ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІ




Презентация қосу
ХХ ғ. және ХХI ғ. басындағы
қазақ халқының мәдениеті әлемдік
үдерістер аясында.
1.Х1Х-ХХ ҒҒ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІ
2. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ МӘДЕНИ НЕГІЗДЕР
3. ХХ Ғ. ЖӘНЕ ХХI Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ БАТЫС СУБМӘДЕНИЕТІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ ТУРАЛЫ
МЫНАДАЙ ЖАЛПЫ БІР СХЕМА (КЕСТЕ) КӨП ЖЫЛДАР
БОЙЫ “АҚИҚАТТЫҢ БІРДЕН-БІР КӨРІНІСІ” ДЕП
ЕСЕПТЕЛІНІП КЕЛДІ: ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙГЕ
ҚОСЫЛМАСА, ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНАН
ХАЛЫҚ РЕТІНЕ ҚҰРЫП КЕТЕТІН ЕДІ (АЛАЙДА, XVIII Ғ-
ДЫҢ ОРТАСЫНДА АБЫЛАЙ ХАН МЕМЛЕКЕТІ
ЖОҢҒАРЛАРДЫ ТҮПКІЛІКТІ ЖЕҢГЕН). ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ
РЕСЕЙ АРҚЫЛЫ ЕУРОПАНЫҢ ОЗЫҚ МӘДЕНИЕТІМЕН
1.Х1Х-ХХ ҒҒ. ТАНЫСТЫ (БҰЛ АМЕРИКАДАҒЫ ҮНДІСТЕРДІҢ
“ТАНЫСУЫНА” ТЫС ҰҚСАС). РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА ФЕОДАЛИЗМ
МӘДЕНИЕТІ ШАЙҚАЛЫП, ОЗЫҚ КАПИТАЛИСТІК ӨНДІРІС ТӘСІЛІ
ЕНЕ БАСТАДЫ (БАЙ МӘДЕНИ МҰРАСЫ БАР ҮНДІ
ЕЛІНІҢ АҒЫЛШЫН ОТАРЫНА АЙНАЛҒАНДАҒЫ
“ЖЕТІСТІКТЕРІ СИЯҚТЫ”). ДЕГЕНМЕН ДЕ ОРЫС
ҒАЛЫМДАРЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫН,
ТҰРМЫСЫН,МӘДЕНИЕТІ МЕН ТІЛІН ЗЕРТТЕУДЕ КӨП
ЖҰМЫС ІСТЕДІ. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ЗЕРТТЕУШІЛЕР В.
В. РАДЛОВТЫҢ, А. И. ЛЕВШИННІҢ, В. В. ВЕЛЬЯМИН-
ЗЕРНОВТЫҢ, А. И. ДОБРОМЫСЛОВТЫҢ, УКРАИН
АҚЫНЫ Т. Г. ШЕВЧЕНКОНЫҢ Т.Б. ЕСІМДЕРДІ АТАП
ӨТУГЕ БОЛАДЫ.
Қазақстан жерінде алғаш құрылған ірі ғылыми жағрафиялық қоғам 1868 жылы Орынборда ұйымдасқан еді.
Оның қызметіне орыс саясатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене
қатысты, ол Ш. Ш. Уәлихановтың замандасы және досы болған. Елiмiздiң мәдениетi мен қоғамдық ой-
пiкiрiнiң тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерттеушi Ш. Ш. Уәлиханов /1835-
1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметi қазақ даласында
прогресшiл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шоқан 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркiстанда болып,
ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда Қырғыз елiнiң. тарихына
байланысты бай материал жинап, соның негiзiнде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының.
тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ал орыстың атақты
жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретiндегi
көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшiл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А.
Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдiң ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық, мүшесi болып
сайланды. Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында халықтық мектептердiң ашылуы аса көрнекті
ағартушы, қоғам қайраткерi, жаңашыл-педагог, этнограф, ғалым, қазақтың жазба әдебиетiнiң және тiлiнiң
негiзiн салушылардың бiрi – Ыбырай Алтынсариннiң eciмімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс
графикасына негiздеп қазақ әлiп-биiн жасады. Осы әлiп-би бойынша жургiзiлген сабақтар ол
ұйымдастырған қол-өнер және ауыл шаруашылығы училищелерiнде қазақ балаларының дүниеге көзiн
ашты. Ал қазақ қыздарын өнер-бiлiмге кеңiнен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты
1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы
Ақтөбеде жұмыс iстей бастады. Оны бiтiрген қыздар кейiн қазақ даласында бiлiм ұрығын септi. Ыбырай
Орынбордағы ғылыми-жағpафиялық қоғамның тiлшi мүшесi болып сайланды.
Ыбыраймен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /
1832-1872 жж./ өзiнiң шығармашылығымен кеңiнен мәлiм. Орынбордағы кадет корпусын үздiк бiтiрген ол қазақтардың
медениет, бiлiмге деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тiршiлiгiне, Орал казак-орыстарының зорлық-
зомбылығына байланысты Петербургте, Мәскеуде, Астраханьда шығатын газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар
жариялады. Ал орыстың ғылыми-жағрафиялы қоғамының мүшесi болды. XIX ғасырдың екiншi жартысында өмip сүрiп
өздерiнiң халықтың мұң-мұқтаждарымен үндесiп жатқан тамаша шығармаларымен танымал болған Махамбет, Шернияз,
Сүйiнбай, олардан кейiн iле-шала шыққан Бақтыбай, Марабай, Шөже, Кемпiрбай қазақ мәдениетiнiң тарихында өшпес iз
қалдырды. Қазақтың көрнекті ақындары Орынбай, Шөже, Бiржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, т.б өлең-жырлары өздерiнiң
терең мазмұнымен жұртшылықты тәнтi eтті. Айтысқа түсiп жүлде алып, өлеңдерi жұрттың есiнде, аузында жүрген
қазақтан шыққан қыз-келiншектер де аз болған жоқ. Сара, Айсұлу, Манат; Балқия, Рысжан, т.б. солардың қатарына
жатады. Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттiмбет, Ықылас, атақты
әншiлер Мұхит, Әсет, Бiржан сал, Жаяу Мұсаның есiмдерi бүкiл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра
бүгiнгi таңда да қазақ халқының игiлiгiне айналып отыр. Қазақтың жазба әдебиетiнiң негiзiн салушы - Абай Құнанбаев.
XIX ғасырдың екiншi жартысында өмip сүрген ол өлеңдер, дастандар, қара сөзбен жазылған хикаялардың мол мұрасын
қалдырды. Ол өз шығармаларында адамгершiлiкке, рухани тазалыққа үндедi. Оларға жат қулық-сұмдыкты, залымдықты
шенедi. Ол туралы қазақтың аса көpнектi ойшыл жазушысы Мұхтар Әуезов былай деп жазды: "Абай өзiнiң кiршiксiз ақ
жүрегiн тебiренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жырларының бетiне маржандай төгiлдiрдi, оның әрбiр
бетiнен, әрбiр жолынан, әрбiр сөзiнен бiзге соншама ыстық, соншама жақын леп сезiледi, ол леп кешегi өткен заманның,
кешегi тәркі дүниенiң соққан тынысы болса да бiзге түсінікті, жүрегiмiзге қонымды. Абай лебi, Абай үнi, Абай тынысы
заман тынысы, халық үні. Бүгiн ол үн бiздiң үнiмiзге қосылып жаңғырып жаңа өpic алып тұр".
АБАЙДЫҢ АҚЫН ШӘКIРТТЕРI ӨЗ БАЛАЛАРЫ - АҚЫЛБАЙ, МАҒАУИЯ, ТУЫСЫ КӨКБАЙ, IНIСI ШӘКӘРIМ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТIНIҢ АЛТЫН ҚОРЫНА ҚОСЫЛАТЫН
КӨПТЕГЕН ШЫҒАРМАЛАР ҚАЛДЫРДЫ. ӘCIPECE, ШӘКӘРIМ ҚҰДАЙБЕРДIҰЛЫНЫҢ /1858-1931/ ЖАЗҒАНДАРЫ КӨП БОЛДЫ. ОЛ СОҢҒЫ УАКЫТҚА ДЕЙIН ХАЛЫҚ
ЖАУЫ РЕТIНДЕ АТАЛЫП, EСIМI ЖҰРТКА БЕЛГIСIЗ БОЛЫП КЕЛДI.

АДАМДЫҚ; БОРЫШ АР ҮШIН,
БАРША АДАМЗАТ ҚАМЫ ҮШIН,
СЕРТ ҚЫЛАМ ЕҢБЕК ЕТЕМ ДЕП,
АЛДАҒЫ АТАР ТАҢ ҮШIН,

деп серт еткен ол қазақ халқының мәртебесiн биiктетiп, мол әдеби мұра қалдырды. шәкерiм жазған "қазақ шежiресiн", "қалқаман-
мамыр", "еңлiк-кебек", "дума", "дубровский әңгiмесi" /пушкиннен/ деген поэмаларын, хафиз ақын өлеңдерiнiң, американ жазушысы
бичер-стоу гарриеттiң "том ағайдың лашығы" деген романының, лев толстойдың шығармаларының қазақ тiлiндегi аудармаларын атауға
болады. қазақтың ipi ойшыл шежiрешiсi, ақыны мәшүр жүсiп кебеев те /1858-1931/ осы шәкерiм тұстас өмip сүрiп, халық сүйiп оқитын
шығармалар жазды. xix ғасырдың аяғы мен хх ғасырдың басында қазақ халқының саяси-мәдени өмiрiнде жарық жұлдыздай көзге
түскен, әмiршiл-әкiмшiл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген ахмет байтұрсынов /1873-1938/, мағжан
жұмабаев /1893-1938/, жүсiпбек аймауытов /1889-1931/, мiржақып дулатов /1885-1935/ сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы
кейiнгi кезде ғана танысуға мүмкiндiк алды. олардың еңбектерi мен олар туралы деректер қазiр көп жариялануда. солардың арасында
1992 жылы "жалын" баспасы шығарған "бес арыс" жинағын атауға болады. ахмет байтұрсынов қазақ елiнiң тәуелсiздiгi, қазақ халқының
бақыты үшiн үлкен соқпақты жолдан өтiп, қазақтың тiл бiлiмiн дамытуға зор үлес қосты. оның аудармасында крыловтың "қырық
мысалы" қазақ тiлiнде шықты. "маса" деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрдi. саясатқа, мәдениетке байланысты орасан көп
шығармалар жазды. ол "алаш" партиясын ұйымдастырушылардың бiрi. ол өнерлi адам болған, шығарған әндерi де сақталrан. оның
еңбектерiнiң денi тiлге байланысты, сондықтан да қазақтың ұлттық академиясының тiл институтына ахмет байтұрсынов eciмi берiлген.
қазақтың пушкинi аталған мағжан жұмабаев сыршыл ақын болған. мухтар әуезов оны қазақ ақындарының қара қордалы ауылында
туып, еуропадағы мәдениетпен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан ақын деп суреттейдi. ол қазақ әдебиетiндегi абайдан кейiнгi
аса биiк тұлғалардың бiрi. сондай ipi тұлғалардың қатарына жүсiпбек аймауытовты да жатқызуға болады. ipi драматург, қара сөзбен
жазғандары, өлеңдерi көп бұл әдебиетшiнi де халық қатты қастерлеп сүйiп оқыған.
1925 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАДА НЕ БАРЫ 31 ГАЗЕТ, ОНЫҢ IШIНДЕ ҚАЗАҚ ТIЛIНДЕ 13 ГАЗЕТ ШЫҚТЫ. КЕЙIН ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ ӨСЕ
БЕРДI. 1930 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 27 АУДАНЫНДА ӨЗ ГАЗЕТТЕРI ШЫҒА БАСТАДЫ. 1931 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАНЫҢ "ЕҢБЕКШI
ҚАЗАҚ" ГАЗЕТIНIҢ 900 ҚОҒАМДЫҚ ТIЛШIСI IСТЕДI. 1926 ЖЫЛЫ НЕ БАРЫ 41 ГАЗЕТ ШЫҚСА, БIРIНШI БЕСЖЫЛДЫҚ ЖЫЛДАРЫНДА 120
ГАЗЕТ, ОНЫҢ IШIНДЕ ҚАЗАҚ ТIЛIНДЕ 62 ГАЗЕТ ШЫҒЫП ТҰРДЫ. ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ ЖЫЛ САНАП ТОЛЫҒЫП, ЕКIНШI БЕСЖЫЛДЫҚТА
ЖАЛПЫ САНЫ 280-ГЕ ЖЕТТI.
республикада кiтап бастыру ici едәуiр дамыды. шығарылатын кiтаптардың таралым данасы өстi. 1925 жылы 443 мың дана
таралыммен 96 кiтап шықса, 1930 жылдары үш миллион даналық 200-ден аса кiтап шығарылды. республикада қазақ тiлiндегi
алғашқы оқулықтар қазан қаласында бастырылды. орыс тiлiндегi оқулықтар мәскеуден алдырылды. қазақ тiлiнiң тұңғыш
әлiппесiн жасап, соңынан iз салған жаңашыл ағартушы-ғалым ахмет байтұрсынов елде oқy-ағарту iciн дамытуға үлкен еңбек
сiңiрдi. ол жазған мектеп окулықтары 1927-1928 жылдарrа дейiн пайдаланылып келдi. қазақ оқушыларының ересек буыны
сауатын байтұрсыновтың "әлiп-биiмен" ашып, ана тiлiн байтұрсыновтың "тiл құралы" арқылы оқып үйрендi.1933 жылдан бастап
бастауыш мектеп 4 кластық, орталау мектеп 7 кластық және орта мектеп 10 кластық болып қайта құрылды. қоғамдық саяси
пәндердi оқытуға және оқушыларға жаңаша идеялық тәрбие беруге ерекше мән берiлдi. екiншi бесжылдық жылдарында
республикада мұrалiмдер саны eкi еседен астам көбейiп, 14 мыңнан 31 мыңға жеттi.1936 жылы май айында москвада өткен
қазақстан әдебиетi мен өнерiнің aлғaшқы онкүндігi қазақ әдебиeтi мен өнер жетiстiктерiнiң айғағы болды. үкімет қазақ халқының
әдебиет пен өнер қайраткерлерiнің таланты мен шеберлiгiн жоғaры бағалады. жазушылардың, артистердiң" мәдени құрылыс
қайраткерлерiнiң үлкен бiр тобы - ж. жабаев, с. сейфуллин, а. жұбанов, т. жүргенов және басқалар үкiмeт наградаларына ие
болды. к. бәйсейiтова ксро халық артисi деген жoғaры атақ алды, ал көп адамдаpғa қазақ кср-iнiң халық артисi және еңбек
сіңірген артисi деген атақтар берiлдi. қорытып айтқанда, көптеген қиыншылықтарға, бұрмалаушылықтapғa, кемшiлiктeрге
қарамастан қазақстанда 20-шы және 30-шы жылдарда мәдени дамуда бiрсыпыра iлгерлеушiлiктер орын алды. егер 1937-1938
жылдары «сталиндiк жезтырнақ аппарат» қазақ зиялыларын қудаламағaнда бұл табыстар қомақтырақ болуы мүмкiн eдi. сондай-
ақ: республика мәдениетiнiң одан әpi кеңiнен дамып, құлаш жаю процесiне1941 жылы басталған ұлы отан соғысы да кepi әcepiн
тигiздi.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі
оқу-ағарту ісі
XX ғасырдағы
мәдениет
Сталин қайтыс болғаннан кейiн 50-шi жылдардың орта шенiнен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистiк
зандылықтарды қалпына келтiруге бағытталған бiрсыпыра шаралар iскe асырылды. 1950 жылы 26 желтоқсанда "правда" газетiнде
жарияланған "қазақстан тарихының мәселелерi мapкcтiк лениндiк тұрғыдан баяндалсын" деген мақаланы талқылауға байланысты бүкiл
одаққа, тiптi дүние жүзiне танымал тұлғалы қайраткерлер М. О. Әуезов пен Қ. И. Сәтбаев, сондай-ақ, республиканың басқа да көрнекті
жазушылары мен ғалымдары орынсыз жазғырылып, датталды. "Жылымық жылдары" деген атпен тарихқа енген 50-шi жылдардың екiншi
жартысынан былайғы кезеңде көптеген игi ic атқарылды. Басшылықтың ұжымдық принципi енгiзiлiп, әкiмшiл-әмiршiл басқару жүйесi
босаңси бастады. Қағазбастылықпен, жиналыс, мәжiлiс өткiзумен әуестенушiлiкпен күрес күшейдi. Ұлт мәселесiндегi бұрмалаушылықтар
түзетiле бастады. Ұлттық республикалардың құқықтары кеңейтiлдi. Сол жылдардағы рухани мәдениеттегi субъективизм мен тұрпайы
социализм элементтері бiрқатар қиындықтарға әкелдi. Мәселен, әдебиет пен өнердің өмірді көпе-көрнеу боямалайтын тартыссыз
шығармалары одан әрі туындады.Кино өнерiнде картиналарды аз жасау керек, бiрақ олар бipден "асыл қазыналар" қатарына кipyi керек,
әрбiр фильмде қазiргi заманның аса маңызды күрделi мәселелерi, барлық жақтары мiндеттi түрде көрсетiлуi керек деген нұсқау бойынша
жұмыс жүргiзiлдi. Әрине, мұндай көзқарас кезiнде "асыл қазынаның"-сырт көзге қомақты, бiрақ ic жүзiнде өмір шындығынан, көркемдiк
шеберлiктен аулақ, атүсті жасалған шығармалар көбейдi. Мұндай сипат әдебиетшiлердiң айтуынша, белгiлi дәрежеде "жамбыл" фильмiне
тән болды. Кеңес әдебиетi мен өнерінде "тартыссыздық теориясы" елеулi зиянын тигiздi.
Оның рухымен жазылған шығармалар сахнада ұзақ өмip сүре алған жоқ. Бұл кезде мәдени-ағарту мекемелерi әлi де жетiспейтiн едi,
олардың көпшiлiгi нашар жабдықталған және бiлiктi мамандармен қамтамасыз етiлмеген болатын. Күрделi құрылысқа және мәдени-ағарту
мекемелерiн жөндеуге қаржы жеткiлiктi мөлшерде бөлiнбедi. 1951 жылдан 1955 жылға дейiн республикада 8 жаңа жоғары және 22 арнаулы
оқу орны ашылды. Қарағандыда eкi жоғары оқу орны - медицина және тау-кен институттары, семейде малдәрiгерлiк-зоотехникалық және
медицина институттары жұмыс icтей бастады. Жаңа жоғары оқу орындарының ақтөбе медицина /1957 ж, целиноград ауьшшаруашылық /
1958 ж) өскемен құрылыс-жол /1958 ж/ иниституттарының ашылуымен бiрге бұрыннан бар жоғары оқу орындары кеңейiп, оларда жаңа
факультеттер пайда болды. 1956 жылдан бастап шымкент технология иниституты құрылыс материалдары кәсiпорындарының жабдықтарын
монтаждау және пайдалану жөнiндегi инженер-механиктердi даярлай бастады. Қазақ ауыл шаруашылығы институтында электрлендiру және
гидромелиорация мамандықтары бойынша жаңа инженерлiк факультеттер мен бөлiмдер ашылды.
Қорытып айтқанда, 50-шi жылдар қазақстан үшiн одақтық баланстағы рөлi өскен, индустриялық қуаты артқан, мәдениетi бiраз дамыған,
сөйтiп экономикасы өрлеу жолына түскен кезең болды. Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық техникалық негiзiн нығайтуда
бiраз жұмыстар icтелдi. Республикада мәдени объектiлердiң құрылысы жаңа типтiк жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелерiнiң
алдына өмiрдiң өзi қойған жаңа талаптар ескерiле отырып жүргiзiлдi. Тоғызыншы және оныншы бесжылдық кезiнде жаңа баспалар
құрылды. Бұлар: "қайнар", қазақ совет энциклопедиясы, жастарға арналған "жалын" , "өнер" баспалары. Республикада жылма-жыл қазақ,
орыс, ұйғыр, нeмic, корей тiлдерiнде 30 миллиондай дана таралыммен 2 мыңға жуық кiтап шығып тұрды. 70-80 жж. Бес томдық "қазақ
ССР тарихы", он томдық "қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi", он бiр томдық монографиялық жұмыс - "қазақстанның металлогениясы",
тоғыз томдық "қазақстанның өсiмдiктерi" және диалектикалық логика жөнiнде бiрсыпыра iргелi монографиялар жарық көрдi. Бiр жолғы
тиражы 5 миллион данамен 415 rазет, ондаған жорнал шығарылды. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары
қызмет көpceттi. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы icтедi. Ондаған халық театрлары, ән-би ансамбльдерi, қазақ ұлт-
аспапты халықтық оркестрлерi, халық хорлары құрылды. Қазақстан селоларында мәдени-бұқаралық жұмыстың мәдениет университетrерi
мен мектептерi, көшпелi өнертану кафедралары, көркемдiк шығармашылық бiрлестiктер, атеизм автоклубтары және т.Б. Сол секiлдi жаңа
формалары кеңiнен тарады. Село тұрғындарының тұрмысына телевизия, радио, баспасез, кино бұрынғыдан да көбiрек ене бастады. Ауыл
мен деревняның, мәдени дәрежесi қазақстанның село зиялыларының сан және сапа жағынан едәуiр өcyiмен сипатталды. Орта есеппен бiр
колхоз бен совхозға 70-шi жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта бiлiмi бар маманнан келдi. 1970 жылға қарсы телевизия
республиканың барлық облыстарына дерлiк ендi. Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-
ақ телевизия бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер iстедi. 4 республикалық және 19 облыстық
бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тiлдерiнде жүргiзiлдi. 1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино
қондырғысы болып, олар бiр жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсеттi. Халық aғapтy ici де бiрсыпыра алға басты. Мәселен,
республиканың жалпы бiлiм беретiн 10154 мектебiнде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллион
266,1 мың бала оқыды. 1970 жылы қазақстанда 46жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент бiлiм
алды. Студенттердi 160 мамандық бойынша әзiрледi. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986
жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ғa жеттi. Жоғары оқу орындары
мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбiр 10 мың адамына 160 студенттен келдi.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ МӘДЕНИ НЕГІЗДЕР.
Ұлттық салт-сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді. Этнопедагогиканың
негізгі бір саласы — ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу
заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-
сананың қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен
басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына (әдет-
ғұрыпқа, әдепке) айналады да, ол ұлттың мәдени іргенегізі болып қаланады.
Әрбір ұлттың мәдени іргенегізі — әдеп (этика, этника) ұлттық заңды қолданысқа айналса, оны
дәстүр дейміз. Дәстүр өмірге біржола кіріккенде ол – салт болады. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің
ұлттық қасиетке (зањдылыќќа) айналуы салт-сана деп аталады. Бұл құбылысты
этнопедагогикада мәдени сәулет дейміз.
Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар,
тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз,
адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, салауаттылық, имандылық
мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністерін табады.
Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі – сәлемдесу. Сәлем — әдептіліктің, яғни
мәдениеттіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем ету сияқты түрлері өзінің жөн-
жоралғылық (мәдени) ерекшеліктерімен сараланады. Қазақ келіні сәлем ету кезінде инабаттылық
көрсетіп, үлкенге шынайы күлімдеп, жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігінің өз дәрежесі
белгілі болады.
Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан көрінеді. “Әке —
отбасының пірі”, “ана-әулеттің күні” деп халық от басындағы сыйласым мәдениетін ең әуелі
ата-ананы сыйлаудан бастауды үйретеді, талап етеді. Отбасындағы сыйласымдық дәстүр
бойынша ата, әке, аға, іні, әже, ана, әпке, сіңлі ұғымдарына сәйкес әрбір адамның өзінің
сыйласымдық міндеттері мен борыштары және перзенттік парызы болады.
Халық отбасынан кейінгі сыйласым мәдениетін ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу деп
түйеді. Өйткені ұстаз өнеге көрсетеді, мәдениеттілікті үйретеді. Сондықтан шәкірт ұстаздан
мәдениеттілікті үйренумен қатар, ұстаз бен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасай білуге
міндетті. Оның үстіне ұстаз “сегіз қырлы, бір сырлы” өзінің мәдениеттілік қасиеттерін
шәкіртінің бойына сіңіріп, жүрегінде нұр жандырады. Ұстазын сыйлай білген шәкірт, өзінің ата-
анасын, халқын да сыйлай білетін мәдениетті азамат болып өседі.
Ұлттық дәстүр бойынша, әдеппен сөйлеу, көпшілік орындарында әдепті болу, инабатты,
иманжүзділік талап етіледі. Үлкеннің атына сыйласым мен ізеттілік белгісі ретінде “еке” деген
сыйласымдық жұрнақ қосылып (әдеке, беке, ардеке т.Б.) Айтылса, және “апашым”, “апатайым”,
“ағатайым” деп атаса, кішілерге және балаларға сөз айтқанда “жаным”, “күнім”, “айым”, “ботам”,
“құлыным” деген инабатты сөздер қосылып айтылып, дәстүрлік мәдени үрдістер қолданылады.
Қазақтың ұлттық: имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, дәстүрлері,
меймандостық, қонақжайлылық дәстүрлеріндегі рәсімдері — ұлттық мәдениеттің айқын белгілері
болып табылады. Мысалы, кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасы беру, қонақ кәде
жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады.
“Халқыңды сүйсең, салтыңды сүй” деп халық ұлттық тәрбиеде қасиетті туған жерді қастерлеу,
халықты қастерлеу, текті, ұлтты, жалпы адамзатты сүюді парыз деп санайды, халық
педагогикасының мәдени, рухани кредосы — әдептілік.
Аталы сөз – бата, өнеге, тілек — ұлттық мәдениеттің мәнді белгілері. Ұлағатты ұстаздар мен
шешендер, хандар, билер, атақты аталар мен дарынды даналар өздерінің өсиеттерін айтып,
өнегелерін көрсетіп, ана тілінің айшықты сөздерімен тілек, бата беріп, ұрпақта мәдениеттілікке
тәрбиелеуді мақсат тұтқан.
Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты ұғымдары мен ырым, тыйым
сөздерінің мәденитәрбиелік мәні зор. Салауаттылық, сауап, үнем сияқты ұғымдарға қайшы келетін кесір,
обал, ысырап сөздерінің мәнін халық жас ұрпаққа жастайынан түсіндіріп, ұрпағын салауаттылыққа,
үнемшілдікке, ұқыптылыққа, яғни мәдениеттілік негіздерін білуге тәрбиелейтін.
Халық ұрпағынан ағайын, жекжат-жұратты сыйлау дәстүрлері арқылы аталас, ауылдас, құда, нағашы,
күйеу, жезде, жиен, дос, жолдас, таныс, ұжымдас адамдармен сыйласу мәдениетін талап
етеді. “Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын”, “құдаңды құдайдай сыйла”, “шын дос болу
– бақыт” деп халық адам сыйлаудың ғажап үлгілерін ұрпағына үнемі үйретіп отырған.
Ер намысы, қыз абыройы — қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі мәдени мұралық белгілерін білдіретін
тәрбиелік тіректері. “Жақсы жігіт он бесінде баспын” дейді, “жаман жігіт отыз бесінде
жаспын” дейді деп, халық жеке тұлғаның мәдениеттілігі жастайынан-ақ белгілі болатынын дәлелдейді.
Халық қыздың абыройлы болуына көбінесе ана жауапты деп қарап, қызды әдепті (мәдениетті) етіп
тәрбиелеу — ұлттық міндет екенін баса көрсетеді.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра
білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу – міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті
игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың
наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның
мәдени жемістері көрінеді.
ХХ Ғ. ЖӘНЕ ХХI Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ БАТЫС
СУБМӘДЕНИЕТІ.
Субмәдениет – қоғам мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, жастар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері
қалыптастырады.
Ғылымда «субмәдениет» термині латын тілінің «sub – төменгі», неміс тілінің «kultur– мәдениет» деген ұғымнан
шыққанын түсіндіреді. Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып табылатын топтарды субмәдениетке жатқызамыз.
Мұндай топтар қоғамдағы қандай да бір саяси оқиғаларға, әлеуметтік қозғалыстарға байланысты пайда болады. Олар
топтар және бейресми бірлестіктерден тұрады.
Ақш зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет» ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір салаға
еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің салдарынан
пайда болған. Мұндай бейресми топтан тұратын субмәдениеттердің өкілдері өздерін «ерекше адамдармыз» деп
қоғамнан оқшаулағанды қалайды. Олардың өмірдегі ұстанымдары, киім үлгілері, түсініктері, араласатын ортасы
қарапайым қала тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады.
Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950 жылдардан бастау алады. Алғашында жастар арасындағы жаңа киім
үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген ұғымның пайда болуынан басталды.
Батысқа еліктеушіліктің алғашқы қадамдары – батыс музыкасына: джаз, рокен-ролл жанрларына деген
қызығушылықтардан көрініс тапты. Екінші толқын, 60-80 жылдар аралығы. Бұл кезең, жастардың батысқа руһани
қызығушылығының пайда болуы, классикалық үлгідегі музыкаға еліктеу, фанат болу, «интернационалдық» түсінігіне
деген қызығушылықтың артуынан басталды. Бұл кезең батыстың рухани құндылықтарға әсер ету кезеңі болды.
Есірткі, алкогольді ішімдік, марихуаннаға деген қызығушылық белең алды. Ал 1970-1986 жылдары кеңестік қоғам
нағыз еліктеу кезеңіне бет бұрды.
ХХ ғ. 30-жылдары америка құрама штаттарында пайда болған топ – байкерлер болды. Олар мотоциклмен жүретін топтар. Олар
өздерін «түн періштелері», «түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды. Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі
клубтарды шарлап, кең трассаларда мотоциклмен жүргеннен рақаттанады. Денелерінде татумен жазылған түрлі бейнелер
болады.
Хх ғ. 60-жылдары сан-францискода құрылған хиппи субмәдениеті – жастар арасында пайда болған субмәдениеттердің ең
алғашқысы. Оның мақсаты қоғамда болып жатқан күнделікті құбылыстарға, қалыпты жағдайларға қырсы шығу. Хиппи
субмәдениетінің негізгі идеологиясы «иса пайғамбардың әрекеттерін» философиялық зерттеу болды. Бұл мәдениетті ұстанатын
топ өкілдері үнемі шулы жиындарды ұнатады, көңілді отырыстарда еркін көңіл көтеруді қалайтын топ. Ер мен әйел арасындағы
қарым-қатынастарға да жеңіл қарайды
Субмәдениетке жататын арнайы топтардың тағы бір түрі – готика – ХХ ғ. 70-жылдары панктермен қатар пайда болған топ. Олар
панктерге өте ұқсас тек киімдері қара түсті болып келіп, металдан жасалған бұйымдарды таққанға әуестенді. Олар қоғамда өз
жақтаушыларын айналасына көптеп жинады. Олардың ерекшелігі – киім үлгілері болып, ол жастардың қызығушылығын
туғызды. Готикалардың киім үлгілерінде: египеттік, хрестиандық, кельттік сегізжұлдызды белгілер болады. Олар қара түсті
киімдер киіп, тырнақтары мен шаштарын да қара түске бояп,ал бет-әлпеттерін аппақ гриммен бояуды өздерінің имидждеріне
айналдырды.
Күнделікті қоғам өмірінен, әлеуметтік қалыпты құбылыстардан түңілген, саяси оқиғаларға наразы, «болашақ жоқ» деген
көзқарасты ұстанушы адамдардан құралған, анархистер – панк субмәдениеті. Олар өмірден қажыған, зарыққан, болашаққа деген
сенімдерін жоғалтқан топтар. Алғаш ХХ ғ. 70-жылдары англияда болған экономикалық дағдарыс кезінде пайда болды.
Панктердің шаш үлгілері де ерекше болды. Олар төбе шаштарын ұзын қылып тігінен қатырып қояды. Лас, жыртық киімдерді
кигенді ұнатады. Мінез-құлықтары өте есерсоқ, қоғамда өздерін ерекше көрсеткілері келіп, әртүрлі оқиғаларға тез ілігетін
жанжалшыл топ. Панктер кеңес одағына 1979 жылдары жетті. Алғаш панктерге еліктеген рок-музыканттар қатарында музыкант
әнші Виктор Цой болды.
