Жасушалық регенерация
Презентация қосу
«Астана медициналық университеті»
Молекулалық биология, гистология, цитология және генетика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Бұлшықет тіндері. Қаңқа бұлшықет тіндерінің
регенерациясы. Жасқа және тұрмыс қалпына байланысты
бұлшықеттің өзгеруі
Орындаған: Ермаханбет Ұлжалғас
Топ: 115
Қабылдаған: Исаева З.К.
Нур-Султан – 2020ж
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Қаңқа бұлшықет тініне сипаттама
2.2. Қаңқа бұлшықет тіндерінің регенерациясы
2.3. Жасқа және тұрмыс қалпына байланысты бұлшықеттің
өзгеруі
III. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұлшықет тіндері – барлық түрлеріне ортақ жиырылғыштық
қасиеті, яғни құрылымдық элементтерінің пішінін өзгерту
қабілеті бойынша біріктірілген, бірақ шығу тегі мен құрылысы
және жиырылу сипаты әр түрлі тіндер тобы.
Жиырылғыштық қасиетінің арқасында бұлшықет тіндері
өздерінің басты функциясы – қозғалысты қамтамасыз етеді. Олар
дененің кеңістіктегі орнын ауыстыруы, жүректі соғуы, қан мен
лимфаның жылжуы, асқазан ішек моторикасы, несептің шығуы,
жатырдың жиырылып босаңсуын қамтамасыз етеді.
Қаңқа бұлшықет тіні
Қаңқа бұлшықет тіні адам массасының 25 – 50% құрайды. Ол
скелеттік мускулатураның жетекші құрылымдық құрамдасы. Одан
тағы тілдің, өңештің жоғарғы бөлігінің бұлшықеттері құралған.
Бүкіл қаңқа бұлшықет тіні – мезодерманың дорзалді бөлігі болып
табылатын сомиттердің ортаның бөліктері – миотомдардан
дамиды.
Бұлшықет талшығы 2 құрылымдық компоненттен тұрады:
милсателлиотоцит және миосимпласт. Бұлар сыртынан
сарколеммамен қапталған, оның өзі 2 қабаттан тұрады: базальді
және плазмолемма. 2 мембрана арасында миосателлитоциттер
орналасады.
Қаңқа бұлшықет талшықтарының функциялық
ерекшеліктеріне байланысты 3 типін ажыратады:
I – типі (қызыл) – баяу бұлшықет талшықтары жиырылу
күшінің әлсіздігімен, жиырылу жылдамдығының төмендігімен,
төзімділігінің жоғарылығымен сипатталады.
II В – типті (ақ) – шапшаң бұлшықет талшықтары күшті
және шапшаң жиырылуымен, төзімділігінің төменділігімен
сипатталады.
II A – типті – аралық бұлшықет талшықтары – құрылымдық
және функциялық ерекшеліктеріне бойынша талшықтардың
қызыл және ақ типтері арасында орын алады.
Қаңқа бұлшықет тіндерінің регенерациясы
Бұлшықет талшықтарының қалыпты морфофункциялық жағдайын қолдау
физиологиялық регенерация арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл процесс екі
механизмдер арқылы жүзеге асырылады:
1) Жасушаішілік регенерация- бұл жағдайда симпласттың жаңа
миофиламенттері, мембраналық құрылымдары саркоплазмасының синтездік
аппаратының активациясы есебінен түзіледі;
2) Жасушалық регенерация- миосателлитоциттердің пролиферациясы мен
миобласттарға дифференциялануы есебінен өтеді.
Бұлшықет тінінің зақымданғаннан кейінгі яғни репаративтік
регенерациясы да жасушаішілік және жасушалық деңгейлерде
атқарылады және бірнеше фазадан тұрады:
1) Зақымданған жерде қабыну реакциясының дамуы
2) Реваскуляризация
3) Жасушаішілік регенерация
4) Жасушалық регенерация
Зақымданған жерде қабыну реакциясының дамуы- мұнда
миграцияланған макрофагтар мен нейтрофилдердің өлген тіндердің
қалдықтарын фагоцитозбен жойып, регенерациялық аймақты
тазартады;
Реваскуляризация- тіндердің бұзылуы кезінде пайда болған
ынталандырғыш заттардың әсерінен қан тамырлардың қалпына
келуі;
Жасушаішілік регенерация- бұлшықет талшығының
зақымданбаған бөліктерінде, физиологиялық регенерация
кезіндегідей жаңа миофибрилдер мен саркоплазманың басқа
құрамдастарының қалыптасуы;
Жасушалық репаративтік регенерацияның мұнан былайғы
барысы қаңқа бұлшықет тінінің эмбриондық миогенезінің сатыларына
ұқсас:
а) миобласттық кезең
б) миосимпласттық кезең
в) бұлшықет түтікшелерінің ұзарған миосимпласттардың кезеңі
г) кемелденген бұлшықет талшықтарының кезеңі
Бұлшықеттердің жасқа
байланысты өзгеруі
Постнаталды кезеңде бұлшықет талшықтарының ақырғы
қалыптасуы аяқталады. Содан соң олар диаметрі үлкейгендіктен
тығыздалады. Бұлшықет талшығының ұзындығы және жуандығы
өсуі есебінен жасөспірімдер мен ересектерде бұлшықет тінінің
көлемі ұлғаяды. Егде адамдардың қаңқа бұлшықет тіндерінің
ультраструктуралық өзгерістері талшықтың симпласттық та және
жасушалық та бөліктерінде байқалады. Нақты айтқанда, базальді
мембранасы қалыңдайды, миофибрилдердің құрылымдық
ұйымдасуы бұзылады. Жасқа байланысты өзгерістердің
салдарынан бұлшықеттің регенерациялық потенциялы азаяды,
бұлшықеттердің тұтқырлығы және серпінділігі төмендейді, олар
тез шаршайтын болады.
Бұлшықеттердің өмір салтына
байланысты өзгеруі
Бұлшықеттердегі өзгерістер өмір салтына да, мысалы
физикалық жүктеме көлеміне байланысты өтеді.
Жаттықтыру арқылы бұлшықетке түсетін жүктеме көлеміне
өсірген жағдайда, бұлшықет талшықтарының диаметрі
үлкейіп, саны да өседі. Нәтижесінде бұлшықеттің массасы
ұлғаяды. Бұл өзгерістердің негізінде саркоплазма
компоненттерінің- митохондрияларының көбеюі,
миофибрилдерінің саны мен диаметрі өсуі және де
миосателлитоциттердің пролиферациясы,
дифференциялануы жатады.
Қорытынды
Бұлшықет тіндері – барлық түрлеріне ортақ жиырылғыштық қасиеті
болады. Жиырылғыштық қасиетінің арқасында бұлшықет тіндері
өздерінің басты функциясы қозғалысты қамтамасыз етеді.
Ол 2 жіктеледі: көлденең жолақты және біріңғай салалы.
Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы көлденең жолақты бұлшықет
тіндерінің гистологиялық элементтері бойында көлденең
жолақтарын болады. Ал тегіс салалы бұлшықет тіндерінің
гистологиялық элементтерінде көлденең жолақтары болмайды.
Көлденең жолақты бұлшықет қаңқалық және жүректік болып 2-ге
жіктеледі.
Қаңқа бұлшықеті адам массасының 25-50% құрайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Жалпы гистология» С.А. Ажаев; Т.Ж. Үмбетов;
«Цитология, эмбриология және гистология» Ж. Аяпова;
https://ppt-online.org/278407
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz