылыс
материалы болып табылады. Ал РНҚ үш түрлі болғандықтан:
рибосомдық (р-РНҚ); тасымалдаушы (т-РНҚ) және ақпараттық
(а-РНҚ) әр түрлі қызметтер атқарады. ДНҚ мен РНҚ
қызметтері 1940 жылдардан бастап анықталып, түрлі
биологиялық тәжірибелер арқылы дәлелденген. Осы
зерттеулер нәтижесінде молекулалық генетика ғылымы жедел
дами бастады.
Нуклеин қышқылдары. Нуклеин қышқылдарын XIX
ғасырдың екінші жартысында швейцарлық биохимик
Ф.Мишер ашқан, ол жасуша ядросынан құрамында азот пен
фосфоры жоғары мөлшерде болатын затты бөліп алған.
Оны алғаш рет ядродан тапқандықтан (ағылш. нуклеус —
ядро) нуклеин қышқылы деп атады.
Нуклеин қышқылдары генетикалық ақпаратты сақтау
қызметін атқарады. Ал генетикалық ақпарат нуклеин
қышқылдарындағы азоттық, негіздерде жазылған. Онда
организмдегі нәруыз құрылысы туралы ақпараттар
жазылып, сакталып жүзеге асырылады. Нәруыздар
организмдегі барлық басты функцияларды жүзеге асырады.
Нуклеин қышқылдарының екі түрі болады:
дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және рибонуклеин
қышқылы (РНҚ).
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ)
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ). ДНҚ молекуласы бір-
бірімен кезектесіп тізілген дезоксирибоза қанты мен фосфор
қышқылы қалдықтары бар шиыршыңталған (кос оралымды) екі
полимерлі жіпше түрінде болады, бұлар оның молекуласына
қышқылдық қасиет береді. Полимерлік жіпшенің әрбір қант
қалдықтарына тұзу бұрыш бойында азоттық негіздердің біреуі
байланысады: аденин (А) немесе тимин (Т), цитозин (Ц) немесе
гуанин (Г). Екі полимерлік жіпше өзара бір-бірімен бір жіпшедегі
аденин мен екінші қарама-қарсы жіпшедегі тимин арасында екі
сутектік байланыстың түзілуі арқылы байланысады. Азоттық
негіздермен бірге сутектік байланыстар оралымдар және
оралымды сатылар түзеді.
ДНҚ молекуласы нәруыздар туралы ақпаратты сақтау және
жүзеге асыру қызметін аткарады. Сондықтан да молекуласының
бір полипептидтік тізбегі жайлы акпараттар жазылған ДНҚ
цистрон деп аталады.
НАЗАР
АУДАРҒАНДРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz