Нерв тінінің регенерациясы




Презентация қосу
«Астана медициналық университеті»
Молекулалық биология, гистология, цитология және генетика
кафедрасы

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Нерв тіні. Жасқа
байланысты гистологиясы,
регенерациясы.

Орындаған: ЕРМАХАНБЕТ ҰЛЖАЛҒАС
ТОП: 115
ҚАБЫЛДАҒАН: Исаева З.К.

Нур-Султан – 2020Ж
ЖОСПАР:

І. Кіріспе
1.1. Нерв тіні
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1.Нерв тінінің гистологиясы
2.2.Нерв тінінің регенерациясы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Нерв тіні
Нерв тіні - нерв жүйесінің
құрылымдық элементі.
Эктодермадан дамиды. Нерв тіні
нерв клеткаларынан, немесе
нейрондардан және глиалық
клеткалардан немесе
глиоциттерден тұрады. Нерв
тінінің құрамында рецепторлық
жасушалар да болады.
Нейроглияның клеткалар саны
нейрондарға қарағанда 10 есе
көп. Бұл жасушалар орталық
нерв жүйесінің жасушаларын
қоршап, олардың арасындағы
кеңістікті толтырып, механикалық
тіректік функция атқарады.
Нерв тінінің гистогенезі
Нерв тіні гистогенезінің ерте кезеңдерінде
нерв түтікшесінің қабырғасы аз
дифференцияланған цилиндр пішінді
медуллобласт жасушаларынан тұратын бір
қабатты көп қатарлы нейроэпителий түрінде
болады. Медуллобласттар дамып келе
жатқан нерв түтікшесінің ішкі бетіне жақын
орналасқан. Митоз арқылы белсенді бөлініп,
олар нерв түтікшесінің сыртқы бетіне қарай
орын ауыстырады. Нәтижесінде
нейроэпителий қалыңдап, 3 зонаға бөлінеді:
вентрикулярлық, жамылғы және шеткі.
Вентрикулярлық зона- бөлініп
жатқан матрицалық
жасушалардан құралған нерв
түтікшесінің ішкі қабаты.
Жамылғы зона- матрикстік
жасушалардың дивергенттік
дифференциялануы
нәтижесінде пайда болған 2
түрлі жасушадан тұрады:
нейробласт және
спонгиобласт.
Шеткі зона- алдыңғы екі
зоналарда орналасқан
нейробласттар мен
глиобласттардың
өсінділерінен құралған нерв
түтікшесінің сыртқы қабаты.
Нерв тінінің регенерациясы
Нейрондар гистогенез барысында бөліну
қабілетінен айрылған. Сондықтан нерв
тінінде нейрондардың жасушалық
регенерацияғасы өтпейді. Яғни өлген
нейрондардың орнына жас нейрондар пайда
болмайды. Бірақ нейрондар жасушаішілік
регенерацияға, яғни өздерінің кейбір ескірген
немесе зақымданған химиялық және
құрылымдық құрамдастыратын жасушаішілік
метолизмдік процестер есебінен қалпына
келтіруге қабілетті.
Нерв талшығы регенерациясының ағымы әр түрлі
факторларға байланысты.

● Регенерацияға кедергі болатын факторлар:
1. Жарақаттың нейронның перикарионына жақын
орналасуы;
2. Орталық және перифериялық үзінділер арасындағы
аралықтың кең болуы;
3. Зақымданған жерде қабыну ошақтарының пайда
болуы;
● Талшықтың регенерациясына қолайлы факторлар:
1. Жарақаттың нерв талшығының дистальді бөлімінде
орналасуы;
2. Сілекей бездерінің тіндерінен және Т.б. Бөлінген
нерв тінінің өсу факторын қолдану;
Қорытынды
Нерв тіні- құрылымы мен функциясы
жағынан нерв жүйесінің мүшелерінің жетекші
тіні. Ол нейрондардан және олармен тығыз
байланысты глиоциттерден тұрады. Нерв
жасушалары нерв тінінің, демек, бүкіл нерв
жүйесінің де құрылымдық- функциялық
бірліктері болып табылады. Олар сенсорлық
информацияны қабылдап, қайта өзгертіп,
электр импульстері түрінде
Пайдаланылған әдебиеттер

“Гистология” Ж.О.Аяпова

"Гистология-1» С.А.Ажаев; Т.Ж.Үмбетов

“Гистология дәрістер жинағы”
Ж.О.Аяпова

Ұқсас жұмыстар
Нерв талшықтарының регенерациясы
Нерв тіні. Нерв тінінің жасқа байланысты гистологиясы мен регенерациясы. Нейрондық теорияның негізгі қағидалары
Жүрек бұлшықет тіні
Физиологиялық және жарақаттан кейінгі регенерациясы
СҮЙЕК ҰЛПАЛАРЫНЫҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ
Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар. Сүйек байланыстары
Сүйек ұлпасы
Жасушалық регенерация
Нерв ұлпалары
Бұлшықет тіндері
Пәндер