Стоицизм және гедонизм


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Стоицизм және гедонизм

Slide 2

Стоицизм Христиан діні пайда болғанға дейін стоицизм ежелгі дүниенің ең ықпалды этикалық ілімі болды. Стоицизм қулдыраушы және хаосқа батушы дүниеде адамдарға құтылу мен құтқару жолын көрсетеді. Ізгілік пен зұлымдық - адамның өзіне байланысты. Біреулер сіздің үстіңізден билік жүргізуі мүмкін. Ол адамдар сізді қинап, түрмеге қамауы немесе құлдыққа сатып жіберуі мүмкін, бірақ сіз билік пен күштің сыртқы көріністеріне мүлде мән бермесеңіз, сізге ешкім де үстемдік етіп, билігін жүргізе алмайды. Ізгі қасиеттер - адамның ерік күшінде, ерік күші қандай екеніне қарай, адам мейірбан немесе зұлым бола алады.

Гедонизм- ләззатты бірден-бір игілік деп түсінетін ілім. Платон жақсы өмір ләззат алуға байланысты деген ойға қарсы шықты. Аристотель ләззат - адамның бойында бақыт сезімінің туындауына әкелуі керек деп есептеді. Гедонизм болса, адамның өмірінде ләззаттан басқа игілік жоқ деп тұжырымдады. Эпикур философиялық ілімі адам қарапайым тіршілік кеше отырып, өмірден қалайша ләззат алуға болатынын үйретеді. Егер сіз шектен шығар мінез-құлықтан рақат тапсаңыз, онда өзіңізге ауру табатыныңызға күмән жоқ: ішімдік ішіп рақаттанғанда ынсапсыздық танытсаңыз, басыңыз ауырып азап шегесіз. Эпикур ілімі бізге шат өмір туралы айтады, сонымен қатар сондай өмір салтының жағымсыз салдары мен теріс жақтарынан аулақ болуды үйретеді. Ол - адамды түрлі азаптан алыс жүруге шақыруға бағытталған ілім. Гедонизм ілімі бойынша, адам рақаттанған соң азапқа жетелеуі мүмкін ләззат тәсілдерін іздемеуі тиіс.

Гедонизм

Стоицизм

Slide 3

Гедонизм грек тілінен аударғанда hedone-көңілділік, рахаттану

Адам тіршілігі рахаттарға ұмтылып, азаптардан қашудан тұрады деп қарастыратын философиялық-этикалық принцип және моральдің критерийі

Гедонизмнің этикалық негізі- рахаттану адам үшін ең жоғарғы игілік болады, тілектерін қанағаттандыруға ұмтылу оның табиғи мәнінің бейнесі деп есептейді

Slide 4

Гедонизм

Кирен философиялық мектебі

Эпикур

Дамытқан этикалық ілім

Гедонизм эвдемонизмнің бір тармағына жатады және ләззат алуды тіршіліктің бастауы мен өмір мағынасы деп жариялайды. Жақсы игілік рахаттануға жеткізеді, жамандық қайғы-қасірет әкеледі.

Slide 5

Стоицизм грек тілінен аударғанда stoa портик, ғимарат

Эллин мемлекеті мен Рим империясының гүлденген дәуірінде адамның ішкі тәуелсіздігі мен дербестігін философия тұрғысынан түсіндірмекші болған эллендік және рим философиясындағы басты бағыттардың бірі

Slide 6

Стоицизм (Стоя) философиясын б. ғ. д. 300ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уақыт өмір сүрген.

Көне Стоя (3-2ғ. ғ. )

Орта Стоя (2-1ғ. ғ. )

Соңғы Стоя (1-2ғ. ғ. )

Көне және Орта Стоя мектебінің өкілдерінің толық бір шығармалары қалмаған.

Slide 7

Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған (космополис) . Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған - еріктелер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер - бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды.

Алайда, табиғатқа сәйкес өмір сүру - ол өмірдегі материалдық қундылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажеттіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше, адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығылымыз ақыл-ойда, саналығымызда болса, онда ақыл-ойдың, ар-ұжданның басшылығымен өмір сүру - ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.

Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуіне, рухани өмірдің тайызданып, азғындауына, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысына сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек.


Ұқсас жұмыстар
Стоицизм грек тілінен аударғанда stoa портик, ғимарат
Ежелгі грек этикасы
Этиканың құрылымдары
АНТИКА
Антик философиясы
Ежелгі Грек философиясының мектептері
Қазіргі Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары
Милет мектебінің өкілдері
Позитивизм жайлы
Православие философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz