Түсті металдар туралы түсінік




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті

«Агротехнологиялық» институты
«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялар» жоғары мектебі

5В072700- «Азық – түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 2 курс білім
алушыларына арналған «Тағам өндірісінің үрдістері мен аппараттары» пәнінен

Презентация
Тақырыбы:Тағам өндірістерінің аппараттарын жасауда
қолданылатын материалдар

Орал 2020 жыл
Жоспары:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Түсті металдар туралы түсінік
2.Түсті металдардың бөлінуі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Түсті металдар
Түсті металдар – темірден басқа барлық металдардың өнеркәсіптік атауы.
Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына
қарай түсті металдар темір емес металдар деп те аталады.
хром
Түсті металдарды:
жеңіл (алюминий, магний, титан, берилий, литий, т.б.),
ауыр (мыс, никель, кобальт, қорғасын, қалайы, мырыш, т.б.),
баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром, цирконий, т.б.),
асыл немесе қымбат бағалы (алтын, күміс, платина және платиндық металдар),
шашыранды (галий, индий, талий),
сирек жер (скандий, иттрий лантан және барлық лантаноидтар),
радиоактивтік
(технеций, франций, радий, полоний, актиний, торий, протактиний, уран және
басқа трансуран элементтері) деген топтарға бөлуге болады.
Түсті металдар.Тамақ жабдықтарын
дайындау кезінде түсті металдар мен
қорытпалар: мыс, алюминий, титан,
жез, қола және басқалары кеңінен
қолданылады.
Олар машина бөлшектерін,
сыйымдылықтарды, құбырларды
өндіруге пайдаланады.
Алюминийден жиі орау жасайды. Тот
баспайтын болаттан айырмашылығы,
түсті
металдарға регламент қолданылады,
онда қандай жағдайда қандай
материалды
қолдануға рұқсат етілгені жазылған.
Мысалы, мыс сүт өндірісі үшін
жарамсыз, бірақ
кондитерлік цехтарға арналған
жабдықтарда айырықша қолданады.
Алюминий сүт
өнеркәсібінде балалар тамағын
өндіретін агрегаттардан басқа жалпы
рұқсат етіледі.
Мыс
Мыс – Жер қыртысындағы массасы
бойынша мөлшері 4,7–3%. Негізгі
минералдары: халькопирит, халькозин,
ковеллин, малахит, азурит. Пластикалық
қызыл түсті металл, кристалл торы
қырлары центрленген кубтық. Мыс
кабельдердің, электр қондырғылары мен
жылу алмастырғыштардың ток өткізгіш
бөлігін жасау үшін пайдаланылады.
Қорытпалардың (латунь, қола, мыс-никель,
т.б.) құраушысы ретінде қолданылады.
Қазақстанда мыс кен орындары басты
орында ,Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай,
Жаманайбат жерлерінде мыс өндіріледі.
Мыстың тағы бір қасиеті – өте жоғары дәрежедегі жылу өткізгіштігі. Бұл
қасиетіне сәйкес жылу бөлінетін, жылу беретін жерлерде қолданады. Бұларға
суыту радиоторлары, кондиционерлер және жылу радиоторлары жатады. Өте
жоғары механикалық мықтылығына сонымен бірге механикалық өңдеуге тез
келетініне сәйкес дөңгелек мыс құбырлары сұйықтар мен газдарды тасымалдауға
су құбырларының ішкі системаларында жылыту жүйелерін газбен жабдықтау,
кондиционер құрылғыларында, суыту агрегаттарында пайдаланылады. Көптеген
елдерде мыс құбырлары осы жағдайлар үшін ең негізгі болып табылады.
Франция, Ұлыбритания және Австрияда ғимараттарды газбен қамтамасыз ету
үшін. АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Гонконгта сумен қамтамасыз ету үшін,
Ұлыбритания мен Швецияда жылыту үшін қолданылады. Ресейде мыстан
жасалған су-газ құбырларын пайдалану және өндіру ГОСТ стандартына
сәйкестендірілген. Сонымен бірге мыстан жасалған құбырлармен құймалар, кеме
жасау және энергетикада,аппарат жасауда,кондитерлік цехтарда қолданылады.
Қорғасын
Қорғасын -өте илемді, қара-сұр түсті металл,
адамзаттың ең алғаш қолданған ауыр металдарының
бірі. Оны біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-ІІ
мыңжылдықтырынан бері қолданылып келеді.Ең
алдымен Римдіктер қорғасыннан су өткізетін құбыр
жасапты.Содан кейін шарап құйып сақтап қоятын
ыдыстар жасап, шарап сақтап қойыпты.Қорғасын
ыдыста сақталған шарапты олар жоғары бағалапты.
Өйткені қорғасын зиянды зат бөліп, шараптың дәмін
өзгертіпті. Бұл дәмнің қаншалықты ден саулыққа зиян
екенін римдіктер ол кезде білмепті.Қорғасынның атауы
«Өте лас» деген мағына береді.
Табиғатта қорғасын таза күйінде сирек кездеседі.Ол
жұмсақ, майысқақ және икемделгіш метал.Азот
қышқылында тез ериді.Оның барлық қоспалары қатты
улы болады.
Қорғасынды электр желілерін, аккумляторлар,оқ-
дәрі өндірісінде кеңінен қолданылып келеді.
Қорғасын гамма сәулелерін жақсы
сіңіреді.Сондықтан оны радиоактив заттармен және
рентген сәулелері мен жұмыс істегенде қолданып
келеді.Ренткенге түсіретін адамдардың
алжапқыштары мен қолқаптары өте ауыр
болады.Өйткені ол қорғасын қосылған жіптен
жасалады. Кейбір еріген қосылыстары
медицинада,аппарат жасауда қолданылады.Қалай
айтсақта қорғасын, бағалы, дүниежүзілік саудада
сұранысқа ие метал. Қазақстандағы кендері Оңтүстік
және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды
облысында.
Магний
МАГНИЙ. Магний күмістей ақ, өте жеңіл, берік
металл.Магнийдің берік және жеңіл құймаларын
авиацияда және машина жасауда,тағам аппараттарын
жасауда кеңінен қолданады. Бұл құймаларға , магналит
және т.б. жатады. Магнийді шойынға қосқанда
шойынның беріктігін және иілгіштігін едәуір
жоғарылатады. Mагний ауада қорғаныш қабықшасымен
қапталады,оның құймасы техникада кеңінен
қолданылады.
Хром
Хром -ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл,
хромды қолдану оның қаттылығы мен жылу және
каррозияға төзімділігіне негізделген.Хромды
арнайы техникалық жабдықтар
жасауға,металлургияда,тамақ өнімдерінің,аспап
жасау аппараттарын жасауда қолданылады.
Металдарды кесуге арналған
электродтарды,металлокермикалық материалдарды
жасауда хром ұнтағы қолданылады.
Хром мен магнезиттердің қоспасын отқа төзімді
материалдар жасауда қолданылады .Химия
өнеркәсібінде,мата-қағаз өнеркәсібінде,медицинада
хром кеңінен қолданылады.
Титан
Титан-қосылыстарының балқуы
қиын, өте қатты, түстері әр түрлі
болып келеді. Титанды өндірісте
кентас концентраттарын хлорлап,
алынған TіCl4-ті магниймен (кейде
натриймен) тотықсыздандырып,
титан кірмесін (губка) алады. Оны
вакуумдық доғалы пештерде
балқытып, кесек металл алынады.
Титан авиация, зымыран, кеме,
автомобиль жасауда қолданылатын
беріктігі жоғары титан құймаларын
(Al, V, Mo, Mn, Cr, Sі, Fe, Sn, Zr, Nb,
т.б.) дайындауға және
радиоэлектроникада,тағам , шарап,
қағаз, бояу өнеркәсіптеріне қажетті
аспаптар мен қондырғылар жасауда
кеңінен қолданылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Линчевский Б.В., Соболевский А.Л., Кальменев А.А.
Металлургия цветных металлов 1986, 360 с.
Ковтунов А.И., Черманшенцева Т.В Металлургия цветных
металлов 2008,225 с
kk.wikipedia.org

Ұқсас жұмыстар
МЕТАЛЛ МАТЕРИАЛДАР
ТАУ - КЕН ІСІ КАРЬЕР ЖӘНЕ ШАХТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
Түсті металлургия
Пайдалы қазбалар туралы түсінік
Металл емес материалдар
Металлдар өндірісі жайлы
Металдар өндірісі
Шикізат және материалдық ресурстар
Атомның кванты - механикалық моделі. Квант сандары. ПЖ құрылысы: периодтар, топшалар, s, p, d - элементтер
Металдар өндірісі туралы ақпарат
Пәндер