Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны: жастардағы тәуелділік мәселесі


Slide 1

Әлеуметтік Желілердің тигізер пайдасы мен зияны қандай?

Slide 2

Әлеуметтік желі дегеніміз не?

Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуге де болады. Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т. б. ), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады. Әлеуметтік желінің қызметі мұнымен тоқтап қалмайды. Әлеуметтік желілерде достармен, басқа қолданушылармен хат алмасуға; сурет алмасуға; сурет, видео, жазба-мақала жариялауға болады. Танымал желілердің (Вк, Фейсбук, Менің әлемім, т. б) ішінде ойын ойнау, музыка тыңдау сынды мүмкіндіктері бар.

Slide 3

Әлеуметтік желілердің тарихы

Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates. com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.

Сауда ұжымдары әлеуметтік желілерге үлкен қызығушылық көрсетті. Осындай жобалар бірнеше миллиондық аудиторияны тартты әрі олардың жарнамасы қатты әсер жасады.

Slide 4

Қазақстандағы әлеуметтік желілердің даму үрдісі

Қазақстанда қазіргі кезде ең көп қолданыстағы әлеуметтік желілердің бірі nur. kz сайты болып есептеледі. Одан Басқа да Birge. kz, Ilike. kz, www. kazlife. com, Zhelide. kz сайттары жұмыс істеуде. Солардың ішінде Zhelide. kz сайтына келетін болсақ, Желіде. кз сайты 2011 жылдың тамыз айында ашылды, сондай аз уақыт ішінде 1-нан аса қолданушы жинап үлгерді. Бұл ҚАЗНЕТ үшін өте жоғары көрсеткіш болып есептеледі. Zhelide. kz сайты қазіргі күнде жұмыс ісетемейді.

Slide 5

Ең үлкен желілер қатарында:

Facebook

Last. fm

LinkedIn

MySpacе

Twitter

Instagram

ВКонтакте

Мой Мир@mail. ru

Одноклассники. ru

Живой Журнал

құрайды.

Slide 6

Әлеуметтік желілердің пайдасы неде?

Ең алдымен, бұрын танымайтын, білмейтін адамдармен араласып танысуға, пікір алмасуға және өз пікірлестеріңді табуға жәрдемдеседі. Кез-келген сәтте танысыңмен байланысқа шығып, тегін пікір алмасып, хал-жағдай сұрасуыңа, соңғы жаңалықтармен бөлісуіңе мүмкіндік бар.

Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Жәй хабардар болып қоймай, сол оқиғаға қатысты адамдардың пікірлерімен де танысуға мүмкіндік болады. Үшіншіден, әлеуметтік желіден түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен әндер, фильмдер, суреттер, мақалалар табасың және бәрі тегін. Оған қоса, білім беретін деректі фильмдер мен кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да қалағаныңша тауып оқуға болады.

Сонымен бірге, өз бизнесіңді дамытуға, сатып алушы клиенттерді тартуға да мүмкіндік жасалған. Егер сіз шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, кітаптарыңызды әлеуметтік желіні пайдаланушыларға ұсынып, сатып алушы оқырмандар табуыңызға болады.

Slide 7

Әлеуметтік желінің залалы қандай?

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желілердің залалы да жетерлік. Ол, тіптен пайдасынан көбірек болып жатады. Сондықтан, әр адам әлеуметтік желіні пайдаланбас бұрын оның пайдасы мен залалын таразылап алғаны дұрыс.

Әлеуметтік желі ең алдымен, адамның алтын уақытын жейді. Уақыт - Алланың адамға берген ең үлкен байлығы және баға жетпес құндылығы. Жоғалтқан уақытты ешқандай жолмен қайтара алмайсыз. Әлеуметтік желіде күн сайын жеті-сегіз, тіпті одан да көп сағаттап отыратындар алтын уақыттарын жоғалтып жатқандар.

Екінші залалы - әлеуметтік желі адамды белсенді емес тұтынушыға, яғни көк жалқауға айналдырады. Әрине, әлеуметтік желіні адамдар әртүрлі мақсатта пайдалануына болады, оның ішінде жаңа нәрселерді жасап, соны жұртқы ұсынуға да мүмкіндік бар. Дегенмен, оны тұтынушылардың көбі жаңаны жасағаннан гөрі, ұсынылып жатқан ақпараттарды тұтынғанды жөн санайды.

Slide 8

Әлеуметтік желі ақырсында адамды тәуелді етеді. Араққа, есірткіге тәуелді болған сияқты, адамдар көп ұзамай әлеуметтік желіге де тәуелділікке түседі. Енді олар күндіз-түні компьютерде отырып, әлеуметтік желіге қараудан жалықпайтын болады. Бүгінгі күні, әсіресе жасөспірімдер арасында әлеуметтік желіге тәуелділік белең алып барады.

Әлеуметтік желі адамды бақытсыз етеді. Иә, әлеуметтік желіге байланған адам үшін бақыт деген жұрттың өзі ұсынған ақпаратқа немесе суретке лайк басып, сүйсінуі болып саналады. Олар өзгелерді тамсандыру үшін, тіпті өмірлеріне қатер төндіріп биік үйлердің төбесінде, жүріп келе жатқан пойыз көрінісі аясында суретке түсуге ұмтылып жүріп, мерт болып немесе жарақат алып жатады. Жұрт лайк баспаса, ол үшін нағыз үлкен бақытсыздық болып табылады.

Slide 9

Сондай-ақ, әлеуметтік желі адамдарды жақындарымен, таныс-достарымен тірілей байланыс жасауына кедергі келтіреді. Жәй кедергі келтірсе жарайды ғой, олардың еркін алып, айналасындағылармен қарым-қатынастарын үзуге еріксіз мәжбүрлейді. Әлеуметтік желінің қызығына түскен адам туыстарын да, отбасын да, тамыр-таныстарын да естен шығарады.


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны: әлеуметтік және психологиялық әсері
Әлеуметтік желілердің жастардағы тәуелді мінез-құлыққа әсерін талдау
Әлеуметтік желілердің жастардағы тәуелді мінез-құлықты қалыптастыруға әсерін талдау
Әлеуметтік желілер мен ұялы телефондардың пайдасы мен зияны: жасөспірімдерге арналған ұсыныстар
Ғаламтор және әлеуметтік желілер: пайдасы, зияны және балалар қауіпсіздігі
Гаджеттердің пайдасы мен зияны: әсері, қауіптері және қолдану ережелері
Ұялы телефонның пайдасы мен зияны және қауіпсіз пайдалану қағидалары
Интернеттің ауқымды желілері, браузерлер және электрондық пошта: пайдасы мен зияны
Анардың пайдасы мен зияны: емдік қолдану және қарсы көрсеткіштер
Интернет желісі, браузерлер және электрондық пошта: тұжырымдамасы, пайдасы мен зияны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz