Қарапайым липидтер және өкілдері




Презентация қосу
«Астана Медицина Университеті» АҚ

Презентация
Тақырыбы: Липидтер

Орындаған : Ермаханбет
Ұлжалғас
Топ : 115
Факультет: Жалпы Медицина
Қабылданған:Махумова М.
Жоспар:
• I. Кіріспе
• II. Негізгі бөлім
2.1. Липидтер
2.2. Жіктелуі
2.3. Жай липидтер және оның өкілдері
2.4. Күрделі липидтер және оның өкілдері
2.5. Химиялық қасиеті
2.6. Биологиялық маңызы
• III. Қорытынды
Липидтер
Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді,
бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, т.б.) ериді.
Белоктармен, көмірсулармен қатар липидтер де мал, адам және өсімдіктердің
барлық ұлпалар клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos - май
деген сөзінен шыққан.
Липидтер деп өсімдік және жануар текті майлар немесе майға ұқсас
заттарды атайды. Оларды: қарапайым липидтер – майлар және күрделі
липидтер – майға ұқсас заттар деп бөледі.
Липидтерді сілті қатысында гидролизденіп, май қышқылдарының тұздарын
(сабын) түзу қасиетіне қарай сабынданатын және сабынданбайтын липидтер
деп те бөлінеді.
Липидтердің
жіктелуі:
Қарапайым липидтер және өкілдері

Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спиирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл
топты үшацилглицеролдар мен балауыздар құрайды.
Табиғи майлар үшацилглицеролдар қоспасынан тұрады. Үшацилглицерол – бұл үш
атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
СН2−ОН СН2−СОО−R
│ │

СН −ОН + 3R−СООН → СН −СОО−R + Н 2О
│ май қышқылы │

СН2−ОН СН2−СОО−R
глицерол үшглицерид (үшацилглицеролдар)

Балауыздар дегеніміз жоғары молекулалы май қышқылдары мен спирттердің күрделі
эфирлері. Олар адамдар мен жануарлар организмінің жіне өсімдіктердің құрғаудан
(сусызданудан) сақтайды.
Күрделі липидтер және
өкілдері
Күрделі липидтерге – фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер жатады.
Барлық фосфолипидтер түзілетін аралық алғы зат болып фосфатид қышқылы есептеледі. Ол 1,2-
диацилглицерол, үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен этерленген.
Табиғи фосфолипидтерде С16-22 көмірсутек атомдары бар қаныққан және қанықпаған май қышқылдары
болады. Бірақта көбінесе С16-С18 май қышқылдары кездеседі.
Сфинголипидтердің төрт тобы бар:
1) сфингомиелиндер,
2) цереброзидтер,
3) ганглиозидтер,
4) сульфолипидтер.
Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің
негізінде сфингозин бар. Сфингозин қанықпаған аминоспирт.
Цереброзидтер - сфинголипидтер ішіндегі ең қарапайымы, церамидтен және қанттың бір қалдығынан
(галактозадан немесе глюкозадан) құралады. Құрамында галактоза бар цероброзидтер көп мөлшерде
сүтқоректі жануарлардың миында және жүйке ұлпасында кездеседі.
Липидтердің химиялық қасиеті
Триацилглицеролдар химиялық тұрғыдан бейтарап, инертті келеді. Оларға мынадай реакциялар тән:
1. Гидролиз реакциясы. Бұл реакция әсіресе майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы
катализатор (фермент) әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады және қыздыру
қажет.

2. Гидрогендену реакциясы. Қанықпаған май қышқылының қалдығына сутек атомдарын қосады. Әдетте мұндай
реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Маргарин өндірісінде саломас алу үшін
қолданылады. Мұндағы катализатор - никель немесе платина.
Липидтердің биологиялық
маңызы:
Липидтер мынадай биологиялық маңызы бар:
1) липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі немесе энергия көзі;
2) тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші;
3) липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі;
4) липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қосылыс-тардың алғы
заты бола алады;
5) қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық-суықтан, электр және механикалық
әсерлерден (соққыдан, қағылып соғылудан, қатты суықтан) қорғайды;
6) липидтерде көптеген витаминдер ериді және құрамында алмастыруға келмейтін май
қышқылдары бар, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет.
Қорытынды
• Липидтер немесе майлар негізінен организмдегі энергияның
негізгі көзі болып табылады. Ересек адамдарға организмге қажет
барлық энергияның 40%, ал балаларда 50% бейтарап майлардың
тотығуы арқылы қамтамасыз етіледі.
• Липидтер сілтілік ортада жоғары карбон қышқылдарының
тұздарына, яғни сабынға дейін гидролизденуіне қарай
сабынданатын және сабынданбайтын болып 2ге бөлінеді.

Ұқсас жұмыстар
Май қышқылы
Сабынданатын және сабынданбайтын липидтер
Липидтердың маңыздылығы
Гликолипидтер синтезі
Эссенциалды май қышқылдары
ЮНУСОВА ДАНА ТОБЫ
Май қышқылдары
Липидтер туралы жалпы түсінік
Күрделі липидтер
ҚАНЫҚПАҒАН МАЙЛЫ ҚЫШҚЫЛДАР
Пәндер