Кейінгі жылдары қазақстан жастарының арасында да белең алған «эмошылар». Эмо «эмоционалды»
деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл
түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және
т.Б. Болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі
барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар, эмошылар қайғылы өлең оқығанды
қнатады. Олардың киім үлгілері қара түс пен күлгін түстің үйлесімділігінен тұрады. Еліміздің де қала
көшелерінен жоғары мектеп оқушылары, студенттері арасында күлгін-қара түсті киінген, көздерін қою
қараға бояп алған қыз балаларды да кездестіріп қаламыз. Міне мұндай топтар біздің елдегі «эмошылар».
Арнайы топтарға бірікпейтін, индивидуалды түрде компьютер қолданушы программистер қатарына
жататын – хакерлер де субмәдениет түріне жатады. Хакерлердің мақсаты – бөтен сайттарды бұзып кіру,
вирус енгізу болып табылады. Алғаш хакерлер 1988 жылы электронды әлемге шықты. Хакерлердің
арасында шпионаждықпен де айналысатын топтар бар. Бұл топқа әсіресе, математика пәнінің үздік
маманы, копьютерді жақсы меңгеретін топ өкілдері бейім болады. Яппилер – белсенді қызмет ететін
жастардан тұратын жеке дара адамдар қатары. Жоғары жалақысы бар, киім үлгілері де ресми, фитнес
орталықтарына барып тұратын топ өкілдері. Олар жетістікке ұмтылатындар қатарына жатады. Спорт
әлеміндегі субмәдениет өкілдерін де атап өтуге болады. Еркіндікті қалайтын топ экстремалдылар деп
аталады. Экстремалды спорт түрімен шұғылданатын топтар. ХХ ғ. 50-жылдары пайда болған:
скейтбординг, сноубординг, парашютпен ұшу, құзға шығу спорты және т.Б. Спорт түрлерімен
шұғылданғаннан ләззат алатын топ өкілдері.
Суреттер интернет желісінен алынған
Кейінгі жылдары қазақстан жастарының арасында да белең алған «эмошылар». Эмо «эмоционалды»
деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл
түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және
т.Б. Болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі
барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар, эмошылар қайғылы өлең оқығанды
қнатады. Олардың киім үлгілері қара түс пен күлгін түстің үйлесімділігінен тұрады. Еліміздің де қала
көшелерінен жоғары мектеп оқушылары, студенттері арасында күлгін-қара түсті киінген, көздерін қою
қараға бояп алған қыз балаларды да кездестіріп қаламыз. Міне мұндай топтар біздің елдегі «эмошылар».
Арнайы топтарға бірікпейтін, индивидуалды түрде компьютер қолданушы программистер қатарына
жататын – хакерлер де субмәдениет түріне жатады. Хакерлердің мақсаты – бөтен сайттарды бұзып кіру,
вирус енгізу болып табылады. Алғаш хакерлер 1988 жылы электронды әлемге шықты. Хакерлердің
арасында шпионаждықпен де айналысатын топтар бар. Бұл топқа әсіресе, математика пәнінің үздік
маманы, копьютерді жақсы меңгеретін топ өкілдері бейім болады. Яппилер – белсенді қызмет ететін
жастардан тұратын жеке дара адамдар қатары. Жоғары жалақысы бар, киім үлгілері де ресми, фитнес
орталықтарына барып тұратын топ өкілдері. Олар жетістікке ұмтылатындар қатарына жатады. Спорт
әлеміндегі субмәдениет өкілдерін де атап өтуге болады. Еркіндікті қалайтын топ экстремалдылар деп
аталады. Экстремалды спорт түрімен шұғылданатын топтар. ХХ ғ. 50-жылдары пайда болған:
скейтбординг, сноубординг, парашютпен ұшу, құзға шығу спорты және т.Б. Спорт түрлерімен
шұғылданғаннан ләззат алатын топ өкілдері.
Жоғарыда аталған субмәдениеттер дүниежүзі жастарына тән. Кез келген топтың өзіндік белгілері
бар. Қоғамда сол белгілері арқылы ерекшеленеді. Олардың өзгешеліктері айналасындағы
адамдарға қарағанда айқын байқалады.

Ұқсас жұмыстар
Музыка мәдениеті
Жібек мәдени жолы еті
Мәдениет тілі
Жаһандану және Қазақстан экономикасы
Менің туризм мамандығын таңдау себебім және болашақта Қазақстандағы туризмді дамыту үшін қосатын үлесім
Қазақ ағартушыларының философиясындағы қоғамдық прогресс теориясы
Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы - тарихи естеліктерді құрметтеу, қадірлеу және қорғау бағдарламасы
Абылдың күйі
Отандық мәдениеттің даму тарихы
Қазақстандағы экотуризмді талдау
Пәндер